Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Жаңашылдық ескерілетін жұмыс

Жаңашылдық ескерілетін жұмыс

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жүсіпәлі Сламқұл – 22 жас­та. Былтыр Еуразия ұлттық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» маман­дығын грантта оқып, үздік бітір­ген. Талапты жас елдің өркен­деуіне, әсіресе өңірлердің сапалы дамуына ықпал еткісі келеді. Осы мақсатта туған өлкесіне оралып, Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру құқықтық бөлім­шесінің бас маманы ретінде жұ­мысқа орналасқан. Түрлі сессиялар мен тұрақты комиссия отырысын өткізу жұмысының бел ортасында жүрген маман «Мемлекеттік дүниеге «сенікі» емес, «біздің» деген көзқараспен қарасақ, іс өнімді болады», дейді.

– Мемлекеттік грантпен оқу­ды үздік аяқтаған (GPA 3.33-тен жоғары) түлектер бір жыл ішін­де аудандық және ауылдық дең­гей­дегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз (тестсіз және сұхбатсыз) тікелей қабылданады. Осылай қызметке конкурстық іріктеусіз қабылдандым. Міне, 230 мыңнан аса халық қоныс­танған ауданда жұмыс істеп жүр­геніме жылдан асты. Осы уақыт ара­лығында біраз тәжірибе жи­нап үлгердім. Түсінгенім, ауыл­дың дамуы ең алдымен базалық инфрақұрылымнан басталуы керек. Америкалық философ Абраһам Маслоу пирамидасына сүйенсек, жұртшылыққа әуелі таза ауызсу, электр жарығы, жол сияқты қажетті дүниелер то­лыққанды қамтамасыз етілуге тиіс. Осы мәселелер шешілмей тұ­рып, өзге бастамалардың нәти­желілігі де төмен болады. Қоғам мен мемлекет арасындағы жауап­кершілік көзқарастың да өзіндік салмағы бар. Халық ауылды немесе өңірді көркейту тек мемлекеттің міндеті деп емес, ортақ іс деп қабылдаса, кез келген бастама әлдеқайда жылдам әрі тиімді, жүйелі жүзеге асады, – деді Ж.Сламқұл.

Бүгінде Жүсіпәлі секілді дип­ломды ала сала, ауылға жол тар­татын жастар санаулы. Бұл да – мемлекет деңгейінде жылдар бойы айтылып жүрген күрмеулі мәселе. Кейіпкеріміздің пайымынша, осы бағытта аймақтың тар­тымдылығын арттыру үшін бағ­дарламалар тиімді әрі нақты, шынайы нәтиже беретін деңгейде жүзеге асуы керек.

– Бұл құбылыс – ірі қалалар­дың өзінде де байқалатын үдеріс. Мұның шешімін көпшілігі ниет пен жауапкершілікке артады, әрине, ол да маңызды. Әдетте ең тиімді нәтиже тұрғын үй, табыс, мансаптық мүмкіндік пен өмір сапасын қатар жақсартқанда байқалады. Салаға қатысты айтар болсам, мемлекеттік аппаратты заманауи бағытта жаңғырту қажет. Жасанды интеллектінің дәуірінде қайталана беретін іс-әрекетті ЖИ көмегімен реттеген дұрыс. Өзім жұмыс барысында пайдаланып жүрмін, – деді ол.

Жасанды интеллект мүмкін­дік­терін мемлекеттік қызметте тиімді пайдалануға болады деген пікірді жас мемлекеттік қыз­меткер Ноян Жүнісов те қуаттайды.

– Мемлекеттік қызметке қызығушылығым студент шақта «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасынан басталды. Мақсатым – өңірді дамыту. 2015 жылы ректордың көмекшісі ретінде еңбекке араласып, кейін мәдениет саласында түрлі бағытта қызмет еттім. Сөйтіп, 2024 жылы Өңірлік кадр резервіне іріктеліп, меритократия қағидаты негізінде Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалдым. Мем­ле­кеттік қызметтің шынайы мектебі өңірде қалыптасатынын осы тәжірибе айқын көрсетті. Сол уақыттан бері саланы цифр­лан­дыру, жаңа технологияларды енгізуге басымдық бердім. Мысалы, былтыр облыстың мемлекеттік архивтерінде 10 131 іс, 1 001 504 парақ цифрландырылды, бұл мемлекеттік архивтерде сақталатын, сақтау бір­ліктері санының тек 0,43%-ын құ­райды. Осы орайда мәде­ниет бас­қармасы заманауи принтер­­ді са­тып алу бойынша жұмыс жүр­гізіп жатыр. Қазір архивтен анық­тама­ны алу 11 жұмыс күні бол­са, цифрланған сақтау бірліктері үле­сін 50% арт­тырған жағдайда,мем­ле­кет­тік көр­сетілетін қызметті 5–7 күн­ге қыс­­қарта аламыз, – деді Н.Жүнісов.

Жас маман өңірде мәдени ғимараттардың тапшылығы барын да жасырмады. Осы орайда ол инфрақұрылымды дамытуда кәсіпкерлер де белсенді араласса деген ойын жеткізді.

– 2025 жылы Мәскеу қаласына жұмыс сапарымда жеке инвес­тиция есебінен ашылған музейлер мен театрлар, сондай-ақ шығармашылық жастарға ар­налған креативті алаңдардың кең да­мығанына назар аудардым. Әсі­ресе бұрынғы тарихи электр стан­сасының негізінде қайта жаң­ғыртылған «ГЭС-2» Мәдениет үйі ерекше әсер қалдырды. Бүгінде бұл кеңістік көрме, дәріс, концерт және түрлі шығармашылық бағдарламалар өтетін заманауи мәдени орталыққа айналған. Осындай үлгідегі мәдени орта­лықтар бізде де көбірек ашылса деймін. Бұған бизнес өкілдері үлес қосса, игі. Ізінше ауылды мәдени шаралармен байытсақ, рухани дем бердік деген сөз. Өңірлерде талантты жастар өте көп, – деді мемлекеттік қызметкер.

Ноян енді Президент жанын­дағы Мемлекеттік басқару акаде­миясында ашылған «Цифр­лық мемлекеттік басқару» бағдарламасына докторантураға тапсырды. Осындай мақсаты айқын, өңірде ысылған жастар билік пен бұқара арасындағы сенімді нығайта түседі. Әрі басқару жүйесінің жаңа буынын қалыптастырады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 11:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see162

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see161

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see158

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see155

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see154

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see153

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see147

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see146

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see143

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see139

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see138

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see130

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see127

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see127

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see126

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see123

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see122

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see122

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see121

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары