Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ұстаздың үні тыңдалса...

Ұстаздың үні тыңдалса...

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

100-ден астам педагог қатысқан кездесуде жас мамандардан бастап тәжірибелі ұстаздарға дейін сабақ сапасы, мұғалімнің жүктемесі, мектептің материалдық базасы, оқу сауаттылығы және жасанды интеллектіні тиімді пайдалану туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жақсы сабақтың артында не тұр? Бір қарағанда, жауап қарапайым. Білімді мұғалім, дұрыс әдіс және ынталы оқушы. Алайда мектептегі күнделікті тәжірибеге үңілсек, мәселе әлдеқайда күрделі. Мұғалімнің уақыты, оқу бағдарламасының мазмұны, оқулық сапасы, мектептің техникалық мүмкіндігі, ата-анамен байланыс және жаңа технологияларды қолдану деңгейі де білім сапасына тікелей әсер етеді.

Бұл мәселелердің барлығы 5 қазанда Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиясында өткен «Жақсы оқытуға не көмектеседі, не кедергі?» атты дөңгелек үстелде ашық айтылды. Кездесуде педагогтер жалпы пікірмен шектелмей, өз тәжірибесінен нақты мысалдар келтірді.

Жас маман Диас Жанабаев үшін сабақтағы жаңа мүмкіндіктердің бірі жасанды интеллектімен байланысты. №66 «Келешек» мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ChatGPT құралдарын сабаққа қосымша материал дайындау үшін ғана емес, оқушыға күрделі тақырыпты түсіндірудің жаңа тәсілдерін іздеу үшін қолданатынын айтты.

Мәселен, ол ағылшын тіліндегі идиоманы түсіндіру үшін «Smart cookie» атты оқу кейіпкерін жасап, оның негізінде мультфильм, чек-лист, комикс және презентациялар әзірлеген. Мұндай тәсіл 3 және 5-сынып оқушыларына тақырыпты жеңіл әрі қызықты түсіндіруге мүмкіндік берген.

Ұстаздың айтуынша, жасанды интеллектіні тек ҚМЖ, презентация немесе тест дайындауға арналған құрал ретінде қабылдауға болмайды. Ол мұғалімнің шығармашылық мүмкіндігін кеңейтіп, сабақты ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздеуге мүмкіндік береді.

Цифрлық құралдарды пайдалану тәжірибесімен тарих пәнінің жас мұғалімі Мағжан Махаметжан да бөлісті. Оның айтуынша, мұғалімнің жаңа тәсілдерді меңгеруіне мектептегі жағдайдың да әсері бар.

№66 «Келешек» мектебінде әр кабинет интерактивті тақтамен, мұғалімдердің жеке компьютері мен принтерімен жабдықталған. Бұған қоса мектепте робототехника кабинеті, бейнестудия және коворкинг кеңістігі бар.

Мұндай орта жас педагогке өз идеясын тәжірибеде сынауға мүмкіндік береді. Мағжан сабақ барысында жасанды интеллектіні тарих және құқық пәндерінде қолданатынын айтып, 1730 жылғы Аңырақай шайқасына арналған кинематографиялық сценарийді Google Flow платформасы арқылы әзірлегенін көрсетті. Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларына арналған интернет қауіпсіздігі бойынша жұмыс дәптерін дайындаған.

Дегенмен мұғалім үшін технология мақсат емес, құрал. Педагог жасанды интеллект ұсынған материалды оқулықпен және оқу бағдарламасымен салыстырып, тексеріп барып сабақта қолданатынын атап өтті.

Жасанды интеллект пен заманауи құралдар бір мәселені көрсетсе, педагогтердің келесі ұсыныстары білім сапасына әсер ететін күнделікті жұмыс жағдайларына қатысты болды. Атап айтқанда, мұғалімнің уақыты, әдістемелік қолдауы және оқу жүктемесі сөз болды.

Педагог Рахия Есеева мұғалімнің кәсіби дамуы тек оның жеке ізденісіне байланысты болмауы керектігін айтты. Оның пікірінше, әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарымен қатар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, әдістемелік бірлестік жетекшілері, тәлімгерлер мен тәжірибелі ұстаздар да белсенді қатысуы қажет.

Ол мұғалімнің уақытын алатын есептілік пен қағазбастылық мәселесіне де тоқталды. Бақылау, мониторинг, қалыптастырушы және жиынтық бағалауға байланысты жұмыстар педагогтің негізгі міндеті, яғни балаға сапалы сабақ беруге жұмсайтын уақытын қысқартатынын айтты.

Оқу бағдарламасының көлемі мен оқулықтардың сапасы да назардан тыс қалмады. Рахия Есеева бір тақырыптың әртүрлі оқулықта әрқалай берілуі мұғалім мен оқушыға қосымша қиындық туғызатынын атап өтті. Оның пікірінше, оқулық мазмұнына қойылатын талаптарды күшейтіп, оқу материалдарын сапалы сараптау қажет.

Тағы бір маңызды мәселе ретінде ол оқушының апталық оқу жүктемесін қайта қарауды ұсынды. Гимназиялардағы тереңдетілген пәндер мен ұзартылған сабақтар оқушының мектепте ұзақ уақыт болуына алып келуі мүмкін. Ал екі ауысымды мектептерде бұл жағдай тамақтану мен демалыс уақытына да әсер етеді.

Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарлығаш Мырзабекова білім сапасының тағы бір маңызды қырына, оқушының ақпаратпен жұмыс істеу қабілетіне назар аударды.

Оның айтуынша, бүгінгі оқушы бұрынғыдан әлдеқайда көп ақпаратпен жұмыс істейді. Сондықтан мектепте жай ғана мәтінді оқып шығу жеткіліксіз. Оқушы ақпаратты тауып, салыстырып, талдап, қорытынды жасап, өз пікірін дәлелдей алуы керек.

Осыған байланысты педагог «Оқу сауаттылығы навигаторы» құралын әзірлеуді ұсынды. Оның идеясында бұл оқушы үшін оқу стратегияларының картасы, ал мұғалім үшін оқушының қандай кезеңде қиналып тұрғанын анықтап, келесі қадамды жоспарлауға көмектесетін әдістемелік құрал болуы тиіс.

Педагогтің пікірінше, оқу сауаттылығы тек қазақ тілі немесе әдебиет сабағының міндеті емес. Мәтінмен жұмыс барлық пәнде жүйелі қолданылса, ол мектептің ортақ оқу мәдениетіне айналады.

Осылайша, бір алаңда айтылған пікірлер білім сапасына әсер ететін мәселелердің ауқымы кең екенін көрсетті. Бір мұғалім үшін негізгі мәселе технологияға қолжетімділік болса, екіншісі үшін уақыт тапшылығы, үшіншісі үшін оқушының мәтінді түсініп, талдай білуі маңызды. Бірақ олардың барлығын біріктіретін ортақ мәселе бар - мұғалімге сапалы жұмыс істеуге жағдай жасау.

«Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дәурен Каипов кездесуде айтылған ұсыныстардың назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

«Бүгін ұстаздар өз тәжірибесімен ғана бөлісіп қойған жоқ, білім беру саласындағы нақты мәселелер мен оларды шешуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Бұл пікірлер назардан тыс қалмайды. Республикалық алаңда көтерілген мәселелер мен ұсыныстар жинақталып, тиісті деңгейде жоғары алаңдарға шығарылып, білім беру саласын жетілдіруге бағытталған жұмыстарда ескерілетін болады», – деді «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дәурен Каипов.

«Ұстаз айтса» диалог алаңының ерекшелігі де осында. Мұнда білім беру саласы сырттан бағаланған жоқ. Керісінше, мектептің күнделікті тынысын білетін педагогтердің өзіне сөз беріліп, олардың тәжірибесі мен ұсыныстары ортаға салынды.

Жүзден астам ұстаздың пікірі бір нәрсені анық көрсетті. Сапалы білім беру  тек мұғалімнің жеке шеберлігімен өлшенбейді. Оған заманауи оқу материалы, қолайлы жұмыс ортасы, оқушының оқу дағдысы және педагогтің өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы қажет.

Ал мұндай өзгерістердің бастауы, ең алдымен, ұстаздың сөзін тыңдап, оның нақты ұсынысын шешім қабылдау деңгейіне жеткізуден басталады.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 11:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары