Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?

Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Кейінгі жылдары елімізде кеңес заманында халқымыздың бойына батпандап кірген әлеуметтік дерт – маскүнемдікке қарсы күреске ерекше мән беріліп отыр. Осы мәселеге қатысты заңнаманы ұдайы жетілдіру, саламатты өмір салтын орнықтыру іс-шараларын іске асыру дені сау ұлт қалыптастыруды көздейді.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

2014 жылы елімізде алкогольді ішім­діктерді сату уақыты шектелді. Күш­ті­лігі жоғары арақ-шарапты дүкенде сағат 21:00-ден 12:00-ге дейін, ал спирттік мөлшері аз сусындарды 23:00-ден 08:00-ге дейін сатуға ты­йым салынды. Мұндай шектеу бұрын жұмыс күндері сағат 23:00-ден 08:00-ге дейін, демалыс күндері 00:00-ден 08:00-ге дейін қолданылатын. 2020 жылы спиртті ішімдіктерді 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тос­қауыл қойылды. Оған дейін бұл шек­теу тек 18 жасқа толмағандарға қатысты еді.

2019 жылы масаң күйде көлік жүр­гізгендерге қолданылатын жаза ай­тар­лықтай қатайтылды. Осындай құқықбұзушылыққа жол бергендер көлік жүргізу құқығынан 7 жылға дейін айырылып, 15 тәулікке дейін міндетті түрде әкімшілік қамауға алынады. Масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзып, жол-көлік оқи­ға­сына себепкер болғандарды 20 тәулікке дейін қамауға алу, бірден 7 жылға көлік жүргізуден шеттету қарастырылды. Нәтижесінде, арақпен бірге «ақылын да ішкен» адамдардың кінәсінен болған апат саны 2019 жылғы 622-ден 2023 жылы 426-ға дейін, кісі өлімі 138-ден 104-ке дейін төмендеді.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы республикамызда мас күйде жасалған 14 276 қылмыс тіркелген болса, былтыр осы көрсеткіш 8 322-ге дейін немесе 52,3%-ға азайды. Есірткіге, уытты заттарға елтіген күйде жасалған қылмыс саны 1347-ден 765-ке дейін, яғни 56,7%-ға кеміді. Бұл деректер нашақорлықпен салыс­тырғанда ішімдікке тәуелділіктің қоғамға төндіретін қаупі әлдеқайда зор екенін айғақтайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамаларында кел­тіріл­ген деректерге қарағанда, 2019 жылы елімізде 15 жастан асқан әр адамға шаққанда 4,8 литр таза спирт тұты­ныл­ған болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш
4,5 литрге дейін азайған. Әйтсе де еліміз арақ-шарап ішуден Орталық Азия мем­лекеттерінің ішінде Қырғызстанды ғана алға салып отыр. Айыр қалпақты ағайынның әрқайсысы орта есеппен ­­5 литр алкоголь тұтынған. Тәжікстанда – 0,9, Әзербайжанда – 2, Өзбекстанда – 2,6, Түрікменстанда 2,9 литрді құраған. Бауырлас Түркияда да «ащы су» бізбен салыс­тырғанда едәуір аз ішіледі екен – 1,8 литр. Қандастар көп шоғырланған Моң­ғолияда бұл көрсеткіш – 7,9 литр. Еуразия­лық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ішінде әр тұр­ғы­нына шаққанда 10,9 литрден келетін Беларусь «көш бастап» тұр. Ресейде одан сәл аз – 10,4 литр, Арменияда 5 литрден келген.

Алкогольді ең аз тұтынатын ел­дердің қатарынан Кувейт, Судан, Мавритания, Сомали, Ауғанстан, Бангладеш, Сауд Арабиясы, Индо­незия, Мысыр, Нигер, Йемен, Пәкіс­тан, Ливия сынды халқының басым көпшілігі ислам дінін ұстанатын 13 мемлекет орын алған. «Ең көп ішетін» елдердің ондығына Румыния (жан басына орта есеппен 17 литр), Грузия (14,3), Чехия (13,3), Латвия (13,1), Уганда (12,2), Германия (12,2), Аустрия (12), Сейшель аралдары (12), Болгария (11,9), Литва (11,8) енген.

«Біреуге қарап бүкірмін, біреуге қарап шүкірмін» демекші, елімізде алкогольді тұтыну біршама азайып, мас күйде жасалған қылмыс саны да әжептәуір кемігенімен, өңірлердегі жағ­дай әртүрлі. Спиртті ішімдікті шек­тен тыс ішу салдарынан қылмысқа ұрыну, әсіресе Астана қаласында жиілеп тұр. Мегаполисте мұндай қылмыс саны бұрнағы жылғы 718-ден былтыр 674-ке дейін төмендегеніне қарамастан елорда өзге өңірлерге «бәйге берген» жоқ. Қостанай (670 қылмыс), Шығыс Қазақстан (667), Ақмола (647), Солтүстік Қазақстан (621), Павлодар (608) облыстарында да мастықпен жасалған қылмыстық құқықбұзушылық көп. Шымкент қаласында осы жөніндегі көрсеткіш бұрнағы жылғы 182-ден 317-ге дейін, яғни 74,2%-ға күрт артқан. Оған көршілес Түркістан облысында 254-тен 386-ға дейін немесе 52%-ға көбейіп кеткен. Атырау облысында 175-тен 199-ға дейін (13,7%-ға), Батыс Қазақстан облысында 378-ден 452-ге дейін (19,6%-ға) ұлғайған.

Ішкі істер министрлігінің мәлі­метіне сүйенсек, еліміздегі әрбір екінші кісі өлтіру, әрбір үшінші зорлау, бұзақылық, әрбір төртінші тонау, жол-көлік оқиғасы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жартысынан көбі мас күйде жасалады. Осыған орай Ішкі істер министрі Ержан Сәденов былтырғы қазанда Мәжілісте өткен Үкімет сағатында алкогольді интернет арқылы сатуға толық тыйым салуды, арақ-шарапты мамандандырылған дүкендерде ғана сатуды, ойын-сауық орындарында спиртті ішімдіктерді сату уақытын шектеуді ұсынды. Бірақ бұл ұсыныстар кәсіпкерлер қауымдастығы мен кейбір мемлекеттік органдар тарапынан қолдау таппады. Деген­мен кейбір қоғам белсенділері министр­дің бастамасын отбасылық зор­лық-зомбылықты азайтудың бірден-бір жолы санайды. Егер аталған ұсы­ныстар қабылданса, онда еліміз алкогольге қарсы заңнамасы ең қатаң мемлекеттердің қатарына енуі мүмкін. Алайда тарих тыйым салу тәсілінің өзін ақтай бермейтінін талай мәрте дәлелдеген. Мысалы, кезінде кеңес одағының басшылары енгізген «құрғақ заң», жүзім алқаптарын жою шаралары еш нәтиже бермегені аян.

Жақында Үкіметке маскүнем­дік­ке қарсы күресті күшейту қажеттігі туралы сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов бір­қатар бастама көтерді. Соның ішін­де балалар мекемелері мен білім ұйымдарынан 100 метр радиуста алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салған бұрынғы нормаға қайта оралу, алкоголь өнімі қозғалысын бақылау мақсатында арақ-шарапты міндетті түрде цифрлық таңбалауды енгізу, кәмелетке толмағандар мен жастар арасында ішімдікке тәуелділіктің алдын алудың бірыңғай бағдарлама­сын әзірлеу туралы ұсыныстары назар аударарлық. Бұған қоса, мүд­делі орталық, жергілікті мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер бүгінде еліміздегі 429 ауылдың алкогольден толық бас тартқанын, Атырау облысында арақ-шарап сатылмай­тын 53 ауылда кейінгі екі жылда бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмегенін ес­керіп, осы бағыттағы үгіт-насихат жұмысын жандандыра түссе, құба-құп.

Осы орайда Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасына сәйкес әзірленіп, өткен жылы 30 желтоқсанда қабыл­данған «Құқықбұзушылық про­филактикасы туралы» заңның 74-бабы масаң күйде жасалатын құқық­бұзу­шылықтардың алдын алуға арналғаны өте маңызды. Атап айт­­қанда, заңда психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуына байланыс­ты мінез-құлқы бұзылған адамдар­ды анықтау, есепке қою және оңалту, оларға медициналық сипаттағы мәж­бүр­леу шараларын қолдану, жер­гілікті атқарушы органдардың көшеде, қоғамдық орында ішімдік ішетін немесе масаң күйде жүретін адамдарды анық­тау­ға міндетті­лігі туралы талаптар көз­делген. Сондай-ақ маскүнемдікке қарсы күрес мәселелері бойынша мем­ле­кеттік органдардың қызметін үй­лестіру ішкі істер органдарына жүк­телді. Бұл шаралардың қоғамды осы әлеуметтік дерттен арылтуға септігін тигізері анық.

Соңғы жаңалықтар

200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58

Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады

Елорда • Бүгін, 14:49

Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды

Қазақстан • Бүгін, 14:44

Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады

Бюджет • Бүгін, 14:33

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті

Президент • Бүгін, 14:21

Шетелдіктер Назарбаев Университеті маңындағы пәтерде қару-жарақ жасырған: Полиция ақпаратты растамады

Оқиға • Бүгін, 14:10

Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды

Медицина • Бүгін, 13:48

Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды

Тұлға • Бүгін, 13:30

Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін

Энергетика • Бүгін, 13:26

Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты

Экономика • Бүгін, 13:18

Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады

Әлем • Бүгін, 13:08

Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды

Аймақтар • Бүгін, 12:55

40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?

Бюджет • Бүгін, 12:49

Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 12:40

Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды

Қазақстан • Бүгін, 12:29

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Сәуір 2026 16:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары