Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ел қамбасындағы астық еселенді

Ел қамбасындағы астық еселенді

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Еліміз биыл егін науқанын абыроймен аяқтап, қамбаға мол астық құйды. Дала еңбегінің берекесі тасып, 27 млн тоннаға жуық өнім жиналды. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов биылғы жиын-терімнің нәтижесін жариялап, ауыл шаруашылығын қолдауға мемлекет барынша қолдау білдіргенін айтты. Сондай-ақ жиында бұқаралық спорт тақырыбы да қаралды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай кейінгі жылдары ауыл шаруашылығын қолдау айтарлықтай арта түсті. Биыл жеңілдікпен қаржыландыру, лизингті қоса есептегенде, 1 трлн теңгеге жеткен. Диқандарға тұқым, арзандатылған жанар-жағармай, тыңайтқыш толық жетті.

«Егіншілерімізге қажырлы әрі адал еңбектері үшін ризашылығымызды білдіреміз. Көріп отырғандай, жер жағдайы мен қолайлы ауа райы ғана емес, агротехнологияларды толық сақтау да үлкен табысқа жеткізеді. Дұрыс агротехнология – жақсы егіннің кепілі. Сонда ғана біздің өнімдеріміз экспорттық нарықтарда бәсекеге қабілетті болады», деді О.Бектенов.

Премьер-министр егін науқанының табысына ауа райы ғана емес, жаңа тәсіл мен білім себеп болғанын да айтты. Оның айтуынша, қазіргі аграрлық сала бұрынғыдай тек күшке сүйенетін сала емес, ұдайы ойлануды, зерттеуді қажет ететін күрделі еңбек.

Үкімет отырысында астықты сақтау, өңдеу, сондай-ақ жаңа нарықтарға шығару бағыттары да талқыланды. Барлық астық қабылдау орындары тұрақты жұмыс істейді. Теміржол тасымалы ретімен ұйымдастырылады. Өнім сапасы бақылауда болады. Жамбыл мен Түркістан өңірлерінде жүгері өңдеу, елордада крахмал өндіру, солтүстік облыстарда лизин, глютен және биоэтанол өндірістерін дамыту жоспарланып отыр. Бұл бастамалар елімізді жай ғана астық сататын ел емес, қосылған құны жоғары өнім шығаратын мемлекетке айналдыруға бағытталған.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында 2025 жылғы егін жинау жұмыстарының нәтижесін баяндады. Оның айтуынша, аяқталған маусым ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты өсімін көрсетті. Биыл дәнді дақылдармен бірге бұршақты әрі майлы дақылдар бойынша да рекорд жаңарды. Бұл дақылдарға егіс алқаптарын әртараптандыру аясында ерекше көңіл бөлінді.

Министр ел көлемінде астық жинау аяқталғанын мәлімдеді. Қазіргі мәлімет бойынша 16 миллион гектар алқаптан өнім алынды. Орташа өнімділік гектарына 17 центнер болды. Қамбаға жалпы 27 млн тонна астық құйылды. Оның ішінде 12 млн 200 мың гектар жерден 20 млн 300 мың тонна бидай жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллион тоннаға артық. Бидай алқабы 900 мың гектарға қысқарса да, өнім көлемі көбейді.

Биыл 4 млн тонна арпа алынды. Бұршақ дақылдарының түсімі алғаш рет 1 млн тоннаға жетті. Майлы дақылдар бойынша да рекорд жаңарды. Қазір 4 млн 300 мың тонна өнім жиналды. Жинау жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар 2 млн 900 мың тонна картоп, 3 млн 800 мың тонна көкөніс пен 2 млн 600 мың тонна бақша өнімдері алынды. Мақта шаруашылығы да жоғары нәтиже көрсетті. Тамшылатып суару арқылы кейбір шаруашылықтар гектарынан 50 центнер өнім жинады. Жалпы, орташа өнімділік 30 центнер деңгейінде қалыптасты. Барлығы 428 мың тонна шитті мақта өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42 пайызға көп.

«Бұл маусым ауылдың әлеуетін ашық көрсетті. Жерге көңіл бөлсек, озық тәсіл қолдансақ, нәтиже осындай болады. Фермерлер жаңалықтан қашпай, жаңа технологияға бейімделіп келеді. Қарап отырсақ, ауа райы ғана емес, адамның ойы мен еңбегі де табысқа жетелейді. Егіс алқаптарын әртараптандыру өз жемісін бере бастады. Бір дақылға қарап қалмай, сұранысы жоғары бағыттарға бет бұрған дұрыс екенін дәлелдедік. Ауыл еңбегін бағалау керек. Жерге көңіл бөлу, әрбір алқапты зерттеп егу және ғылыми ұсынысты ескеру маңызды», деді А.Сапаров.

Министр көктемгі егісті ерте қаржыландыру дәстүрі жалғасатынын айтты. Вегетациялық маусым қорытын­дысы бойынша 1 млн 800 мың тонна минералдық тыңайтқыш енгізілді. Бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 56 пайызын құрайды. Элиталық тұқым үлесі 9,5 пайыздан 11,5 пайызға дейін өсті.

2026 жылғы көктемгі дала жұмыстары­на өтінім қабылдау 1 қазанда басталды. Қараша айының ортасынан бастап шаруа­ларға бір кепілмен жыл сайын несие алуға мүмкіндік беретін револьверлік кредит жүйесі іске қосылады. Жеңілдетілген лизинг аясында техника жаңарту да жанданып келеді. Бағдарлама көлемі 250 млрд теңгеге жетті. Соның нәтижесінде техника тозуы екі жылда 80 пайыздан 70 пайызға төмендеді.

«Ерте қаржыландыру жүйесі шаруа­ның тынысын ашты. Енді бір кепілмен айналып келетін кредит тетігін енгізіп отырмыз. Яғни фермер жыл сайын қайта кепіл қоймай, тұрақты қаржыға қол жеткізеді. Мұндай қолдау ауылды қуат­тандырады. Техниканы жаңарған сайын уақыт үнемделеді. Өнім сапасы артады. Осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Ауыл экономикасы бір маусыммен өлшенбейді. Қаржы, техника, білім және жауапкершілік бірге жүргенде ғана тұрақты нәтиже болады», деді министр.

Астық өндірісі ішкі қажеттілікті толық жауып отыр. Сонымен қатар экспорт көлемі айтарлықтай артты. Өткен маусымда экспорт 47 пайызға өсіп, 13 млн 400 мың тонна болды. Мұндай өсімге экспортты субсидиялау бағдарламасы ықпал етті. Бағдарламаның мерзімі 2026 жылғы қыркүйекке дейін ұзартылды.

«Отандық астық Еуропаның және Таяу Шығыстың бірқатар еліне жөнелтілді. Биылғы жаңа өнімнен 2 млн 200 мың тонна астық экспортталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артық. Астықты терең өңдеу бойынша 5 ірі жоба іске асып отыр. Осы жобалар аясында нарыққа қосымша 2 млн 500 мың тонна астық бағытталмақ. Қазақ астығын әлем таниды. Биыл біздің өнім Белгия, Португалия, Норвегия, Ұлыбритания, Вьетнам және Біріккен Араб Әмірліктеріне жеткізілді. Батыс та, Шығыс та сапаны мойындап отыр. Енді астықты терең өңдеу бағытын күшейтеміз. Бұл ауылға қосымша табыс әкеледі. Ішкі қорымыз толық. Халыққа жетеді. Экспорт та жалғасады», деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Ақмола облысының 900 ден астам фермері 118 млрд теңгеге қолдау алып, мол өнім берді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бұрын болмаған нәтижеге қол жеткізгенін хабарлады. Ақмола облысында рекордтық 7,6 млн тонна дәнді дақылдар мен бұршақты дәнді дақылдар жиналған. Орташа түсім гектарынан 16,3 центнерді құрады. Ал Қостанай облысында 6,7 млн тонна бидай жиналды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзінше, биыл 4,1 млн га алқаптан 6 млн 734 мың тонна бидай жиналған. Орташа түсім гектарынан 16,5 центнерді құраған. Майлы дақылдардан 839 мың гектар жиналған. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов биыл 3 млн гектар алқаптан 6,5 млн тонна астық жинағанын айтты.

Елімізде қазір 2026 жылғы егін науқанына дайындық басталып кетті. Егіс құрылымын алдын ала жоспарлау жүріп жатыр. Әртараптандыру бағыты жалғасады. Суды көп қажет ететін дақылдар азайтылады. Жоғары табыс­ты дақылдарға басымдық беріледі. Фермер­лерді қаржыландыру мерзімінен бұрын іске асты. Облыстар 2 млн 300 мың тонна ми­нерал­ды тыңайтқыш қолдануға тиіс. Қара­жат ашық әрі әділ бөлінеді. Жалпы, үй­лестіру Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге тапсырылды. Жиын соңына қарай О.Бектенов ауыл ең­б­егін жалпы ел мүддесімен сабақтастырды.

Сонымен қатар Үкімет отырысын­да спорт инфрақұрылымын дамыту мен бұқаралық спортты қолдау мәселе­лері қаралды. Онда Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының бас хатшылары Дэвид Лория, Қазақстан су спорты федерациясы, Олимпия ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин, «Сана спорт» отбасылық спорт орталығының құрылтайшысы Руслан Ахметов баяндама жасады. 

Премьер-министр басты мақсат халық­тың спортпен қамтылу деңгейін арт­тыру және кәсіпқой спортшылар даярлау үшін қажетті жағдай жасау екенін атап өтті.

«Әрбір отандасымыздың өмір салтына айналуға тиіс спорттың дамуы Мемлекет басшысының үнемі назарында. Бұл орайда еліміздің барлық өңірінде спорттық инфрақұрылым мен бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.  Басты мақсат – халықтың дене шынықтыру және спортпен қамтылу деңгейін арттырып, кәсіпқой спортшыларды даярлауға қажетті жағдай жасау. Барлық өңірде спорт инфрақұрылымын біркелкі дамытып, тұрғылықты жерлерге жақын спорт алаңдарының желісін құру қажет», деді О.Бектенов.

Жалпы, еліміздегі спорт нысандары­ның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Былтырдың өзінде 90 нысан бой көтерсе, оның 61-і ауылдық жерлерде са­лынды. Биыл тағы 102 нысан пайдалануға беріліп, жұмыс аяқталатын болады. Спорт мектеп-интернаттарының дамуына ерекше көңіл бөлінді. Бірқатар өңірде, мысалы, Ұлытау, Абай, Алматы және Қостанай облыстарында әлі күнге дейін мұндай мекемелер жоқ. Үйлестіру жұмыстары Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 08:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары