Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Төрт елдің 300 ге жуық жас педагогтің басын қосқан коннект: Астанада STEM, AI және білім берудегі инновациялар талқыланды

Төрт елдің 300 ге жуық жас педагогтің басын қосқан коннект: Астанада STEM, AI және білім берудегі инновациялар талқыланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Астанада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған халықаралық жас педагогтер коннекті өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұған дейін «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» республикалық форумы ретінде жүзеге асып келген жоба биыл ауқымын кеңейтіп, «STEM. AI. Innovation» атауымен халықаралық кәсіби алаңға ұласты. Бағдарлама STEM-білім беру, жасанды интеллект мүмкіндіктері және инновациялық педагогикалық тәжірибелерді оқу үдерісіне тиімді енгізу мәселелерін қамтыды.

Коннектке Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жас педагогтерге кәсіби жолда үздіксіз ізденіс пен жаңашылдыққа ұмтылудың маңызын атап өтіп, алдағы еңбектеріне сәттілік тіледі. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин білім берудегі технологиялық өзгерістер жағдайында мұғалімнің рөлі жаңа мазмұнға ие болатынына назар аударды.

– Жасанды интеллектіні меңгерген ұстаз мектептегі өзгерістің негізгі қозғаушы күшіне айналады. Технология қаншалықты жетілсе де, ол баланың бойында білімге деген құштарлықты, сыни ойлауды немесе өзіне деген сенімді өздігінен қалыптастыра алмайды. Бұл – мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен адамдық ықпалына байланысты. Сондықтан бүгінгі міндет – технологиядан қауіптену емес, оның мүмкіндігін ұстаздың әлеуетін күшейтуге тиімді пайдалану, – деді Әнуар Қанатұлы.

Екі күн ішінде қатысушылар қазақстандық және халықаралық сарапшылармен бірге жасанды интеллект құралдарын, STEM тәсілдерін және заманауи білім беру модельдерін оқу үдерісінде қолданудың тиімді жолдарын талқылады.

TED форматындағы сессияларда білім берудегі инновациялық экожүйені дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, венчурлік ойлау мәдениеті және Қазақстандағы білім беру жүйесін цифрландыру тәжірибесі сөз болды.

Спикерлер қатарында инновациялар және жасанды интеллект саласындағы сарапшы, кәсіпкер Давид Туғанов, венчурлік инвестор Бахт Ниязов, Орталық Азия бойынша «Жылдың IT-педагогі» атағына ие болған және Forbes-тің «30 Under 30» тізіміне енген Рүстем Ермеков болды.

Сондай-ақ Қытайдағы Shaanxi Normal University білім беру технологияларының профессоры, доктор Hongliang Ma жасанды интеллект дәуірінде педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамыту тақырыбында баяндама жасады.

Коннекттің практикалық бөлігінде NIS педагогтерінің шеберлік сағаттары, қолданбалы тапсырмалар, командалық квесттер және инновациялық жобалардың таныстырылымдары өтті. Қатысушылар жаңа технологияларды сабақта қолданудың нақты тәсілдерін сынап, әріптестерімен тәжірибе алмасты.

– «Жас ұстаз» форумына осымен екінші рет қатысып отырмын. Жаңа оқу жылы қарсаңында мұндай алаң бізге жаңа идея, кәсіби серпін және ерекше мотивация береді. Форумның халықаралық деңгейге көтеріліп, әр елдегі әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені қуантады. Әр делегат өз өңіріне тың идеялармен оралады деп сенемін, – деді Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданынан келген жас мұғалім Әділбек Батырбек.

Айта кетейік, «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» жобасы 2022 жылы еңбек жолын жаңадан бастаған педагогтердің кәсіби дамуы мен кәсіби ортаға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында басталған. Осы уақытқа дейін жоба аясындағы республикалық форумдарға 1000-нан астам жас педагог қатысып, өңірлік іс-шаралар 20 мыңға жуық мұғалімді қамтыды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 18:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see137

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары