Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

Ербол Хамитовқа, қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына қанша сыйақы төленгені белгілі болды

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

75 тің ісі : Прокурорлар Қамшыбек Ташиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді

3000 ересек қазақстандықты бір айға армияға әкетеді бұл кімдерге қатысты емес

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарымен қоштасты

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

Қазақстан AI экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

​Еуропаға қашқан Қазақстан азаматы елге қайтарылды

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынды

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

Астанада Асыл мұра ауқымды концерті өтеді

Оқуға түсіремін деп 32 талапкерді сан соқтырған күдікті Албанияда ұсталды

Әнші Жанар Айжанова екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты (видео)

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

Әлеуметтік гранттың өтеуі бар ма?

Әлеуметтік гранттың өтеуі бар ма?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Әрбір қатысушы 8 шілдеге дейін Business.enbek.kz порталында өтінім қалдырады. Ары қарай кімге беріп, кімге бермейтінін комиссия шешеді. Грант мөлшері – 400 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 730 000 теңге. Мемлекет бұл ақшаны қайтарымсыз негізде береді және оны алған әрбір азамат жаңа бизнес-идеясын іске асыруы қажет. 

Бұл бастаманың азаматтардың кәсіпкерлікке қадам басуына мүм­кіндік беріп, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағыт­тал­ғаны түсінікті. Алайда жыл сайын бөлінетін миллиардтаған қар­жының тиімділігі мен нақты нә­тижесі қандай?

Кәсіпкерлікті қолдауға арнал­ған бұл гранттар 2018 жылдан бастап беріліп келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сәйкес, осы уақыт аралығында 164 671 адам мемлекеттік қолдауға ие болған. 2018 жылы – 3076, 2019 жылы – 40 066, ал 2020 жылы – 42 770 адам қайтарымсыз грант алған болса, соңғы үш жылда бұл сан 9 мың адамның шамасына тұрақ­таған. 

Гранттарға бөлінген қаражат көлемі де ауқымды. Мысалы, 2018-2025 жылдары бюджеттен 127,6 млрд теңге қарастырылған болса, оның 93,4 пайызы иге­ріл­ген. Бұл қаржыландыру жағынан мәселе жоқ екенін көрсетеді.

Бақылау күшейтілді, талдау ше?

Бұған дейін грант алған азаматтардың бизнесі бір жыл ғана бақылауда болған еді. Енді 2026 жылдан бастап мониторинг мерзімі екі жылға ұзартылады. Бұл да маңызды қадамның бірі. Себебі көптеген жоба алғашқы жылы ғана жұмыс істеп, кейін тоқтап қалатыны жасырын емес.

Мониторингті еңбек мобиль­­ділігі орталықтары жүргізеді. Дегенмен сарапшылар бұл бақы­лаудың формалды сипатта қалу қаупін жоққа шығармайды. Себе­бі осы кезге дейін грант алған 164 671 адамның кәсібі мен та­бысына толық әрі ашық монито­ринг жасалмаған. Сондай-ақ ол адамдардың барлығы бірдей жеке кәсіпкер болып, бизнесін дөңге­летіп отыр деп те сеніммен айта алмаймыз. Қазақта «құмнан қыл арқан еседі» дейтін бейнелі сөз бар. Дәл сондай, аз ақшаны ұқсата білетін адамдар болмаса, мына заманда 400 АЕК айналасындағы ақшамен кәсіп бастау да, дамыту да оңай емес екенін әркім де түсінетін шығар. Әйтсе де, ауызды қу шөппен сүртуге тағы болмайды. Өйткені ел ішінде дәл осы қай­тарымсыз грант арқылы кәсіп ашып отырған азаматтар да бар.

Басты талаптар қандай?

Грант алу үшін міндетті талап­тардың бірі – «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу. Бұл курс болашақ кәсіпкерлерге бизнес жүргізудің негіздерін үйретуге бағытталған. Онда салық төлеу, кә­сіпті тіркеу, нарыққа шығу жол­дары түсіндіріледі.

Алайда тәжірибеде бұл курс­тың тиімділігі туралы пікір екі­ұшты. Кейбір қатысушылар оны пайдалы десе, енді бірі тек «грант­қа жетудің формалды шарты» ретінде қабылдайды. Бұл бағдар­ламаның сапасын арттыру – өзек­ті мәселелердің бірі.

Ал енді грантты алу жолын­дағы ең негізгі өткелге келейік. Ол, әрине арнайы комиссия. Грант беру шешімін арнайы ко­миссия қабылдайды. Комиссия кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалдары өкілдерінен, қо­ғам­дық бірлестіктер мен БАҚ өкіл­дерінен, сондай-ақ сарапшылар­дан жасақталады. Комиссия үміт­кердің бизнес-жобасын 5 не­гізгі өлшем бойынша бағалай­ды. Атап айтқанда, жоба бәсекеге қабілеттілік, нарықтың пысық­талуы, қаржылық өміршеңдік, кәсіпкердің дағдысы және жұмыс орындарын құру мүмкіндігі се­кілді өлшемдерге сай келуі керек. Комиссия отырыстары тікелей эфирде көрсетіледі, бұл ашық­тық­ты қамтамасыз етуге бағыт­талған. Дегенмен қоғамда «бар­лығы әділ өте ме?» деген сұрақ әлі де бар. Себебі шешім қабылдауда адами фактордың ықпалы толық жойылған жоқ.

Грантты жетілдіру жолдары

«Министрлік биыл қайтарым­сыз грантты беру үшін бірқатар өзгеріс енгізді. Атап айтқанда, еңбек мобильділігі орталықтарына грант алушылар туралы ақпаратты ашық дереккөздерде жариялау туралы құзыреттілік беру, грант алуға үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейту, конкурстық комиссиялардың ашықтығын қамтамасыз ету, грант алуға үміт­керліктен кірісі бар немесе мем­ле­кеттен өзге де қаржылай көмек алатын адамдар мен салық орган­дарында дара кәсіпкер ретінде бір жылдан астам есепте тұрған кә­сіп­керлерді алып тастау, грант­тардың нысаналы жұмсалуына мониторинг жүргізу тетіктерін күшейту, грант алушылардың есеп тапсыру мерзімін 1 жылдан 2 жыл­ға дейін созу, грант алушы­ларға грант алған күннен бастап 18 ай ішінде кемінде 1 жаңа жұмыс орындарын ашуды міндеттеу секілді өзгерістер бар», – дейді ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің басқарма басшысы Аяулым Берекенова. 

Жалпы, сарапшылар арасында «грант алушылар санын азайтып, қаржы көлемін көбейту керек» деген пікір де бар. Бұл тәсіл әрбір жобаға тереңірек қолдау көрсетуге мүмкіндік берер еді. Алайда бұл әлеуметтік қамту ауқымын та­рылтуы мүмкін.

Мемлекеттік бағдарлама 2029 жылға дейін жалғасады деп жос­парланып отыр. Яғни жыл сайын шамамен 9 мың адамға 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант беру көзделген.

Әлеуметтік осал санаттағы топ­ты қолдау – әлеуметтік саясат­тың маңызды бағыты. Бірақ оның тиімділігі бөлінген қаржы көлемі­мен емес, нақты нәтижемен өл­ше­нуге тиіс. Яғни қанша адам кә­сіп­кер атанды, қаншасы тұрақ­ты табысқа шықты, қанша жұмыс орны ашылды – басты көрсет­кіштер осы.

Грант – мүмкіндік. Бірақ ол тек қаржы беру емес, сапалы бі­лім, нақты бақылау, нарыққа шы­ғу тетігі сынды толыққанды жүйе құрауы керек. Әйтпесе, бұл бас­тама уақытша қолдау шарасынан әрі аспай қалуы мүмкін.

Бота ТҰРАРБАЕВА,

жеке кәсіпкер: 

– Үйде декреттік демалыста отыр­ғанда «Бастау Бизнес» сер­тификатын алып, қосымша фуд-флорист курсынан өттім. Бала­лардың жәрдемақысына жұмыс үшін қажет нәрсенің бәрін сатып алып, гүл шоқтары мен компози­ция­лар жинай бастадым. 2023 жы­лы гранттық конкурсқа қаты­сып, 400 АЕК грантын жеңіп ал­дым. Алын­ған қаржыландырудың арқа­сында мен жабдықты сатып алып, жобаны іске асыруға кіріс­тім. Бас­тапқыда үйде жұмыс істе­дім және сыйлықтарды әлеуметтік желі ар­қы­лы саттым. Қазір өз бизнесімді ке­ңейтіп, Botadan syi студиясын аштым. 

Өз дағдыларымды дамыту үшін кондитер, шоколад, үй зе­фирі және басқа да бизнесті да­мы­ту курс­тарынан өттім. Қазір мен кәсіп­кер­мін, қаржылық жа­ғынан тәуел­сізбін, тағы екі әйелді жұмыспен қамтамасыз еттім, сүйікті ісім фуд-флористикамен айналысамын және басқаларды оқытамын. Мемлекетке маған қолдау көрсет­кені үшін алғыс айтамын.

Андрей ЗЕЛЕВСКИЙ,

жеке кәсіпкер:

– Маған полимер қалдық­та­рын қайта өңдеуді неліктен таң­дағаным туралы жиі сұрақ қо­йы­ла­ды, бәрі өте қарапайым – мен өмірді, айналамдағы әлемді жақсы көремін және қоқысқа сүрінгенде қатты қынжыламын. Осы орайда мен мүгедектігі бар жандарға ар­налған тактильді бағыттауыш­тар­ды шығаратын желіні іске қостым.

«Бастау Бизнес» бағдарла­ма­сына қатысу менің өмірімді тү­бегейлі өзгертті. Мен кәсіпкер бол­дым, өзім армандаған кәсіп­пен айналысып жатырмын, қар­жылық жағынан тәуелсіз және өзіме сенімді адаммын, болашаққа үлкен жоспарларым бар.

Саида ТІЛЕУЛЕНОВА,

Qazaq Expert Club қаржыгері:

– Бүгінде Қазақстанда 1 730 000 теңге – шағын бизнес бастауға жет­­кілікті бастапқы капитал. Әрине, мұндай қаражат ірі өндіріс ашуға немесе құрылыс жобасын жүзеге асыруға жетпейді. Бірақ шағын кә­сіптің көптеген түрін артық қа­рыз­ға батпай-ақ бастауға мүмкіндік береді.

Алайда бизнестің табысты болуы тек бастапқы капиталдың көлеміне байланысты емес. Эко­номикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) дерек­теріне сәйкес, шағын кәсіпорын­дардың жабылуына көбіне қар­жының жетіспеуі емес, бас­қа­ру­дағы қателіктер, нарықты дұрыс бағаламау, қаржыны тиімді жос­парлай алмау және өнімге не қызметке сұраныстың төмен бо­луы себеп болады.

Яғни ақша кәсіп ашуға мүм­кіндік бергенімен, оның табысты болатынына кепілдік бермейді. Егер кәсіпкер өнімнің өзіндік құнын есептей алмаса, ақша ай­налымын дұрыс басқармаса не­месе клиентпен жұмыс жүргізе алмаса, бірнеше миллион теңге­нің өзін қысқа уақыттың ішінде жоғалтып алуы мүмкін.

Керісінше, өз ісін жетік бі­летін кәсіпкер шағын капиталдың өзін біртіндеп еселей алады. Сон­дықтан кәсіп бастағанда қара­жатты тек құрал-жабдыққа немесе ғимаратқа ғана емес, өз біліміңізді арттыруға да жұмсаған жөн. Мар­кетингті, қаржылық басқаруды, цифрлық технологияларды және сатудың заманауи тәсілдерін меңгеру – ұзақмерзімді табыстың басты кепілі.

Жалпы, Қазақстан эконо­микасы үшін шағын және орта бизнестің маңызы зор. Ұлттық статистика бюросының мәліме­тінше, еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жалпы ішкі өнімнің шамамен 39 пайызын қалыптастырады және миллион­даған азаматты жұмыспен қамтып отыр. Сондықтан әрбір табысты кәсіп – тек оның иесіне емес, тұтас ел экономикасына, жұмыс­пен қамту деңгейінің артуына және бюджетке түсетін салық көлемінің өсуіне қосылған үлес.

Айгүл СЕЙІЛ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:18
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 23:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

28 Маусым 2026 13:14see111

Ербол Хамитовқа, қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына қанша сыйақы төленгені белгілі болды

29 Маусым 2026 20:49see111

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

28 Маусым 2026 11:04see110

75 тің ісі : Прокурорлар Қамшыбек Ташиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

29 Маусым 2026 18:42see108

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді

29 Маусым 2026 10:00see108

3000 ересек қазақстандықты бір айға армияға әкетеді бұл кімдерге қатысты емес

29 Маусым 2026 12:56see107

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарымен қоштасты

29 Маусым 2026 12:57see107

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

28 Маусым 2026 18:15see107

Қазақстан AI экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

29 Маусым 2026 11:02see106

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

29 Маусым 2026 11:02see106

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

28 Маусым 2026 13:08see105

​Еуропаға қашқан Қазақстан азаматы елге қайтарылды

29 Маусым 2026 18:04see105

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

28 Маусым 2026 11:47see104

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынды

29 Маусым 2026 17:49see103

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

28 Маусым 2026 11:41see103

Астанада Асыл мұра ауқымды концерті өтеді

29 Маусым 2026 23:54see102

Оқуға түсіремін деп 32 талапкерді сан соқтырған күдікті Албанияда ұсталды

29 Маусым 2026 10:14see102

Әнші Жанар Айжанова екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты (видео)

30 Маусым 2026 00:07see101

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

28 Маусым 2026 17:33see101

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

28 Маусым 2026 06:32see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары