Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Дәстүрлі еңбектің жаңашыл үрдісі

Дәстүрлі еңбектің жаңашыл үрдісі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Әлеуметтік кодекстің әлеуеті

Бұл үрдіс  бізді де айналып өткен жоқ. Қазірде елімізде мыңдаған азамат цифрлық платформалар (Uber, Яндекс, Glovo, Upwork, т.б.) арқылы немесе фриланс форматында еңбек етіп, табыс тауып жүр. Алайда осынау серпінді қозғалыс өзімен бірге жаңа мүмкіндіктерді ғана емес, сонымен қатар заңнамалық, әлеуметтік сипаттағы, дәстүрлі еңбектің декомпозициясы сынды күрделі сын-қатерлерді де ала келді. Дәстүрлі еңбектің декомпо­зициясы дегеніміз – күрделі жұмыс үдерісін, өндірістік операцияны немесе кәсіптік қызметті қарапайым, атқаруға ыңғайлы, бас­қа­рылатын кезеңдерге бөлу әдісі. Ол еңбекті ұтымды ұйымдастыруға, шы­ғындарды қысқартуға, өнімді­лік­ті арттыруға мүмкіндік береді, еңбек бөлінісі қағидаларын тиімді қолдануға көмектеседі.

Осы уақытқа дейін фрилансерлер мен платформалық жұмыспен қамтылғандар заң жүзінде «өзін-өзі жұмыспен қамтушылар» деген жалпылама санатқа жатқызылып, нақты құқықтық қорғаусыз қалып келді. Дәстүрлі еңбек шарты мен азаматтық-құқықтық сипат­тағы шарт­тардың арасында үлкен құ­қықтық алшақтық болды. Сәй­кесінше, курьерлер, такси жүргізу­ші­лері немесе қашықтан қызмет көрсететін IT-мамандар еңбек заңнамасының игіліктерін толық көлемде сезіне алмады.

Бұл бағыттағы құқықтық вакуумды толтыруда еліміздің жаңа Әлеуметтік кодексі мен Еңбек кодек­­с­­і­­не енгізілген өзгеріс­­тер маңызды қадам болды. Заңнама деңгейінде алғаш рет «платформалық жұмыс­пен қамту» ұғымы бекітіліп, осы саладағы қатынастарды реттеудің алғашқы тетіктері жасалды.

Рефор­ма аясында фрилансерлер мен цифрлық платформа жұмыс­шы­ларын Міндетті әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру (МӘМС), зейнет­ақы жүйесіне, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) аударылатын төлемдермен қамтудың оңтайландырылған жолдары қарас­тырылды. Ендігі кезекте оператор-компаниялардың жұ­мыс­­шылар алдындағы жауап­кер­­ші­лігін нақтылау, салық агенті ретіндегі рөлін бекіту – уақыт талабы.

– Жаңа Әлеуметтік кодекс аясында алғаш рет платформалық жұ­мыспен қамтылғандардың құқық­тық мәртебесін айқындау – заман қажеттілігінен туған қадам. Біз азаматтардың икемді жұмыс кестесіне деген ұмтылысын шектемей, керісінше, олардың еңбегін заңдастыруға жағдай жасауымыз керек. Бүгінгі міндет – интернет-платформа операторларын салықтық, әлеуметтік агент ретінде танудың тиімді тетігін қалыптастыру. Бұл фри­лансерлердің уақтылы зей­нетақы жарналарын аударып, медициналық, әлеуметтік сақ­тандыру жүйесінен тыс қал­мауына кепілдік береді. Цифрлық форматтағы еңбек те дәстүрлі жұмыс сияқты қорғалуға тиіс, – дейді Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің бас сарапшысы Мерей Қайратұлы. 

«Елеусіз экономикадан» – жауапты азаматтыққа

Жаңа форматтағы жұмыспен қамтудың тағы бір маңызды қыры – көлеңкелі экономиканың үлесін азайту, халықтың қаржылық мәде­ние­тін көтеру. Мемлекет тарапынан фрилансерлер мен тәуелсіз мердігерлер үшін барынша же­ңіл­детілген салық режімдері, атап айтқанда, арнайы мобильді қо­сым­шалар арқылы салық төлеу тетік­тері ұсынылып отыр. Бұл жүйе аза­маттарға артық бюрократиясыз, заңды түрде кәсіп етіп, өз табысын ашық көрсетуге мүмкіндік береді.

Мұндағы негізгі идеологиялық екпін – салық төлеудің жазалау құралы емес, болашақ әлеуметтік кепіл­діктердің іргетасы екенін қоғам­дық санаға сіңіру. Жалпыға бірдей декларациялау дәуірінде әрбір азаматтың экономикалық бел­сенділігі жауапты азаматтық ұста­ныммен ұштасуға тиіс. Салық­тық ашықтық – мемлекеттен сапалы медициналық көмекті, лайықты зейнетақы мен әлеуметтік қолдауды талап етудің басты құқықтық шарты.

Коллажды жасаған – Гүлмария ӘШІМХАНҚЫЗЫ, «EQ»

Фриланс – тұрақты еңбек шартысыз, әртүрлі тапсырыс беруші­лер­дің жобаларымен жұмыс істеу. Фрилансер – клиентті өзі іздейтін, көр­сететін қызметіне өзі баға қоя­тын, жұмыс кестесін өзі жос­парлайтын маман. Оны қашықтан істей­тін жұмыстан ажырата білу қажет. Қашықтан істейтін қызметкер кең­се­де отырмаса да жалдамалы, ал фри­лансер өз-өзіне жұмыс істейді. Заң тұрғысынан айтқанда, еңбек шарты арқылы емес, азаматтық құқық­тық сипаттағы шартпен ең­бек етеді. Кейінгі деректерге сәйкес, елімізде 1,5 млн-ға жуық фри­лансер бар. Бүгінде фриланс ел эко­номикасының толыққанды бөлшегіне айналып келеді. Кей сарап­шылар 2030 жылға қарай олардың экономикадағы үлесі 25%-ға дейін өсуі мүмкін екенін айтады.

Фрилансер, блогер Берікбол Исламұлы дефектолог-логопед ма­ман­дығы бойынша бес жылға жуық еңбек етіп, кейінгі жылдары фри­ланс саласында өнімді жұмыс атқарып жүр.

– Мұнда ауысуымның екі себебі бар. Біріншіден, қалыпты жұмыс тәртібімен шектелгім келген жоқ. Уақыт қысымы, басшыға бағыну секілді іс-әрекеттерден өзімді алып шыққым келді, бұлай жалғаса берсе әлеуетімнің толық ашылмасын сездім. Екінші себеп – қаржы мәселесі. Шыны керек, мемлекеттік мекемелер жұмысыңның сапасына қарамастан, мардымсыз еңбекақы төлейді. Қазір фриланс арқылы бұрынғыдан екі есе, кейде үш есе көп табыс табамын. Әрине, бұл қажырлы еңбек пен күш-жігерді талап етеді, – дейді кәсіпкер.

Фриланстың да өзіне тән тәуе­кел­дері бар. Олардың басым бөлігі тіркеусіз жұмыс істейді. Салықтарды, зейнетақы аударымдарын, МӘМС төлемейді. Нәтижесінде, бұл мамандар мемлекеттің ем алуға, дек­рет демалысына, зейнетақы мен меди­циналық көмек-қолдауынан қағылады. Биылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Салық кодексі заңды күшіне енді. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін жеке арнаулы салық режімі (АСР) пайда болды. Ол жеке кәсіпкерлікті тіркемей-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, қоластында қызметкерлері жоқ, ай сайынғы табыс мөлшері 300 АЕК-тен аспайтын, ең бастысы, кәсібі Кодекс шарттарында рұқсат етілген қызмет түрлеріне сәйкес келетін жеке тұлғаларға қолданылады. 

Прекариат феномені: сыртқы еркіндік пен ішкі осалдық

Фриланс пен икемді жұмыс кестесі сырт көзге тартымды әрі еркін көрінгенімен, оның астарында үлкен әлеуметтік тәуекелдер жатыр. Қазіргі әлеуметтік ғылымда пайда болған жаңа тап – прекариат (латынның precarius – тұрақсыз, сенімсіз деген сөзінен) феномені бүгінде барынша өзекті болып отыр. Прекариаттар – тұрақты жұмыс орны, кепілдендірілген еңбекақысы, әлеуметтік пакеті жоқ азаматтар тобы.

Платформалық экономикада жүрген жұмысшылардың басым бөлігі еңбек демалысы, ауруға байланысты төлемдер, өнді­ріс­тік жарақаттан сақтандыру, дек­рет­тік демалыс сияқты базалық құқық­тардан тыс қалып қояды. Бұл мәселе әсіресе жастар арасында әлеуметтік пессимизмнің тууына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан мемлекет пен ірі цифрлық алпауыттар арасындағы әлеуметтік әріптестікті жаңа деңгейге көтеру қажет. Нарық икемді болуы керек, бірақ ол адам капиталын қанаудың жаңа заманауи құралына айналмауға тиіс.

– Фриланс пен тәуелсіз мер­ді­гер­­лік жастарға қаржылық ер­кіндік бер­генімен, оның астарында «прекариат» деп аталатын әлеу­мет­тік осал топтың қалып­тасу қаупі бар. Тұрақты еңбек келісім­шартының, төленетін еңбек демалысы мен еңбекке уақыт­ша жарамсыздық парағының жоқ­тығы – ұзақмерзімді келешекте азамат­тардың әлеуметтік әл-ауқатына соққы болуы мүмкін. Мем­лекет пен ірі цифрлық компания­лар ара­сындағы әлеуметтік әріптес­тікті жаңа форматқа көшіру керек. Нарық еңбек адамының әлеуметтік кепіл­діктерін жұтып қой­мауы қа­жет, дейді әлеу­мет­танушы, әлеу­мет­тік-эконо­ми­калық зерттеу­лер жөнін­дегі сарапшы Серік Бейсембаев.

Сөз жоқ, заманауи технологиялар өндірістік қана емес, әлеуметтік қатынастардың да архитектоникасын түбегейлі өзгертіп жатыр. Бұл үдерісте мемлекеттің басты міндеті – жаңа форматтарға ретсіз тыйым салу емес, икемділік пен әлеуметтік қорғалу арасындағы алтын көпірді, яғни тепе-теңдік формуласын табу.

Цифрлық еңбек нарығы – отандық экономиканың маңызды драй­вері. Алайда кез келген эко­но­микалық өсімнің өзегінде адам тұруы шарт. Цифрлық платформа­лар нарықты алға сүйрегенімен, оның тетіктерін басқаратын тірі адам екенін уақыт сыны ұмыттырмауға тиіс. Әлеуметтік әділеттілік пен әрбір азаматтың еңбек құқығының қорғалуы цифрлық дәуірде де мемлекеттік саясаттың негізгі бағ­дары болып қала береді. Тек мықты заңнамалық база мен негізді нарық ғана тұрғындардың жаңа цифрлық кеңістікте өзін қауіпсіз әрі сенімді сезінуіне кепіл болады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Шілде 2026 12:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see171

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see161

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see151

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see146

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see144

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see143

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see142

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see140

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see137

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see136

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see135

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see133

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see131

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see130

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see124

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see116

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see115

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see113

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see112

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары