Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Ветеринария саласының бағыты айқын

Ветеринария саласының бағыты айқын

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бұл тұрғыда Шығыс Қазақстан облыстық ветеринария басқармасы эпизоотикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтап, басты міндетін абыроймен атқаруда. Бұл міндет заманауи профилактикалық шараларды енгізу, дер кезінде диагностика жүргізу, жануарлардың денсаулығын тұрақты мониторингтеу және инфекция ошағын тиімді түрде жою арқылы жүзеге асырылып отыр.

Эпизоотикалық ахуалды жақ­сарту арқылы ауыл шаруашылығын орнықты дамытып әрі мал ша­руашылығы өнімінің көлемін арт­тыруға болады. Бұл жұмыс агро­өнеркәсіп кешенінің эконо­ми­­калық тұрақтылығына да тікелей ықпал ететіні анық.

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысындағы эпизоотикалық жағ­дай қазір тұрақты. Бүгінге дейін аса қауіпті инфекциялардың бел­сенді ошақтары тіркелмеген. Аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық-профи­лакти­калық іс-шаралар бекітілген жос­парға сәйкес жүргізілуде.

Мамандарға қолдау көп

Ең алдымен облыстың ветери­нария саласында материалдық-техникалық база айтарлықтай жақ­сарғанын айта кету керек. Биыл тамызда Шығыс Қазақстан облы­сы­ның әкімі Нұрымбет Сақ­тағанов 133 жаңа қызметтік авто­көлік салтанатты түрде тапсырып, соның арқасында ветеринар ма­мандардың мобильдігі бірнеше есе артты. Бұл көліктер соңғы 13 жыл­да алғаш рет жаңартылып отыр. Көліктер арна­йы хирургиялық және анатомиялық құралдармен, биоматериалға ар­налған терм­о­контейнерлермен және қажет ме­дициналық құрылғы­лармен жаб­дықталған.

Өңірге қарасты қала және ау­дан­дарда 11 ветеринария сала­сын­дағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын және 100 ветеринария­лық пункт тұрақты жұмыс істеп тұр.

Облыста 500-ден астам ветери­нар маман жұмыс істейді. Өңір үшін кадрдың әлеуеті жеткілікті. Кәсіби мамандардың тапшылығын болдырмау және олардың білікті­лігін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көр­се­тілуде. 2025 жылы ветеринария­лық қолайлы жағдайды қамтама­сыз ету шараларын іске асыру үшін 2,0 млрд теңгеден астам қаржы бөлін­ді, оның ішінде 470 млн тең­ге – рес­публикалық бюджеттен беріл­ген трансферттер. Бұл қаржы са­ла­ның кадрлық әлеуетін нығай­туға, профилактикалық іс-шара­лардың сапасын арттыруға және ветеринариялық қызметтің тиім­ділігін көтеруге бағытталды. 

Ветеринар мамандардың әлеу­меттік жағдайын жақсарту үшін олардың жалақысы орта есеппен 15 пайызға өсті. Салаға қызығу­шы­лықты артып, кәсіби мамандардың бәсекеге қабілеттілігі күшейді. 2026 жылы республикалық бюджет есебінен 2 млрд 100 млн теңгеге 70 модульді ветеринариялық пункт салу жоспарланып отыр. Соның арқасында ауылдық жерлерде ветеринариялық қызмет сапасы жақсарады.

Ветеринар мамандарын әлеу­меттік қолдау бағытындағы шара­лар әлі де жалғасып жатыр. Соның негізінде жалақыны 40%-ға арт­тыру, еңбек жағдайын жақсарту арқылы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл шаралар ветеринар мамандардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеріп, салаға деген қызығушылықты арт­тырары даусыз.

Жаңа зертхананың мүмкіндігі мол

Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып, ве­теринария саласын материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету керек екенін айтты. Бұл тұрғы­да Шығыс Қазақстан облысы озық үлгі көрсетті. Аймақ басшысы Нұ­рымбет Сақтағановтың жетек­шілігімен ерекше жоба іске асты. 

Ауыл шаруашылығы өнімдері­нің сапасы мен қауіпсіздігін жо­ғары деңгейде қамтамасыз ету мақ­сатында ел аумағындағы біре­гей ғылыми мекеме – Қазақстан мен Қытайдың Біріккен көпсалалы ауыл шаруашылығы зертханасы ашылды. Бұл зертхана бүгінде ел ішінде өзінің техникалық жарақ­тандырылуы, функционалды мүм­кіндіктері және халықаралық мәртебесі бойынша баламасы жоқ нысан болып тұр.

2025 жылдың 8 қазанында Өс­кемен қаласында өткен салтанатты рәсім барысында жаңа зертхана­ның ресми түрде іске қосылуы атап өтілді. Зертхана агроөнеркәсіп ке­шенін дамытуға, азық-түлік қа­у­іпсіздігін қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Қытай ғылыми-тех­ни­калық ынтымақтастығын нығай­туға бағытталған.

Зертхана ғылым мен техника­ның ең озық жетістіктерімен жаб­дықталған. Мұнда мамандарға клас­сикалық және молекулалық диаг­ностика жүргізуге мүмкіндік бе­ретін заманауи құрал-жабдық­тардың толық кешені ұсынылады.

Негізгі зерттеу бағыты – жа­нуар тектес өнімдер мен шикі­заттың, жем мен жемдік қос­па­лар­дың қауіпсіздік көрсет­кіш­терін анық­­тау. Оның өзіндік 10 бағыты бар. 

Біріншісі, ПЦР реалтайм, ампли­­фикация – 48 сағат ішінде патогенді микроағзаларды анық­тайды. Ал екіншісі, ПЦР электрофо­рез – ДНҚ, РНҚ және ақуыз­дар­ды талдау кезінде, туыстықты анық­тау­да, өнімді сәйкестендіруде кеңінен қолданылатын электро­форез әдісі.

Үшіншісі, иммуноферменттік талдау. Жылдам сапалық немесе сандық зерттеулерге арналған, үнем­ді, ауқымды қамту мүмкіндігі бар скринингтік әдіс. Микоток­син­дер мен антибиотиктердің қалдық мөлшерін анықтау кезінде қалыптан ауытқуларды жылдам анықтауға мүмкіндік береді.

Төртіншісі, микробиоло­гия­лық зерттеулер. Бактериялық лас­тануды анықтауға арналған. Бе­сін­шісі, масс-спектрометрлік де­­тек­торы бар сұйық хроматограф – дә­рілік заттарды, полипептидті анти­биотиктерді анықтайды.

Алтыншысы, газды хромато­граф. Дәрілік заттарды, амфени­кол­дарды, клоксациллин, амокси­циллинді табады. Сондай-ақ газды хроматография су, топырақ, ауа ластануын бақылап, пестицидтер, инсектицидтер, гербицидтер, ака­рицидтердің қалдық мөлшерін зерттеуде кеңінен қолданылады.

Жетіншісі, квадрупольді ГХ-МС – стероидтер мен стильбен туын­дылары, тағамдық қоспалар, боя­ғыштар, паразитке қарсы вете­ри­нарлық препараттарды белгілейді.

Сегізіншісі, иондық хрома­то­графия. Судың сапасын зерттеуге арналған, ондағы нитраттар, нит­рит­тер, хлоридтер, сульфаттар мөл­шері, белсенді қышқылдығы, темір мен ауыр металдардың құра­мын нақтылайды. 

Тоғызыншысы, жоғары тиімді сұйық хроматограф. Қандағы және зәрдегі түрлі стероидты профиль­дер­ді анықтауға арналған, бұл сте­роидты гормондардың синтезі мен мета­болизмінің бұзылуымен бай­ланысты ауруларды диагностика­лауда аса құнды тест саналады. Сон­дай-ақ жемдегі микотоксин­дердің қалдық мөлшерін анықтауға қолданылады.

Соңғысы, индуктивті байла­ныс­­қан плазмасы бар атом-эмис­сиялық спектрометр. Су, азық-түлік өнімдері мен олардың қайта өңделген өнімдері, фармацев­ти­калық препараттар секілді нысан­дарда қажетті үлгі дайындаудан кейін ерітінділердегі металл эле­менттердің массалық концен­тра­циясын өлшеуге арналған.

Қазір «Қытай Халық Респуб­ли­касы мен Қазақстан Республика­сының Біріккен көпсалалы ауыл шаруашылығы зертханасы» жаб­дық­тарын Қазақстан реестріне енгізу мақсатында «Қазақстандық стандарттау және метрология инс­титуты» мамандарының қатысуы­мен тексеру жұмыстары жүргізіліп, 50 пайызы орындалды.

Бұл зертхананың бірегей ерек­шелігі – халықаралық деңгейде мойындалғаны. Яғни, екі мемле­кет­тің стандарты бойынша аккре­ди­тациядан өткеннен кейін сарап­тама нәтижелері Қытайда қайта тексеруді талап етпейді. Бұл өз кезегінде экспорттық өнімдердің рәсімдеу мерзімін қысқартып, ха­лықаралық саудадағы сенімділікті арттырады.

Зертхананың құрылуы – өңір­дің ғылыми-зерттеу базасын да­мытуға, ауыл шаруашылығы өнім­де­рінің сапасын бақылауды кү­шей­туге және екі ел арасындағы сау­да-экономикалық байланыс­тарды тереңдетуге бағытталған стратегиялық қадам.

Зертхана мамандарының білік­тілігін арттыру мақсатында Қытай Халық Республикасымен алдын ала ауызша келісім жүргізілді. Бұл тек зертхана ғана емес – Қазақстан мен Қытайдың агросекторында инновациялық технологияларды енгізудің, бірлескен зерттеулер жүр­гізудің және тәжірибе алмасу­дың маңызды алаңы.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінен қаражат бөлініп, «Жоғары тиімді сұйық хромато­гра­фы» ШҚО филиалы зертханасы­ның Азық-түлік қауіпсіздігі бөлі­міне орнатылды.

Қорыта айтқанда, Шығыс Қа­зақстан облысының ветеринария саласы қазір қарқынды жаңғыру үстінде. Материалдық-техникалық базаның нығаюы, халықаралық деңгейдегі зертхананың іске қо­сылуы, мамандардың әлеуметтік қолдауы және облыс басшылығы­ның нақты демеуі іске асып жатыр. Барлығы өңірдің эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығының тұрақты да­муына жағдай жасауда.

«Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының Біріккен көпсалалы ауыл шаруа­шылығы зертханасы» ашылуының арқасында Қазақстан ауылшаруа­шылық өнімдерін экспортқа еркін шығара алады.

Шығыс Қазақстан өңірі – елі­міздегі ауыл шаруашылығы бо­йын­ша әлеуеті зор аймақтың бірі. Алайда заманауи технология­ларсыз, сапалы сараптамасыз және ғылыми негізделген тәсілдерсіз жоғары өнімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес. Сон­дықтан осындай зертхананың құрылып, мамандарға жағдай жасалуы – агроөнеркәсіп сала­сын­дағы жүйелі дамудың айғағы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 06:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see159

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see152

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see144

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see143

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see141

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see140

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see137

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see122

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see121

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see119

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see119

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see118

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see117

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see116

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see113

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see112

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see110

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see109

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары