Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Екі ел университеттері арасындағы әріптестік

Екі ел университеттері арасындағы әріптестік

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлемнің жетекші оқу орындарының филиалын еліміздің іргелі жоғары оқу орындарының жанынан ашу туралы тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау мақсатында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасынан Түркияның айтулы оқу ордаларының бірі – Гази университетінің филиалын ашу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Жуырда осыған байланысты түркиялық Гази оқу орнының ректоры Угур Унал бастаған делегация Шымкентке арнайы іссапармен келді. Қо­нақ­тар жұмыс сапары барысында қала әкімі Ғабит Сыз­дықбековпен кездесті. Жүз­десу барысында тараптар филиал ашу жұмысын үй­лестіру мен барлық қажетті дүниелермен қамтамасыз ету мәселесін талқыға салды. Түркиялық университет бөлімшесі студенттер қабылдап оқыту үшін де тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі керек. Қала әкімі өз сөзінде бұл бастама Мемлекет басшысының білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін шетелдің алдыңғы қатарлы университеттерінің филиалдарын ашу керектігі жөнінде берген тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқанын жеткізді. Со­нымен бірге шаһар басшысы Гази университетінің Шымкенттегі филиалы білім сапасын арттыруға, ха­лықаралық академиялық ынтымақтастықты да­мы­туға, еліміз бен Түркия арасындағы достық байланысты нығайтуға зор үлес қосатынына сенім білдірді. Айта кету керек, Гази университеті – Түркия­ның ең ірі әрі беделді оқу орындарының бірі. Ол сондай-ақ «QS World Univer­sity Rankings by Subject 2024» рейтингісінде «Білім беру және кадрларды даяр­лау» бағыты бойынша 36-орын иеленген. Бұл атал­ған оқу ордасының әлем­дік деңгейдегі беделін көрсетеді.

Түркияның делегациясы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев бастаған ұжыммен де кездесті. Ә.Нұр­таев қонақтарды уни­верситеттің тыныс-тір­ші­лі­гімен таныстырды. Гази оқу ордасынынң өкілдері Жәнібеков университетіндегі археологиялық орталықтың мамандары зерттеп, жасақ­таған ежелгі дәуір жәдігер­лері арқылы қазақ халқының бай мұрасы мен тарихына қанықты.

Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректоры міндетін атқарушы Ә.Нұртаев қонақ­тармен ресми жүз­десуде беделді оқу орны бөлім­шесінің Шымкенттен ашылуы мықты кадр даяр­лау ісіне үлкен серпін бе­ретінін жеткізді. Ө.Жәнібеков университеті бұрыннан педагогтер даярлаудың ұс­та­ханасы еді. Енді жаңа филиал­мен болашақ ұстаздарды түлетіп ұшыруда жаңа сапалы деңгейге көтеріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да көздеген мақ­саты осы болатын. Яғни шетелдік айтулы оқу орындарымен әріптестік байланысты нығайту арқылы өзара тәжірибе алмасып, білікті де білімді мамандарды оқытып шығару. Гази университетінің филиалы – Мемлекет басшысының сол бастамасының алғашқы қарлығашы.

«Екі ел Президентінің келісімімен Гази университеті филиалының ашылуы біз үшін мәртебе және зор жауапкершілік. Өйткені бұл жобаның сәтті жүзеге асып кетуіне бірінші кезекте біз мүдделіміз. Себебі қазақ еліне әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын кадр мен оларды тәрбиелеп шығаратын ха­лықаралық тәжірибе керек. Оны бізге ұсынатын, бұл тұрғыда жан-жақты қолдау көрсете алатын бауырлас елдің Гази университеті. Сондықтан білім жағынан өзара ын­тымақтастық пен байланыс­ты филиал жұ­мысының аясында күшейтеміз. Мұндай баста­маның қолдау тауып сәтті іске асып жатқанына өте қуаныштымыз. Педагогика саласына мемлекет ерекше көңіл бөле бастады. Соның бірі бүгінде мұғалімдердің әлеуметтік мәселесі түбегейлі шешілген десек болады. Ұстаздарға арналған арнайы заң қабылданып, олар­дың құқығы жан-жақты қорғалып отыр. Соның нәти­жесінде кейінгі жылдары педагогтер мәртебесі мен беделі жоғарылай түсті. Ал бұл өз кезегінде мектеп түлектерінің педагогикалық мамандық таңдауға деген құл­шыныстарын оятты. Ендігі кезекте сапалы кадр даярлау ісіне көңіл бөлуіміз керек. Елімізді келешекте өрге сүйрейтін, жарқын болашаққа бастайтын әртүрлі саланың мамандары. Оларды оқытатын, жастайынан сауатын ашып білім беретін мұғалімдер. Сондықтан бірінші кезекте оқытушының тәжірибесі мен біліктілік деңгейі жоғары болуға тиіс. Ол оқушының немесе студенттің білімге деген ынтасын оятып, іште бұлқынып жатқан талантын аша білуі керек. Осы мақсаттың төңірегінде түр­киялық әріптес бауырлармен тізе қосып, иықтаса бірге жұмыс істейміз деген ойдамын. Түбіміз бір түркі халықтары болғандықтан, дәстүріміз бен дініміз де ортақ. Алдағы уақытта бір­лескен жұмыс нәти­жесінде екі ел болашағы үшін бәсекеге қабілетті мықты мамандар даярлаймыз деп сенемін», деді Ә.Нұртаев.

Өз кезегінде Гази универ­ситетінің ректоры Угур Унал филиалдың құрылуына себеп болған екі ел Президентінің достық қарым-қатынасы мен соның аясында жасалған келісімшарттар екенін мә­лімдеді. Оның айтуынша жоғары оқу орындары арасында әріптестік байланыс­тар әрдайым болады. Ал қосымша филиалдың ашылуы сол қарым-қатынастың ең биік шыңы деген ойын жеткізді. Бұл ретте Гази университетінің бөлімшесі Қазақстанның білім саласы нарығындағы сұранысқа сай білікті мамандар даярлау ісімен айналысатын болады.

Қазіргі таңда Қазақстан тарапынан филиалды әді­лет органдарына тіркеу жұмысы жүріп жатыр. Іссапар аясында филиал жұмы­сын реттейтін екіжақты келісім­шартқа қол қойылды. Келі­сім­­шартта филиалға білім­гер қабылдау тәртібі мен шарттары, олардың оқу үлгеріміне сай ауысу шарттары, филиалды басқару формасы, қаржыландыру тетіктері, инфрақұрылыммен қамта­масыз ету, қызметкер алу және диплом беру сияқты негізгі мәселелер қамтылды. Осыған байланысты еліміздің заңнамасына сай келетін кейбір қосымша ережелер мен регламенттер қосымша дайындалу үстінде.

Түркиялық делега­ция­ның келуіне орай ұйым­дастырылған ғылыми кеңес мәжілісінде Гази универ­ситетінің ректоры Угур Унал­ға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дің құрметті профессоры атағы берілді.

 

ШЫМКЕНТ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 10:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары