Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ветеринария: ауыр еңбектің еленбеген тұсы

Ветеринария: ауыр еңбектің еленбеген тұсы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Инфрақұрылымнан бастап, маман тапшылығы,  олардың жалақысы,  сапалы дәрі-дәрмек дейсіз бе, түйіні тарқатылуы  тиіс дүние көп. Салада күрделі жағдай бар екенін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та атап өткен болатын.

Мемлекет басшысы ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мал шаруашылығын дамыту үшін ветери­нарияға ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өткен еді. Президент саланы дамы­тудың кешенді бағдарламасын қабылдауды тапсырды. 

– Мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін ветеринарлық қауіпсіздік жүйе­сі сапалы болуға тиіс. Ашығын айт­қан­да, Қазақстанда бұл сала кенжелеп тұр. Еліміздегі 168 зертхананың жиырма жетісі ғана халықаралық стандартқа сай келеді. Мал дәрігерлерінің жұмысы толық бақылауға алынбаған. Соңғы үш жылда малға екпе салдық деп 30 мың жалған құжат жасалды. Бұл саланы біржола тәртіпке келтіру қажет. Үкімет ветеринария саласын дамытудың кешенді бағдарла­масын үш айдың ішінде қабылдауға тиіс, – деді Президент. Үкіметтің кеңейтілген отырысы 10 ақпанда өткенін ескерсек,  одан бері 50 күн өтіпті. Келесі айдың  ортасына дейін салаға қатысты бағдарлама  даяр болуға тиіс. 

Саланы дамытудың тетіктері

Әлбетте,  ветеринария саласын дамыту,  онда  қордаланған өзекті мәселелер  атқарушы биліктің  назарынан  тыс қалды деп бағалау әділетсіздік болар еді. Үкімет  ветеринарияны мал шаруашылығы саласының маңызды құрамдас бөлігі  ретінде қарастыруын қарастырып-ақ келеді. Айталық, былтыр 12 желтоқсанда, Сенаттағы Үкімет сағатында Ауыл шаруа­шылығы вице-министрі Аманғали Бердалин салаға қатысты мәселелер мен атқарылған, жоспарланған жұмыстар жайлы есеп берген болатын. Ол тиісті  заң жобасын әзірлеу, әлеуметтік қамсыз­дан­дыру, материалдық-техникалық базаның жаңаруы бойынша жалпы алғанда алға жылжу бар екеніне тоқталған.  

– Жалпы, республикалық бюджеттен 22 млрд теңгеге қолдау алдық. Өздеріңіз білесіздер, үй сатып алуға ветеринария мамандарына қазір  ауылдық жерде 0,1 пайызбен, 15 жылға дейін жеңілдетілген кредит береді. Үй сатып алуға қазір мүм­кіндік бар. Жергілікті атқарушы органдар екі жыл ішінде материалдық-техникалық қорды жақсарту үшін 11 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. 2026 және 2027 жыл­дарға жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде  1200-ден астам ветеринария­лық пункт, 72 ветеринариялық станция және 1014 мал қорымын салуға 66,2 млрд теңге бөлінді. Яғни, біз екі жыл ішінде ветеринариялық инфрақұрылымды толық, 100% жабдықтауымыз керек, – деген болатын вице-министр.

Құзырлы орган мәліметіне қарағанда, елде 2024 жылдан бастап ветеринариялық пункттерді, мал қорымдарын және вете­ринариялық инфрақұрылымның ауқымды құрылысы жүргізіліп жатқан көрінеді. Бұл жұмыстар жоспар бойынша 2028 жылы аяқталмақ. Сөйтіп, бұл саладағы қордаланған түйткілдер кезең-кезеңімен шешілгелі тұр. Сала цифрландырудың да  игілігін көретінге ұқсайды. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің  мәліметіне қарағанда мал шаруашылығын цифрландыру арқылы ветеринарияға да біршама жаңалық енеді. Атап айтқанда, малдың төлдеу кезеңінен бастап, өнімнің тұтынушыға жетуіне дейінгі бүкіл процесс толық цифрлық қадағалауға алынады. Сату-сатып алу мәмілелері СМС-хабарлама арқылы расталып, төрт түлікке қатысты барлық дерек арнайы жүйеде автоматты түрде тіркелетін болады. Соның арқасында ветеринар дәрігерлердің жұмысы оңтай­ланып, жүгі  жеңілдемек. Ауыл шаруашы­лығы министрлігіне қарасты Мал шаруа­шылығы департаментінің дире­кторы Бағлан Аймұрзаев мемлекет ветеринария саласына қолдау үшін қажетті жағдайларды жасап жатқанын жеткізді.

– Мемлекет тарапынан малды дәрі­леуге қаржы тегін бөлініп келеді. Әркім өз малын дәрілетуге міндетті. Егер малға вакцина салмайтын болса, заңды тұрғыда тіркемесе, жауапкершілік қарастырылған. Жалпы, ветеринария желісі бойынша, барлық процесс цифрлық форматқа көшіріледі. Цифрлық форматқа келтіру жұмысы заңнамалық тұрғыда мал иелері мен ет сатушыларының жауапкершілігін күшейтумен қатар жүретін болады. Мал­дың иесі дәрілетуге, тіркетуге өзі ұмтылуға тиіс. Ветеринар соңдарынан жүгіріп жүрмеуі керек. Ауру малдың еті нарыққа шығып кетпес үшін, мал тіркеусіз қалмас үшін заңнамалық жағынан бәрі пысық­талады, – деді ол.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024-2025 жылдары өңірлерде 400 ветеринарлық нысан, 142 мал қорымы салыныпты. Ветеринариялық қызмет­керлер үшін 892 арнайы машина, құрал-саймандар, оның ішінде планшеттер, термоқондырғылар сатып алыныпты. Бұл істерді  «Қазақстан фермерлер қауым­дастығы» ҚБ Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы Данияр Нұрпейісов саланы дамыту үшін жасалып жатқан оң қадамдар деп санайды. 

– Ветеринария саласын жүйелі түрде дамыту үшін бірқатар шараны жүзеге асыру қажет. Біріншіден, ветеринариялық мамандардың мәртебесін көтеру, соның ішінде еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау және қосымша ынталандыру те­тіктерін енгізу қажет. Екіншіден, ветери­нарларды заманауи материалдық-техни­калық базамен қамтамасыз ету маңызды. Дәлірек айтқанда, зертханаларды, жыл­жымалы ветеринар­иялық клиникаларды жабдықтау және ауруларды тіркеу мен бақылауды цифрлан­дыру керек. Үшінші­ден, халықаралық стандарттарға сәйкес тәжірибеге бағытталған оқыту мен білік­тілікті арттыруды қоса алғанда, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін бір ізге келтірген абзал. Төртіншіден, аудандық және ауылдық деңгейде ветеринариялық инфрақұрылымды дамытуға, ветеринария­лық қызметтердің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз етуге ерекше на­зар аударған жөн. Тұрақты және зама­науи ветеринариялық жүйені құру үшін Үкімет, бизнес және Фермерлер қауым­дастығы сияқты кәсіби бірлестіктер арасында тиімді өзара әрекеттесу жүйесін құру өте маңызды. Бұл шараларды іске асыру ветеринариялық қызметтердің сапасын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар мал шаруашылығын дамытудың, экспорттық әлеуетті арттырудың және Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың негізі болатынына сенімді­міз, – деп қоштады ол.

Әлеуметтік жағдай көңіл көншітпей тұр

Ең өзектісі, ол – ветеринария сала­сындағы кадр мәселесі. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, ветеринариялық мамандардың штаттық саны – 11 011 бірлік. Оның ішінде бос жұ­мыс орындары бар. Нақты айтқанда, 515 мал дәрігері қажет болып тұр. Көбіне ветеринарлар жетіспеушілігі шығыс, солтүстік және орталық аймақтарда байқалады. 

АШМ дереккөздеріне сүйенсек, ветеринарлардың айлық жалақысы 2023 жылы 24%-ға өскен. 2024 жылы респуб­ликадағы ветеринария мамандарының орташа жалақысы тағы 14%-ға артқан. 2025 жылы шамамен 10-15%-ға көбейіпті. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға әсте бол­майды. Себебі сананы тауар бағасының қымбаттауы,  азаматтардың сатып алу қабілетінің көтерілмей  тұрғаны рас. Яғни, жалақының өсуін инфляция  жеп қоймауы керек. 

Бұл ойды сала мамандары да құптап отыр. Қазақстан ветеринарлары қауым­дастығының вице-президенті Мұхтар Сабырбек мал дәрігерлерінің азай­ғанын тікелей әлеуметтік жағдайдың жасалмауымен байланыстырады. 

– Елдегі мал дәрігерлеріне орта есеппен 250-260 мың теңге көлемінде ғана мардымсыз жалақы төленеді. Ал бұл өз кезегінде маман тапшылығына апарып соқтырады. Сондықтан да, біздегі ветеринария қызметкерлерінің жалақысын 2-3 есе көбейту қажет деп санаймыз. Сон­да ғана мал дәрігерлерінің әлеуметтік жағдайы жақсарып, өз жұмысына ынтасы артады, – деп пайымдайды Ветеринарлар қауымдастығының вице-президенті.

Біздің елде мал дәрігерлерінің айлығын 400 мың теңгеден асыру көзделіп отыр. Бірақ кей өңірлерде 2 мыңнан астам мал­ды бір дәрігер қарауға мәжбүр. Демек, бұл жалақы да маман тартуға аздық ететін сыңайлы. 

Біздің пайымдауымызша,  бұл мәселені атқарушы билік өкілдері де жақсы түсініп отырған сыңайлы. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Мал шаруашылығы департаментінің директоры Бағлан Аймұр­заевтың сөзіне қарағанда, мемлекет тарапынан ветеринарларды қолдау арта түспек екен. 

– Мал дәрігерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту жоспарда тұр. Егер біз ветеринардың жалақысын көтеретін болсақ, олардың жұмысына деген құл­шыныс пайда болады. Қателеспе­сем,2026-2030 жылдарға арналған «Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарынан» тыс, 2026 жылдан бастап мал дәрігерінің айлығын көтеру көзделіп қойған, – деп түйді департамент директоры.

Түйіндей келе, 2026-2030 жылдарға арналған «Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарында» ветеринарияға қатысты арнайы бөлім қарастырылған. Онда ветеринариялық пункттерді дамыту, зертханалық базаны күшейту,  өңірлердегі ветеринариялық қадағалау, ветеринар­лардың әлеметтік тұрғыдан қамсыздан­дырылуы көзделген. Жалпы, мемлекет ветеринария саласында бірқатар ілкімді істі қолға алды. Енді қалай боларын уақыт көрсетеді. 

Олжас ЖОЛДЫБАЙ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 06:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары