Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Жаңашыл ұстаздың Сыр сандығы

Жаңашыл ұстаздың Сыр сандығы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Цифрлық база ауыл мектептерінде әлі де әлсіз. Бірақ Нұра ауданының Ахмет ауылындағы білім ошағы бұл кедергіге қарап отырған жоқ. Өйткені информатика пәнінің мұғалімі, жаңашыл педагог Анна Колтунова алақандай ауыл мектебінде заманауи білім берудің нәтижелі үлгісін көрсетті.

Білікті ұстаз Анна Колтунованың бірнеше жоғары білімі бар, жетістігі де жетіп артылады. Тәжірибелі педагогке қаладағы білім орындарынан, тіпті шетелден де шақырту түскен. Алайда ол өзінің туып-өскен ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мектепті таңдаған. Бар ойлағаны – ауыл мектебін дамыту, балаларға тек қалада ғана емес, ауылда да мүмкіндік бар екенін көрсету. Айтқаны орындалып келеді. Анна информатика пәнінен екі тілде сабақ береді.

Ел аузындағы мұғалімге озық тәжіри­бе­сімен бөлісу мақсатында бірнеше мем­лекеттен шақырту жол­данған. Минск, Мәскеу, Кишинев қалаларынан тәжірибесі мен авторлық әдістемелерін таны­с­тыруға ұсыныс түскен. Алайда отба­сы­лық жағдайға байланысты алыс сапарға шыға алмаған. Қазір Аста­нада өтетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырту алып отыр. Оған қатысып, тәжірибесімен бөліспекші.

Ұлттық құндылықтарды оқушылар­дың санасына сіңіруде ұстаз көптеген қызықты әдіс-тәсіл ойлап тапқан. Соның бірі – ұстаз бен шәкіртті жақындастырып, балалардың бойына рух дарытқан «Сыр сандық» жобасы.

«Оқыту тек білім берумен шектелмеу­ге­ тиіс. Ол жеке тұлғаны дамытып, туған тілге, мәдениетке, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін оятуы қажет. Маған бала­­лар­ға жақын, оларға эмоционалдық әсер қалдыратын әрі өз тамырымен байланы­сын сездіретін формат керек болды. Осы­лайша, дәстүрлі қазақ сандығының бейнесі – «Сыр сандық» идеясы туды. Әр «сыр» тек оқу материалын ғана емес, сонымен бірге үлкенді сыйлау, Отанға деген сүйіс­пеншілік, адалдық, еңбек­­қорлық, жауап­кершілік секілді құндылықтарды ашады.

Жоба аясында жасанды интеллект арқылы оқушыларға ұлттық құндылық­тар­ды ойын түрінде меңгертуге, тап­сыр­­маларды шешуге, шешім қа­был­­дауға, таңдау жасауға мүмкіндік бере­­мін. Оқушылар ЖИ көмегімен мультфильмдер жасайды. Олар әрі сценарист, әрі режиссер ретінде дәстүр мен тәрбиелік мәні жоғары әңгімелерді өмірге әкеледі. Бұл тәсіл шығармашылық ойлауды дамытып қана қоймай, визуалды образдар арқылы материалды тереңірек қабылдауға жол ашады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына арналған цифрлық кітаптар да жасаймыз.

«Сыр сандықтан» бөлек, жасанды интел­лектіге негізделген «AI Creator: Цифрлық шығармашылық әлемі» курсын, «Цифрлық киіз үй», «Тірі мұра», интерактивті білім беру квесттері мен ойындар сериясын әзірлейміз. Бұл жобалардың барлығы дәстүр мен технологияны тоғыстырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған», дейді Анна.

Білікті ұстаздың еңбегі мен жаңашыл­дыққа ұмтылысы ескеріліп, ол «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауында топ жарып, «Үздік педагог» байқауында бірнеше мәрте жүлдегер атанды. Оның жобалары ғылыми конференциялар мен халықаралық жарыстарда жоғары бағаланды.

Педагог тек сабақ берумен шектелмей, әріптестеріне арналған кәсіби плат­форма қалыптастырып, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын ұсынып келеді.

Алдағы жоспарында екітілді оқытуды дамыту, жасанды интеллект арқылы қазақ тілін меңгертудің жаңа форматтарын енгізу, «Ақылды киіз үй» жобасын жүзеге асыру және AR, VR технология­ларын білім саласына бейімдеу бар. Осылайша, қарапайым ауыл мектебінде мемлекеттік тіл жүйелі түрде дамып, заманауи цифрлық білім беру кеңістігі қалыптасып келеді.

«Оқушылар өзімен бір тілде, яғни технология тілінде түсінісетін, сеніммен сөйлесетін мұғалімге үйір. Бүгінгі мұғалім – тек білім беруші емес. Ол – шабыт беруші, ынталандырушы, зерттеуші әрі жаңашыл тұлға. XXI ғасыр мұғалімі дәстүрлі құндылықтарды заманауи тәсіл­дер­мен үйлестіре білуі керек. Қазіргі оқыту формалары, интерактивті тапсырмалар, жасанды интеллектіні қолдану және ойын әдістемелері сабақтың қызықты өтуіне ықпал етеді. Балалардың барлығы сабаққа белсенді қатысып, өз пікірінің маңызды екенін және жеке тұлға ретінде бағаланатынын сезінеді», дейді білікті ұстаз.

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар

Дамуға бастар жол

Саясат • Бүгін, 08:48

Төрт жасында 6-сыныптың есебін шығарады

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Құқықтық мәдениетті нығайтатын қадам

Қоғам • Бүгін, 08:43

Тіл тазалығы – ғасырға ұласқан мәселе

Тарих • Бүгін, 08:40

Сенімді күшейтуге көмектеседі

Қоғам • Бүгін, 08:38

«Балапанды» кімдер басқарды?

Басылым • Бүгін, 08:35

Бұқтырылған киік еті саудаға шықты

Өндіріс • Бүгін, 08:32

Өскелең ұрпақтың ұстаханасы

Таным • Бүгін, 08:30

Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы

Еңбек • Бүгін, 08:28

Бексұлтан Нұржеке, Қазақстанның Халық жазушысы: Келешекке деген үміт шырағы ешқашан да сөнбеуге тиіс

Сұхбат • Бүгін, 08:25

Ақтауда урологиялық операция жасалады

Медицина • Бүгін, 08:23

Отаншылдық ұғымын қалай түсінесің?

Жастар • Бүгін, 08:20

Қауіпті дертті сәулемен емдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:17

Жастар жұмысы қайта жанданды

Жастар • Бүгін, 08:15

Коалиция мүшелері Алматы облысы жұртшылығымен жүздесті

Реформа • Бүгін, 08:12

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Ақпан 2026 09:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары