Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Э. Азимова: Конституциялық комиссияның алдында айрықша миссия тұр

Э. Азимова: Конституциялық комиссияның алдында айрықша миссия тұр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстан Республикасының Вице-Президентіне өкілді органның депутаты болуға, кәсіпкерлікпен айналысуға және қызметі кезеңінде саяси партияның мүшесі болуға тыйым салу.

Ал жаңадан құрылатын Парламентте, яғни Құрылтайда заң жобаларын 3 оқылымда қарастыру форматын енгізу. Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия алғашқы отырысын өткізіп, елдің басқару жүйесін түбегейлі жаңартуға бағытталған бірқатар батыл ұсыныстарды жария етті. Негізгі басымдық – Ата заңды заманауи сын-қатерлерге бейімдеу, билік институттарының тепе-теңдігін қайта қарау және заң шығару үдерісінің сапасын арттыру. 

Алғашқы отырысы, алғашқы қадам. Бұл - Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші жиыны. Оның құрамы да құр кездейсоқ адамдардан жасақталған жоқ. Оған Парламент депутаттары, мәслихат төрағалары, БАҚ басшылары, қоғамдық белсенділер, мемлекеттік органдар мен өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ сараптамалық және ғылыми қауымдастықтар еніп отыр. Жүктелген міндет ауыр. Елдің мемлекеттілігін нығайтып, дамуына тың серпін беру үшін басты құжат Ата-заңға елеулі өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау. Реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атаған Конституциялық соттың әрі комиссияның төрағасы Эльвира Азимова жауапкершілік жоғары екеніне тоқталды.

Эльвира Азимова, ҚР Конституциялық сотының төрағасы - Конституциялық комиссияның төрағасы:

- Конституциялық комиссияның алдында айрықша миссия тұр – бір жағынан Конституциялық құрылыстың іргелі қағидаттарын сақтай отырып, екінші жағынан заманауи сын-қатерлерге қатысты өз ұстанымымызды лайықты түрде айқындауға мүмкіндік беретін Ата заңның тиісінше теңгерімін қамтамасыз ету. Сіздердің кәсіби тәжірибелеріңіз, отансүйгіштік және салмақты ұстанымдарыңыз барлық ұсыныстарды жан-жақты қарастыруға, оларды жүйелеп қорытуға, еліміздің дамуына қуатты серпін бере алатын нақты әрі сараланған өзгерістер жобасын әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Е. Қарин: Парламентке қатысты ұсыныстардан Конституцияға қатысты ұсыныстар саны 3 есе көп болды

Елдің келешегін айқындап, мемлекетті басқару ісін түбегейлі өзгерту мәселесі жабық кабинеттерде емес, ашық түрде талқылануы керек. Сондықтан да комиссия өзінің алғашқы отырысын бірден тікелей эфирде көрсетті. Әрі реформаға қатысты ұсыныстар тек Жұмыс тобы мүшелерінен ғана емес, сонымен қатар қарапайым азаматтардан да келіп түскені айтылды. Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қариннің сөзінше Парламенттен гөрі Ата заңға қатысты ұсыныстар саны 3 есе көп болды.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары:

- 14 қазанда азаматтардың ұсыныс-пікірін жинақтау үшін e-Otinish және eGov порталдарында «Парламенттік реформа» деген арнайы бөлім ашылды. Парламентаризм институты келіп түскен ұсыныстарды жинақтап, жүйелеумен айналысты.  Жалпы саны конституциялық реформаға қатысты 7 саяси партия, 16 қоғамдық ұйым өз ұсыныстарын жіберді. Ал е-Otinish және eGov порталдары арқылы азаматтар мен қоғам белсенділері тарапынан 600-ден астам ұсыныс түсті.

Е. Қарин: Құрылтай депутаттарына қойылатын қосымша талаптар Конституциялық заңда айқындалуы мүмкін

Айта кету керек, осыған дейін Парламенттік реформа туралы Жұмыс тобы жарты жыл көлемінде ілкімді істер атқарып, 6 бірдей отырыс өткізген болатын. Жиындарда заң шығару органын трансформациялау жөніндегі мәселелер жан-жақты талқыланған. Енді бұл Конституциялық комиссияның құрылуы осыған дейін атқарылған жұмыстардың қисынды жалғасы болып отыр. Себебі Ата заңдағы негізгі өзгеріс Парламентке қатысты. Яғни бір палаталы Парламентке көшу ұсынылған.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары:

- Өздеріңіз білетіндей, Президент жаңа Парламентті Құрылтай деп атауды ұсынды. Бұл бастаманың мән-маңызы – ерекше. Жұмыс тобы Құрылтайда 145 депутат болуы керек деген тоқтамға келді. Қазіргі заң бойынша жасы 25-тен асқан азаматтарымыз Мәжіліс депутаты бола алады. Сондай-ақ олар кейінгі 10 жылда еліміздің аумағында тұрақты тұруы шарт. Ең бастысы елге қызмет етем деген азаматтардың халық қалаулысы атануға мүмкіндігі болуы қажет. Жұмыс тобы қазіргі Мәжіліс депутаттарына қойылатын талаптар Құрылтайға да қатысты болып, сол қалпында қалғаны жөн деген пайымға келді. Ал Құрылтай депутаттарына қойылатын қосымша талаптар конституциялық заңда айқындалуы мүмкін.

Конституциялық комиссия отырысында заң жобаларын 3 оқылымда қарастыру форматын енгізу ұсынылды

Ал Құрылтай депутаттарын сайлау жүйесі енді пропорционалды түрде, яғни тек партиялық тізім арқылы жасау ұсынылып отыр. Демек, саяси ұйымдар арасындағы бәсекелестік күшейе түспек. Ал депутаттар болса 5 жылдық мерзімге сайланбақ. Тағы Президенттік квотаны алып тастап, әйелдер мен жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған партиялық квота сақтап қалу көзделген. Қазір 2 оқылымда қабылданып жүрген заң жобаларын енді 3 кезеңде қарастыру жоспарланған.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары:

- Алғашқы екі оқылымда заң жобасының мазмұны айқындалады. Ал үшінші оқылым заң жобасының заңнамалық тұрғыдан дұрыстығын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, заң шығару үдерісінің үздіксіз болуын қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Парламентте екінші палатаның болмауы бұған кедергі келтірмеуге тиіс. Сондықтан Парламент болмаған кезде заң шығару функциясы мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы – Президентке жүктеледі.

Е. Жиенбаев вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталды

Ендігі бір маңызды өзгеріс – ол Вице-президент институтын енгізу ұсынысы. Бұл бастаманы көтерген Мемлекет басшысы біздің жағдайымызда бұл лауазымды енгізу мемлекетті басқару процесін тұрақтандырады. Сондай-ақ билік иерархиясын біржола айқындап береді деген. Вице-Президентті депутаттардың басым дауысымен Құрылтайдың келісімі арқылы Президент тағайындайды. Ал оны қызметтен босату тек Мемлекет басшысының құзыретінде қалдыру жоспарланған.

Ержан Жиенбаев, ҚР Президентінің Құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі:

- Вице-Президент Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді. Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді. Сонымен қатар Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады. Вице-Президент институтының енгізілуіне байланысты Конституциядан Мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады. Конституция деңгейінде Вице-Президентке қойылатын талаптарды көздеу қажет. Вице-Президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс. Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде Вице-Президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс.

Халық кеңесі халықтың мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган болады

Ал осы күнге дейін табысты жұмыс істеп келген Ассамблея мен Ұлттық құрылтайдың орнын енді Қазақстанның Халық Кеңесі баспақ. Жаңа институт алғашқылардың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастыра бермек. Яғни халықтың мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган болады.

Ержан Жиенбаев, ҚР Президентінің Құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі:

- Халық Кеңесінің мәртебесін Конституцияда бекіту мақсатында онда жеке бөлім көздеу ұсынылады. Біріншіден, Халық Кеңесі Қазақстан Республикасы халқының мүдделерін білдіретін мемлекетіміздің жоғары консультативтік органы екендігі туралы норманы көздеу қажет. Сонымен қатар Президент Халық Кеңесі заң шығаруға бастамашылық ету құқығына ие болуы қажеттігін атап өтті. Бұл да Конституцияда бекітілуге тиіс. Халық Кеңесінің жоғарғы органы жылына кемінде бір рет шақырылатын Сессия болады. Осылайша, Халық Кеңесі Қазақстан Халқы Ассамблеясы және Ұлттық құрылтай тәрізді тұрақты жұмыс істейтін орган болмайды.

 Айта кету керек, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында айтылған бастамалар түпкілікті шешім емес. Соңғы сөз әрине, халықта. Яғни, еліміздің басты құжатына енгізілетін өзгерістер жалпыхалықтық референдумда қабылданады. Демек Конституциялық реформаға қатысты түпкілікті шешімді халықтың өзі айтады.

Авторлары: Риат Шони, Ержан Қанапияұлы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 19:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары