Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Еліміздегі 1500 ге жуық ұстаздың басын қосқан конференция

Еліміздегі 1500 ге жуық ұстаздың басын қосқан конференция

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Конференцияға еліміздің барлық өңірлерінен келген педагогтер, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, Финляндия, Австралия, Италия, Испания, Қытай және басқа да елдердің сарапшыларын қоса алғанда, шамамен 1500 қатысушы жиналды. Конференция жұмысына Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Камерун және Малайзия елдерінің өкілдері қатысты

Олар цифрлық трансформация жағдайындағы мектеп білімінің қазіргі үрдістері, сын-қатерлері және даму болашағын талқылап, конференцияның ашылуында Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі Алексей Цой форумның тақырыбы елдің білім беру саласындағы стратегиялық бағытымен үйлесетінін атап өтті. Ол өңірлер мен халықаралық қауымдастық өкілдерінің кең қатысуы бұл шараны тәжірибе мен идея алмасудың бірегей алаңына айналдыратынын айтты. Алексей Цойдың айтуынша, жасанды интеллект білім беру үдерісін қолдауға бағытталуы тиіс, алайда оны алмастыра алмайды. Сол себепті заманауи технологияларды білім беру жүйесінің дамуына тиімді бағыттап пайдалану аса маңызды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин өз баяндамасында білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытындағы NIS тәжірибесін таныстырды. Оның айтуынша, бұл үдеріс кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Алдымен білім беру тұғырын қалыптастыру, кейін ұйымның цифрлық өнімдерін әзірлеу қолға алынған. Солардың бірі – Arizona State University университетімен бірлесе әзірленген Beyim.ai жобасы. Бұл платформа оқыту үдерісін жекелендіруге және жасанды интеллект көмегімен білім сапасын талдап, жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Әнуар Қанатұлының сөзінше, технологиялық шешімдер білім сапасын арттыруға бағытталғанымен, басты назар әрдайым мұғалім тұлғасына аударылуы тиіс.

– Технологиялар білім беру жүйесіне өзгеріс әкеліп жатыр, алайда олар ешқашан мұғалімді алмастыра алмайды. Білімнің шынайы мәнін ашатын – адамның ақылы, құндылықтары мен жүрек жылуы. Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылардың ойлау, сезіну және технологияны тиімді қолдану қабілеттерін тең дамытуға ұмтылады. Біздің мақсат – жасанды интеллект адамды емес, адам жасанды интеллектті басқаратын қоғам қалыптастыру, – деп түйіндеді өз сөзін NIS Басқарма төрағасы.

Халықаралық сарапшылар жаңа буын технологияларын білім беру жүйесіне енгізу бойынша өз көзқарастарын ұсынды. Ұлыбританиядағы Bedrock AI және Diverse AI компанияларының негізін қалаушы әрі бас директоры Тоджу Дьюк жасанды интеллектті қолданудағы этикалық және қауіпсіздік аспектілеріне назар аударды. Гонконгтағы Yew Chung ерте білім беру колледжінің вице-президенті Эрик Ченг жекелендірілген оқытуға арналған бейімделетін платформаларды енгізу тәжірибесін бөлісті. Ал Ұлыбританиядан келген цифрлық білім беру жөніндегі сарапшы Дэн Фицпатрик жасанды интеллектті оқу үдерісінде қолдану тәсілдері туралы баяндама жасады.

– Білім берудегі жасанды интеллекттің ықпалы туралы осы конференцияда сөз алу мен үшін үлкен қуаныш. Қазақстанның жасанды интеллект технологияларын енгізуге және оқушыларды жаңа технологиялық дәуірге қажетті заманауи құралдар мен дағдылармен қамтамасыз етуге деген талпынысы ерекше әсер қалдырды, – деді Дэн Фицпатрик.

Екі күнге жалғасқан конференцияда қатысушылар оқытудың заманауи әдістемелері, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, PISA 2025 шеңберінде дағдыларды бағалау, сондай-ақ жасанды интеллектті білім беру процесінде қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдері жөнінде пікір алмасады. Бағдарламада пленарлық отырыстар, тақырыптық секциялар, сараптамалық пікірталастар, практикалық воркшоптар мен демонстрациялық сабақтар қамтылған. Ал «NIS.KORME» көрмесінде отандық және шетелдік компаниялар Қазақстанның EdTech саласын дамытуға арналған инновациялық шешімдері мен өнімдерін ұсынды.

Актөбе облысы Қобда ауданы Талдысай орта мектебінің мұғалімі Меирбек Кожағұлов айтуынша,  конференция үлкен деңгейде өткен.

– Ауыл мектебінің атынан қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Цифрландыру – бүгінде ауыл мен қаланы байланыстыратын көпірге айналып, әр мұғалімге кәсіби тұрғыда өсуге және өз сабағын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп отыр.

Конференция аясында білім беру саласының алдыңғы қатарлы сарапшыларының ойларын тыңдап, әлемдік трендтермен танысу менің көзқарасымды түбегейлі өзгертті. Бұған дейін цифрлық технологияларды тек сабақтағы көрнекілік пен қолдау құралы ретінде қарастырсам, енді оларды оқушының жеке қабілетін ашуға, дербес оқу ортасын қалыптастыруға бағытталған негізгі құрал ретінде көруді үйрендім.

Бұл тәжірибе маған білім берудегі инновацияның мәні – тек жаңа құралдарда емес, мұғалімнің ойлау тәсілінде, ізденісінде екенін дәлелдеді. Алдағы уақытта цифрлық шешімдерді өз мектебімде жүйелі енгізіп, ауыл оқушыларының әлеуетін арттыруға үлес қоспақпын, – деді ол. 

Сондай-ақ елдің әр өңірінен келген 100-ден аса педагог өздерінің ғылыми-зерттеу жобалары мен педагогикалық тәжірибелерін ұсынатын зерттеу постерлері байқауына қатысуда. Байқау қорытындысы бойынша ең үздік 10 жұмыс арнайы марапатталады.

Соның бірі – Алматы облысы Қарасай ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжамал Реимова.

– Осындай ғылыми ортада ой бөлісу педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып, жаңа идеялар мен серпілістерге жол ашатыны сөзсіз. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар» атты XIV Халықаралық конференциясына қатысу – біз үшін үлкен тәжірибе алаңы, заманауи педагогикалық көзқарастар мен тың тәсілдерді тоғыстырған ерекше орта болды.

Шараның постерлік сессиясында мектебімізде жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқан тәрбиелік бағыттағы жұмыстар негізінде әзірленген «Тәрбиенің қазіргі заманғы трендтері» атты зерттеуімізді таныстырдық. Бұл жұмыс арқылы біз тәрбиенің мазмұны мен формасын жаңаша пайымдап, замана талабына сай оқушы тұлғасын қалыптастырудың тиімді жолдарын көрсетуге тырыстық.

Еңбегіміз еленіп, «Үздік топ-10» марапатына ие болу – ұжымымыздың бірлескен ізденісінің, шығармашылық ынтымақтастығының нәтижесі деп білеміз. Мұндай жетістіктер бізді одан әрі дамуға, жаңа бастамалар мен идеяларды іске асыруға жігерлендіреді, – дейді Гүлжамал Реимова.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 17:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары