Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Елде ветеринария мамандығы бойынша мемлекеттік гранттың үлесі 2 есе азайған

Елде ветеринария мамандығы бойынша мемлекеттік гранттың үлесі 2 есе азайған

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бүгінгі Мәжіліс отырысында Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері  Жанарбек Әшімжан, Аманжан Әлтай, Қазыбек Әлішев елдегі ауыл шаруашылығы мен ветеринария саласында білікті кадрлардың тапшылығы мәселесін көтеріп, Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады. 

Жанарбек Әшімжанның айтуынша, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы – бұл еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылығының басты көрсеткіші. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – ауыл шаруашылығы мен ветеринариядағы білікті кадрлардың тапшылығы. 

 –  Аграрлық жоғары оқу орындарына негізінен ауыл жастары түсетіні белгілі. 2025 жылы мектеп бітіруші түлектердің саны 217 мыңнан асты. Мектептердің басым бөлігі, яғни 67,4%-ға жуығы ауылдарда орналасқан. Сонымен қатар жоғары білімге деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді, 2025 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ға 187 мыңға жуық талапкер қатысты. Алайда аграрлық мамандар дайындау саласындағы мемлекеттік саясатта түйткілді мәселелер бар.

Соңғы 10 жылда елімізде мемлекеттік білім беру гранттарының саны 2,5 есеге ұлғайғанымен, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және ветеринария мамандықтары бойынша мемлекеттік гранттың үлесі 2 есе азайып,  8,5%-дан 4,2%-ға дейін қысқарды. Атап айтқанда, 2025 жылы «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» бағыты бойынша мемлекеттік білім беру гранттарының саны 16%-ға (2024 ж. – 2 331, 2025 ж. – 1 969), оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 37%-ға (2024 ж. – 600, 2025 ж. – 376), мал шаруашылығы – 23%-ға (2024 ж. – 500, 2025 – 384) қысқарды. Аталған салалар ауыл шаруашылығының негізгі бағыттары болғанына гранттар саны жыл сайын азаюда, –  деді Жанарбек Әшімжан.

Аманжан Әлтайдың айтуынша, бұл ел Президентінің агроөнеркәсіп кешенін экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналдыру және биологиялық қауіпсіздіктің негізі ретінде ветеринарлық қызметті дамыту туралы тапсырмаларына тікелей қайшы келіп отыр.  

– Осы орайда әлеуметтік факторларды да атап өткен жөн.  Қазір аграрлық және ветеринариялық мамандықтарда оқитын студенттердің шәкіртақысы 52 мың теңгені құрайды, бұл педагогикалық және медициналық бағыттармен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ауылдық жердегі отбасылардың табысы тұрақсыз. Мұндай жағдайда балаларды қалада оқыту қиямет-қайым. Нәтижесінде, мемлекет агроөнеркәсіп кешенін басым бағыт деп жариялағанымен, ауыл жастарының аграрлық білім алуына қажетті жағдайлар жасалмай отыр.

Жоғары білікті мамандар даярлауда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің оң тәжірибесін мысал ретінде келтіруге болады. 2023 жылы университетке ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты 4 жетекші ғылыми-зерттеу институты мен 1 тәжірибелік шаруашылық сенімгерлік басқаруға берілді. Қысқа мерзім ішінде нысаналы индикаторлардың 97%-ына қол жеткізілді, ғылым, білім және өндірістің нақты интеграциясы қамтамасыз етіліп, ғылыми жобаларды қаржыландыру көлемі шамамен 2 есе артты, өңірлерде цифрлық шешімдер мен ғылыми-зерттеулердің нәтижелері белсенді түрде енгізілуде, – деді ол.

Депутаттың сөзін қуаттаған Қазыбек Әлішев Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің 2026-2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы қайта қаралып, қаржыландыруы көзделгенімен, оны бекіту үдерісі созылып отырғанын айтты.

– Сонымен қатар ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелік шаруашылықты сенімгерлік басқару шарттарының шектеулі мерзімі ұзақмерзімді ғылыми және инвестициялық жобалардың жүзеге асуына кедергі келтіреді. Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, ауылдың әлеуетін арттыру, түйіп айтқанда Президент тапсырмаларын нақты орындау үшін мына қадамдарды жүзеге асыру керек: 

1) «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» бағыттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта қарап, гранттар санын арттыруды;

2) Аграрлық және ветеринариялық мамандықтар студенттерінің шәкіртақы мөлшерін педагогикалық және медициналық бағыттардағы шәкіртақылармен теңестіруді;

3) Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің 2026-2030 жылдарға арналған даму бағдарламасын жедел түрде бекітуді;

4) Басталған  инвестициялық жобаларды аяқтау үшін 4 бейіндік ғылыми-зерттеу институты және 1 тәжірибелік шаруашылықты сенімгерлік басқару шарттарының мерзімін 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуды сұраймыз, – деді Қазыбек Әлішев.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қаңтар 2026 12:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары