Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

​КамАЗ дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

Мұхамедиұлымен байланысты компаниядан 1,3 млрд теңгенің активі мемлекетке қайтарылды

Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияларды бағалады

Қазақстанда полиция мен армияның қатысуымен ауқымды операция басталды

Олжас Бектенов: Агробизнес ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруы тиіс

Президент Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы айтты

Ғалымдар жойқын магниттік дауыл туралы ескертті

Зейнетақы жинақтарын алуға неліктен рұқсат берілді және жеткіліктілік шегі не үшін көтеріліп жатыр Ұлттық банк басшысы түсіндірді

Баласы бар сотталған азаматтарға жеңілдіктер беріледі заңға түзету енгізілді

ЖСН, телефондар мен мекенжайлар: коллекторлардан барлық дерлік қазақстандықтардың деректері бар база табылды

Пакетке салып, қоқысқа тастады : Атырауда мысық пен безектердің тағдырына байланысты дау туды

​Каспийде жыл басынан бері 32 ші жер сілкінісі болды

Елімізде 34 градусқа дейін ыстық болады

Интерпол ұстағаннан кейін құпия Атыраулық хакерді Қазақстанға қайтаруға дайындалып жатыр

Цифрландыру жаңашылдық үрдісі

Цифрландыру жаңашылдық үрдісі

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Еліміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен цифрландыру және жасанды интеллект бағытын стратегиялық маңызы бар сала ретінде таңдады. Осы бағытта жүйелі түрде реформа жасау қолға алынды. Президент өткен жылғы Жолдауында: «Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифр­ландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету», деген болатын. Сондай-ақ осы мақсат жүзеге асуы үшін жасанды интеллектіні барлық салаға енгізуге тапсырма берді.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Заң – тұрақтылық негізі

Жүйелі реформаның басты негізі – заң жүйесі. Өткен жылы «Жасанды интеллект туралы» заң күшіне енсе, биыл Цифрлық кодекс қабылданды. Бұл құжат – бұрын әртүрлі заңдар мен қосымша актілерде шашылып жүрген нормаларды бір жүйеге біріктіретін алғашқы ереже. Онда мемлекеттік реттеу жолдары айқындалып, органдардың құзыреттері бекітілген. 

Кодекс цифрлық деректер мен олардың өнімдерін, қолданушылар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін реттейді, электронды цифрлық қолтаңба мен цифрлық идентификацияны қолданудың тәртібін белгілейді.

Сондай-ақ мемлекеттік орган­дардың қызметін цифрландыру жолдары да қамтылған. Сена­тор Ләззат Рысбекованың сө­зін­ше, киберқауіпсіздік мәселе­лері бөлек заңмен реттеліп, халық­­ара­лық стандарттарға сай жасалады. Байланыс операторларына антифрод жүйелерін енгізу және рұқсатсыз трафикті блоктау тәртібі міндеттеледі.

Сонымен қатар Кодекс смарт-келісімшарттарды құқықтық тұр­­ғыда реттейді. Смарт-келісім­шарт­тар дегеніміз – шарттар мен мін­деттемелерді автоматты түр­де орындайтын цифрлық бағ­дарламалар. Мысалы, егер келі­сімде белгілі бір жағдай орындалса, смарт-келісімшарт өзі автоматты түрде төлем жасап немесе хабарлама жібереді. Бұл адам­дардың араласуын азайтып, келі­сімдерді жылдам әрі қауіп­сіз орындауға мүмкіндік бере­ді. Құжатта смарт-қалалар мен смарт-аудандар ұғымдары да қарас­тырылған. Бұл – басқару, инфра­құрылым, мемлекеттік қыз­меттердің барлығы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізінде ұйымдастырылған аймақтар. Мұнда мысалы жол қоз­ғалысын басқару, комму­нал­дық қызметтерді бақы­лау, білім немесе денсаулық саласын­дағы қызметтерді үйлестіру жұмыстары автоматтандырылады. Нәтижесінде, тұрғындарға қызмет көрсету жылдам, ыңғайлы және ашық болады, ал мемлекеттік органдар деректер негізінде дұрыс шешім қабылдай алады. 

Цифрлық үкімет

Елімізде жасанды интеллек­тіні дамыту бағытында ұлттық платфор­ма құру қолға алынған. Қазір платформа сы­нақ режімінде. Платфор­ма ар­қы­лы деректер жиын­тығы­­на қол жет­­кізуге, модель­дерді жат­тық­­тыруға, жасанды интеллект агент­терін құруға болады. Бар­лығы жабық, интернетке қосыл­майтын қорғал­ған ортада іске асырылады. Жасан­ды интел­лект және цифрлық даму министр­лігі мемлекеттік органдармен бірлесіп 50 ЖИ агент жасап, сол ар­қылы шамамен 7 миллион аза­матқа қызмет көрсетуді жоспар­лап отыр. Алдымен ең көп уақытты алатын, халық үшін маңызды 50 үдеріс жасанды интеллект агенттері арқылы автоматтандырылады. Кейін бұл агенттер мобильді қосымшаларда қолжетімді болады. Вице-министр Дмитрий Мунның айтуынша, бірінші агент қазірдің өзінде мем­лекеттік қызметтер бойынша ­75% дәлдікпен көмек көрсетеді. Қызметті миллионнан астам пайдаланушы сынап көрген. Пай­даланушылардың тек 10%-ы агент­тің қызметіне төмен баға берген.

«Жүйені жетілдіру жұмыста­ры жалғасып жатыр. Жасанды интеллект агенттері мемлекеттік қызмет көрсетуді ғана жеңілдетіп қоймай, қызметкерлердің жұмыс уақытын үнемдейді. Мысалы, колл-орталықтарға келетін өтініш­тердің көлемі өте үлкен. Жаңа агенттер өтініштерді алдын ала саралап, қажетті заңдар мен нор­мативтік актілерді белгілеп бе­реді. Бұл азаматтарға жылдам әрі нақты жауап алуға көмегін тигізеді. Сонымен қатар платформаны пайдаланып, құжаттарды қазақша және орысша автоматты түрде аудару мүмкіндігі де ен­гізілді. Бұрын аударма тек адамдар арқылы немесе интернетке қосылған серверде жүзеге асырылса, қазір бұл жабық жүйеде толық автоматтандырылған. Бұ­дан бөлек, жасанды интеллект нор­мативтік құқықтық актілерді тал­дауға, ұсыныстар жасауға қабілетті. Мы­салы, дрондарды қолдануға байланысты заңдарды өзгерту жолдарын анықтап, қай заңда қай­шылықтар бар екенін көрсетеді. Бұл министрліктерге заңнамалық өзгерістерді жылдам және дәл жүр­гізуге көмектеседі. Платформа бизнес үшін де қол­жетімді болады. Үлкен деректер жиын­тықтарына қол жеткізу ар­қылы компаниялар өз жасанды ин­­тел­лект шешімдерін жасап, тес­­тілеу мүмкіндігіне ие болады», деді Д.Мун. 

Саладағы серпін

Елімізде цифрландыру жүйелі реформа ретінде барлық саланы қамти бастады. Биыл 2026–2027 жыл­дарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітіліп, нысандардың бүкіл жұмыс циклі – жоспарлау, жобалау, салу, пайдалану кезеңдері толық цифрлық форматқа көшеді. BIM-жобалау, цифрлық пас­порттар және құрылыс нормаларын машинамен оқылатын форматқа көшіру арқылы ашықтық артып, шығын мен тәуекел азаяды.

Денсаулық сақтау саласында да цифрлық трансформация қар­қынды. Бірыңғай мемлекеттік меди­цина­лық ақпараттық жүйе мен «Smart Data Healthcare» плат­формасы дерек­терді бірік­тіріп, басқару шешімдерін цифрлық негізде қабылдауға мүм­­кіндік береді. Емдеу тарихы, таға­йындаулар мен электрондық ден­саулық паспорты біріккен цифр­лық маршрутқа енгізілді.

Президент жариялаған Цифр­ландыру және жасанды интеллект жылы аясында отандық ком­­па­ниялар жоғары технология­лы өнім­дерін көбейтіп жатыр. Мысалы, «NERO Group» дерек­терді жолдайтын «ақылды» есеп­теу құралда­рын шығарып, инфра­құрылымдар­ды, ауыл ша­руа­шылығын және төтен­ше жағ­дайларды бақылауға арнал­ған ұшқышсыз ұшу аппараттарын ло­ка­­­лизациялауды бастады. Ком­­па­­нияның өндірістік ала­ңы «Алатау ин­новациялық техно­логиялар паркі» арнайы эконо­микалық аймағында орналасқан. Инвестиция көлемі 2,4 млрд теңге. Бүгінде зауыт жылу, су, электр энергиясы мен газға арнал­ған «ақылды» есептеу құралдарын шығарудың толық цикліне көш­кен. Өнімдердегі отандық үлес 58–83% аралығында. «NERO Group» құ­рыл­тайшысы Ерлан Нәбиевтің айтуынша, цифрландыру – тек технология емес, экономиканы жаңарту.

«Президенттің бастамалары ар­қа­­сында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы сала­сындағы цифр­ландыру бірін­ші кезектегі міндетке айналды. Біз жабдықтың қажетті көлемін қам­тамасыз етуге дайынбыз. Барлық аспаптарымыз деректерді жолдау функциясымен жарақталған, бұл заманауи диспетчерлеу қызметінің негізін құрай алады», дейді ол.

Ал Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұлттық цифрлық профильдер жүйесі мен ұлттық білім беру платформасын құруға кірісті. Осы мақсатта ұлттық білім беру мәліметтер базасы жаңартылып, барлық электрондық күнделік пен журналдар деректері «KazTech» ұлттық платформасын­да сақ­талады. Сондай-ақ Оқу-ағар­ту вице-министрі Асылбек Ахмет­жановтың айтуынша, 2026–2027 оқу жылынан бастап кейбір аймақтарда оқытушы жетіспейтін мектептерге арналған «Қазақ Digital мектебі» жобасы іске қосылады.

«Жаңашылдық педагогтердің күнделікті жұмыс жүктемесін азай­тады, себебі жасанды интел­лект агент­тері педагогтерге педа­гогика­лық кеңестерге дайындық кезінде көмек көрсете алады. Ал «Қазақ Digital мектебі» жобасы аясында жасанды интеллектінің репетиторлық қызметтері де қолданылады. Биыл 200 мыңнан астам педагог практикалық дағдылар мен біліктілікті арттыру курстарынан өтеді», дейді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында 92 ағаш заңсыз кесіліп, залал 760 мың теңгеден асқан

Қоғам • Бүгін, 00:29

Робот-хирург тізе буынын ауыстыру отасын жасады

Технология • Кеше

«Қайрат» бельгиялық «Брюггеден» ірі есеппен жеңілді

Футбол • Кеше

Жамбыл облысында оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Суперкомпьютердің қажеттілігі неде?

Қоғам • Кеше

Шымкенттің коммуналдық қызметі шетелдік компанияға беріле ме?

Оқиға • Кеше

4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды

Қоғам • Кеше

Әлемнің 10-шы ракеткасы атанған Бублик «Australian Open» турнирін сәтті бастады

Спорт • Кеше

Қостанайда өңір оқырмандарының «Оқы және жең» байқауы мәреге жетті

Аймақтар • Кеше

Қарағанды облысының велошабандозы әлемдік деңгейдегі команда құрамына енді

Спорт • Кеше

Банкоматтан қолма-қол ақша шешіп алатындар камераға не үшін түсіріледі?

Қоғам • Кеше

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Шымкент жаңа қадамға барды

Экономика • Кеше

Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?

Спорт • Кеше

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • Кеше

Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 08:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Атырау көпірі Гиннес рекордтар кітабында: ақиқат па, аңыз ба?

04 Маусым 2026 14:26see117

Алматының 16 оқушысы халықаралық олимпиададан түгел жүлдемен оралды

04 Маусым 2026 09:34see117

Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

04 Маусым 2026 13:06see117

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата аналары жауапқа тартылады

04 Маусым 2026 10:13see115

​КамАЗ дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

04 Маусым 2026 19:44see115

ЖИ саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңында талқыланды

04 Маусым 2026 09:23see114

​Атырауда Керемет паркі лаулап жанды

04 Маусым 2026 10:34see113

Мұхамедиұлымен байланысты компаниядан 1,3 млрд теңгенің активі мемлекетке қайтарылды

05 Маусым 2026 10:48see110

Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияларды бағалады

05 Маусым 2026 14:23see110

Қазақстанда полиция мен армияның қатысуымен ауқымды операция басталды

05 Маусым 2026 09:45see110

Олжас Бектенов: Агробизнес ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруы тиіс

05 Маусым 2026 17:31see110

Президент Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы айтты

05 Маусым 2026 13:24see109

Ғалымдар жойқын магниттік дауыл туралы ескертті

04 Маусым 2026 17:44see109

Зейнетақы жинақтарын алуға неліктен рұқсат берілді және жеткіліктілік шегі не үшін көтеріліп жатыр Ұлттық банк басшысы түсіндірді

05 Маусым 2026 15:22see109

Баласы бар сотталған азаматтарға жеңілдіктер беріледі заңға түзету енгізілді

04 Маусым 2026 13:01see109

ЖСН, телефондар мен мекенжайлар: коллекторлардан барлық дерлік қазақстандықтардың деректері бар база табылды

05 Маусым 2026 12:03see108

Пакетке салып, қоқысқа тастады : Атырауда мысық пен безектердің тағдырына байланысты дау туды

04 Маусым 2026 14:27see108

​Каспийде жыл басынан бері 32 ші жер сілкінісі болды

05 Маусым 2026 13:41see108

Елімізде 34 градусқа дейін ыстық болады

05 Маусым 2026 08:07see107

Интерпол ұстағаннан кейін құпия Атыраулық хакерді Қазақстанға қайтаруға дайындалып жатыр

04 Маусым 2026 13:31see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары