ЕАЭО да Моңғолиямен жасалған келісім аясында жаңа кеден кодтары енгізіледі
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. 2026 жылдың 22 шілдесінен бастап Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), одаққа мүше мемлекеттер және Моңғолия арасындағы Уақытша сауда келісімі күшіне енді. Осыған байланысты сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары үшін тауарларды кедендік декларациялау кезінде қолданылатын жаңа кодтар енгізіледі. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.
Келісім аясында Моңғолиядан немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен шығарылған және одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға тарифтік преференция қолдану үшін жаңа "МЕ" коды қарастырылған.
Ал тауардың шығу тегі туралы EAM нысанындағы сертификат туралы мәліметтерді көрсету үшін "06022" коды енгізіледі.
ЕЭК Алқасының тиісті шешімі ресми жарияланған күннен кейін 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:19
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 08:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















