Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Егістікке зиян келген жоқ: Қазақстанда шегірткеге қарсы күрес аяқталды

Егістікке зиян келген жоқ: Қазақстанда шегірткеге қарсы күрес аяқталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған жүйелі шаралар қабылданып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өсімдіктерге мониторинг жүргізу және қорғаудың заманауи тәсілдерін енгізу, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қабылданған шаралар нәтижесінде елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары толық аяқталды.

Соңғы екі жылда фитосанитариялық қызметті кезең-кезеңімен жаңғырту, заманауи мониторинг технологияларын енгізу және қорғаныс жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру нәтижесінде химиялық өңдеу жүргізілген алқап көлемі 3,1 млн гектардан 1,8 млн гектарға дейін қысқарып, 42%-ға азайды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануына жол берілген жоқ.

Қол жеткізілген нәтижелер зиянкестердің жаппай таралуына ден қою тәсілінен қауіп-қатерді ерте анықтау, ошақтарды жедел оқшаулауға және фитосанитариялық тәуекелдерді алдын алуға негізделген заманауи басқару жүйесіне көшуге мүмкіндік береді.

Биыл химиялық өңдеу жұмыстары агротехникалық талаптарға сәйкес оңтайлы мерзімде 1,8 млн гектар алқапта жүргізілді. Барлық іс-шаралар Үкіметтің фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде қолға алынды.

Реформалаудың басым бағыттарының бірі – өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізуден бастап, химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге дейінгі барлық кезеңді қамтитын сатып алудың бірыңғай кешенді форматына көшу. Бұл түпкілікті нәтижеге жауапкершілікті нақты бір мердігерге жүктеуге, қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру сапасын арттыруға және олардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сонымен бірге айтарлықтай экономикалық нәтижеге қол жеткізілді. 2026 жылы бюджет шығыстары 2 миллиард теңгеге немесе 2024 жылмен салыстырғанда 25%-ға қысқарды.

Саланы жаңғыртудың тағы бір маңызды қадамы – цифрлық трансформациялау. Ауыл шаруашылығы министрлігі нақты уақыт режимінде фитосанитариялық ахуалды бақылауды, фитосанитариялық зерттеу нәтижелерін цифрлық форматта тіркеуді, зиянкестердің таралу ошақтарын бақылауды және жедел басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін FITOCENTRE геоақпараттық жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізді.

Сонымен қатар материалдық-техникалық база айтарлықтай жаңартылды. Мониторинг жүргізу және химиялық өңдеу жұмыстарын орындау үшін, оның ішінде жетуі қиын аумақтарда пайдаланылатын 103 пилотсыз ұшу аппараты сатып алынды. Бүрку техникасының саны 427-ден 556 бірлікке дейін ұлғайтылып, қорғаныс іс-шараларын жүргізудің жеделдігі едәуір артты.

Қабылданған шешімдер нәтижесі тиімділігін толықтай дәлелдеді. Химиялық өңдеу алаңының 42%-ға қысқаруы зиянкестердің таралу ошақтары ерте кезеңде анықталып, уақтылы оқшауланатынын көрсетеді. Соның нәтижесінде қорғаныс шаралары неғұрлым нысаналы жүргізіліп, шығындар азайып, мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігі артты.

Фитосанитариялық қауіпсіздікті одан әрі нығайту жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.

Қазіргі уақытта шекара маңындағы аумақтардағы фитосанитариялық жағдай тұрақты. Шегіртке зиянкестерінің көшу жағдайлары тіркелген жоқ. Барлық қажетті техника шекара маңындағы аумақтарға шоғырланған және қорғаныс іс-шараларын жедел жүргізуге дайын.

Ауыл шаруашылығы министрлігі фитосанитариялық ахуалға үздіксіз мониторинг жүргізіп, жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Шілде 2026 19:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары