Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Краснахоркаи феномені: қасірет пен музыканың тоғысқан тұсы

Краснахоркаи феномені: қасірет пен музыканың тоғысқан тұсы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Өзін әдеби ортадан ада, әлеуметтің, саясаттың қуыршағы болудан алыс ұстайтын жазушы әдебиет саласында марапатқа ие болды. Оның еңбегіне Швед академиясы «күйреудің алдына тұрған дүниеден бір жарық сәулені байқап, соның соңынан қуғандай» деп баға берген. Жазушының атын әлемге әйгілеген «Ібілістің биі» романы әдебиеттегі жаңа жолдың, бөлек стильдің барын нұсқап тұр.

Музыка ырғағындағы шығарма

Иә, автор 2014 жылы The New­ York Times-қа берген сұхбат­ын­да «өзіме дейінгі әдеби дәс­түрден алыстап, екінші Кафка, Дос­тоевский немесе Фолкнер емес, мүлде бөлек, түпнұсқа стиль жаса­ғым келеді» деген екен. Айт­қанындай, оның кей­інгі «Herscht 07769» романы әде­биет әлеміне төңкеріс алып келді. 2021 жылы АҚШ-та бас­ыл­ған роман бір сөйлемнен құры­л­ған. Кітапта Еуропадағы фашизмнің өршу қаупі туралы ескертіп, Германия­дағы қабырға суретін тазалаушы­ның канцлер Ангела Меркельге жолдаған хаты түрінде берілген. Қызығы сол, бір сөйлем 400 бетке ұлас­қан. Германиядағы панде­мия алдындағы әлеуметтік толқуды дәл бейнелегені үшін «заманауи неміс романының үздігі» деп танылды. 

Британның The Serpent’s Tail баспасы шығарманың мазмұнын былайша сипаттайды: «Мейірім­ді дәу Флориан Хершт – нео­на­ци­ст асырап алған жетім бала. Оны қабырға суретін тазалау­шыға шәкірт етіп қояды. Қо­жайы­ны Бахтың жанкүйері әрі қаладағы әйгілі композитордың ескерткішіне қасқырдың суретін салатындарға ашулы».  

71 жастағы венгр жазушысын оқырманы Нобельдің тұрақты үмкіткерлері қатарына қосқалы қашан. Оның «Ібілістің биінен» басқа «Қарсылық меланхолиясы» (1989), «Соғыс пен соғыс» (1999), «Сэйобо төменде» (2008) шығар­масы ел арасында танымал бол­ды. Әріптестері болса оның ерек­ше стилі мен мұң мен әзіл-оспағы қатар өрілген әңгімесін жоғары бағалайды. Мәселен, Америка жазушысы Сьюзан Сон­таг оны «апокалипсис шебері» деп атаған. Нобель ком­и­тетінің мүшесі Стив Сем-Санд­берг баспасөз мәслихатында Крас­нахоркаидың  музыка ырға­ғына құрылған эпикалық стилін мақтаған. «Академия оны иллюз­иядан ада көркем көзқа­расы, қоғамның әлсіз тұсын анық көруі, өліара шақта да өнер­дің күшіне сенгені үшін марапат­тады» деді. Нобель иегерінің өзі марапатталғанын телефон арқы­лы біліп, Швеция радиосына «мен өте қуаныш­ты­мын, рақмет! Болашақта не болар­ын білмей­мін»  деп қысқа қайырған. Әрі әзірше ешкімге сұхбат бермей­тінін айтқан. Өйт­кені жазушы Франкфурт қала­сын­да сапарда жүр. Сыйлық ие­сіне желтоқсан айында Сток­гольмде өтетін жиынында табыс­та­лады. Оған қоса, Ласло – Но­белі бар екінші венгр жазушысы. Бұған дейін 2002 жылы Имре Кертес әде­биеттегі беделді сыйға ие болған. 

Айталық, Краснахоркаи бес роман жазған әрі сол үшін бір­неше әдеби сыйлық алған. 2015 жылы халықаралық Букер сый­лы­ғын иемденді. Бұл марапат жазушының  бір ғана туындысы үшін емес, жалпы шығарма­шы­лығына берілген марапат. Ал оны әлемге әйгілі еткен ең алғашқы романы – «Ібілістің биі». 1985 жылы жарыққа шыққан романы Венгрияға үлкен әдеби серпіліс әкелді. Романда заманақыр суреттелген. Жазушының өзі Paris Review-ге берген сұхбатында сол шақта аталған романның шы­ғуы мүмкін еместей көрінге­нін, коммунистік жүйе үшін тым өткір туынды болғанын айтқан. Шығармада қираған ұжымшар­дағы адамдардың өмірі суретте­леді. Қоғамның күйреуі, па­ранойя, қорқыныш пен адам­зат­тың рухани адасқанын бейне­лейді. Краснахоркаидің өзі де саяси роман жазбайтынын, қо­ғамның бет-бейнесін көрсете­тінін нұсқаған. Соның ішінде коммунистік жүйенің жетегінде кететін қоғамға өкпелі екенін атап өткен. Ақын Джордж Сир­тес те «ол саясат туралы емес, қоғамның ыдырауын бас­тан кешіп жатқан адамдардың өмір­лік тәжірибесін суреттейді»  деген. 

Дәл осы романды режиссер Бела Тарр бір түнде оқып, таң ата жазушыдан кино түсіруге рұқсат сұрап хабарласқан. 1994 жылы ол бұл туындыны жеті сағатқа ұлас­қан фильмге айналдырды. «Ро­ман­дағы адамдардың бәрі кедей, сорлы болғанымен, Красна­хоркаи оларға сирек кездесетін адамдық қадір-қасиет сыйлады»  деген екен режиссер. Бұдан бө­лек, жазушы мен режиссер бірігіп, бірнеше сценарий жазып, фильм түсірді. 2000 жылы «Қар­сы­лық меланхолиясын» таспа­лап, оны «Верктмайстер гар­мо­ниясы» деп атады. Кең тынысты, ұзақ сөйлемге құрылған бұл роман шағын венгр қалашығында болған оқиғаны суреттейді.

Бір ғана кітап жазамын...

Ласло Краснахоркаи 1954 жылы Будапештен 190 шақыр­ым­дай жерде орналасқан Дьюл­а қаласында дүниеге келген. Атасы еврей екенін жасырып, асси­миляция жасау үшін Корин тегін Краснахоркайға өзгерткен. Лас­лоның өзі мұны 11 жасқа толған­да білген. 

Бала кезінен музыкаға бейім болған. Кәсіби музыкант ретінде жұмыс істеп, джаз ансамблінде пианино ойнап, рок-топта ән сал­ған. Әкесі – заңгер, анасы әлеу­меттік қамсыздандыру ми­нистр­лігінде қызмет еткен. Каф­каның шығармашылығына тәнті болған Краснахоркаи бастапқыда заң мен қылмыстық пси­холо­гияны оқы­ғы­сы келгенімен, кейін венгр тілі мен әдебиетін таңдаған. 

Мектептен кейін әскер қа­тарына шақырылып, тәртіп бұз­ғаны үшін жазаланған соң әс­керден қашып кеткен. Кейін әртүрлі жұмыс істеген. Тіпті, шахтаға түсіп, түнде мал күзет­кен. Сол шақта болашақ жазу­шы­ға Достоевскийдің, Мал­кольм Лоуридің «Жанартау ас­тында» атты романы серік болған. Ласло бұл романды «Менің Інжілім» деп жанынан тастамаған. 

Сонымен, музыканы жаны сүй­ген ол алғашында бір ғана кітап жазып, кейін музыкаға қайта оралғысы келген. Бірақ 1980 жылы Венгриядағы цен­зура­ға қарамастан әдебиетке ден қойды. Алғашқы әңгімесі шық­қаннан кейін оны полиция анти­коммунистік көзқарасы үшін тер­геп, төлқұжатын тартып ал­ған. Сөйтіп, 1985 жылы әдеби сенсация деп бағаланған «Ібіліс­тің биі» романын жазып шыққан. Осылайша, айрықша стилі бар жазушы әдеби әлемнің мойнын бұрғызады. 

Бастапқыда ұзақ сөйлемге құрылған, пунктуациясыз проза­сының кең танылатынына жазу­шының өзі де сенбеген. «Бұл кітап­тар кей оқырманға қиын көрінуі мүмкін, себебі шығар­мада үзіліс жоқ» деген екен Ласло. Оқырман Краснахоркаи туындыларын саяси астары үшін бағалайды. Жазушы шығарма­ларында авторитаризм мен оң­шыл идеологияның күшеюіне сын айтады. Ол Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан мен оның «Фидес» партиясын да ашық сынаған. Ласлоның аудар­машысы Оттилия Мульцет бұл қадам жазушы үшін қауіпті екен­ін бірнеше рет айтқан. 

«Ол венгр қоғамына сатира­лық айна ұстатады. Орбан сая­саты­на қарсы пікірін ашық біл­діру арқылы үлкен батылдық көр­сетті», – деді аудармашы. Ал Виктор Орбан әлеуметтік желіде Краснахоркаиды Нобелімен құттықтап, «еліміздің абыройын асқақтатты» деп жазды. 

Қош, Нобель сыйлығы – әлем­дегі ең беделді әдеби мара­пат. Кей жерде бұл сыйға жазушы шығармашылығының шыңы деп айдар тағады. Десе де, кейінгі жылдары Швед академиясына  сын айтатындар да бар. Себебі сый­лықтың басым бөлігі Еуропа мен Солтүстік Американың ер-азаматына берілетін. Соны жуып-шайғандай былтыр сый­лық оңтүстіккореялық Хан Кан­ға бұйырды. Ол «Ет жемейтін әйел» атты сюрреалистік ро­маны­мен танымал болды. Одан бөлек, лауреат атанғанның ара­сын­да Зангибардан шыққан Абдулразак Гурна, француз жазу­шысы Анни Эрно бар. 

Баспагер Барбара Эплер Крас­нахоркаидың ерекшелігін талдай келе, «оның прозасында бір таңғажайып тепе-теңдік бар, қараңғылықтың ішінен жеңіл күлкі естігендей боласың» деген екен. Бақсақ, шығармашылығы өзі сүйген музыка, соның ішінде үрейлі әуен сияқты естіліп, оқырманын елітіп әкетеді. Осы беймәлім сезімді соңына дейін сақтап, жақсылықтың ерте ме, кеш пе келетінін дәлелдейді.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 06:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see159

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see152

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see144

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see143

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see141

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see140

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see137

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see122

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see121

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see119

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see119

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see118

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see117

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see116

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see113

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see112

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see110

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see109

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары