Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Құрылтай төрағасы сайланды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

Қасірет құшқан қоғам

Қасірет құшқан қоғам

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кез келген ажал құшқан азамат толықтай бір қоғамның руханиятына дерт болып жабысады. Өкінішке қарай, елімізде өз-өзіне қол жұмсау статистикасы жаға ұстатып отыр. Ресми мәліметтерге қарағанда, мұндай оқиғалардың небәрі 5-6 пайызы ғана Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергеледі екен. Ал қалғаны жабулы қазан күйінде қалады. 

Өзіне-өзі қол жұмсау оқиға­лары­ның тек 5-6%-ында ғана қай­ғы­лы оқиға  Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қыл­мыстық істер аясында тергеуге негіз бо­лады. Айта кетейік, суицид жағдайлары ұғы­мына өз-өзіне қол салу да, сол сияқты суицид  жасауға оқталу ретінде тір­келген жағ­дай­лар да кіреді. Осыған ұқ­сас оқиғалардың аз ғана бөлігі сотқа дейін жетеді. Мұндай жағдай бірнеше жыл­дан бері жылдан-жылға қайталанып ке­леді. 

Бір жыл ішінде іс жүзінде әлдеқайда көп қылмыстық іс қозғалғанын, бірақ кей­бір жағдайларда тергеу әртүрлі се­беп­пен тоқтатылғанын (күдік рас­тал­ма­ған, жәбірленушінің туыстарынан арыздар түспеген және т. б.) атап өткен маңызды. Мұны 2025 жылдың қаңтар-мамыр ай­ла­рын­дағы статистикадан байқауға болады. Бес ай ішінде «Өзін-өзі өлтіруге дейін жет­кізу» бабы бойынша 655 қылмыстық іс тіркелген, бұл былтырғы жылдың жал­пы санынан айтарлықтай көп. Ал суи­цид­тердің жалпы санындағы қылмыстық іс­тердің үлесі айтарлықтай жоғары болып шық­ты – 21%. Бұл әрбір бесінші адамның өз-өзіне қол жұмсауы заң жүзінде қара­ла­ды дегенді білдіреді. Алайда қарау ба­ры­сында істердің басым бөлігі қысқар­ты­лады немесе ҚР ҚК-нің басқа баптары бойын­ша қайта сараланады, ал «Өзін-өзі өл­тіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тек барлық суицидтік актілердің 6%-ы ға­на қалады. 2024 жылы осындай қыл­мыс­тық істердің тек 17-і  сотқа жетсе, биыл­ғы жылдың алғашқы бес айында бар бол­ғаны үш іс қозғалған. 

Парламент Мәжілісінің депутаты Гүл­дара Нұрымова суицид тақырыбы қоғам үшін өзекті мәселе екенін алға тар­тып отыр. Оның сөзінше, мұндай іс-әре­кет­терге психологиялық ауытқуы бар адам­дар көп барады.

– Қазақстан Конституциясына сәй­кес әр адам өмір сүруге құқылы. Өмір – мем­лекет қорғайтын ең қымбат құн­ды­лық. Бірақ, өкінішке қарай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойын­ша, әлемде әрбір 45 секунд сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсайды. Бұл – өте қорқынышты көрсеткіш. Қазақстанда да суицид мәселесі қоғам үшін, әсіресе жастар арасында, өзекті проблема болып отыр. Үкімет бұл жағдайды елдің әлеу­меттік, экономикалық және пси­хо­ло­гия­лық ахуалының маңызды көрсеткіші ре­тінде қарастырады.

Бұл сандар көңіл қуантарлық емес. Себебі әрбір статистиканың ар­тында бір адамның өмірі, бір отбасының қайғысы жатыр. Сондықтан мұндай жағ­дай­лардың алдын алу – тек заңмен емес, қо­ғамның, отбасының және әрбір адам­ның ортақ міндеті, – дейді Гүлдара Нұры­мова.

Мамандардың сөзіне сенетін болсақ, өз-өзіне қол жұмсаған әр төрт адамның біреуі психикалық аурумен ауырады. Кө­біне психоз, шизофрения немесе ма­ниа­кальды-депрессиялық бұзылысы бар адам­дар осындай қадамға барады. Әсіре­се, психикалық сырқаттың өршуі немесе ба­сылу кезеңінде суицид қаупі жоғары бо­лады. Өкінішке қарай, өз-өзіне қол жұм­сау фактілерінің тек 5-6 пайызы ғана «Суицидке дейін жеткізу» бабымен тер­геледі. Көп жағдайда мұндай істер сотқа дейін жетпей қалады. Себебі кейбір отба­сы мүшелері бұл туралы айтуға ұялады немесе діни себептермен жасырады.

Суицид тақырыбы қалай зерттелді? 

Жалпы, суицид мәселесін зерттеу француз ғалымы Эмиль Дюрк­геймнің Le Suicide (1897) еңбегінде кө­рі­ніс табады. Әлеуметтанушы Темірлан Тө­­­леудің сөзінше, дәл осы еңбек суицидті әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырған ал­ғашқы ғылыми-зерттеу болып сана­лады. Дюркгейм өз еңбегінде адамның өз-өзіне қол жұмсауын тек психология­лық емес, әлеуметтік себептермен де бай­­ланыстырады. Оның айтуынша, қо­ғам­дағы суицид деңгейі адамдардың бір-бірімен байланысына, яғни әлеу­мет­тік интеграция деңгейіне тікелей әсер етеді. Егер бұл байланыс әлсіресе, адам жал­ғыздықты жиі сезініп, өмірден түңілуі мүмкін.

– Дюркгейм атап өткендей, қалалық ор­тада суицид көрсеткіші ауылдық жер­лерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Се­бебі қала өмірінде адамдар арасындағы бай­ланыс әлсірейді, индивидуализм кү­шейе­ді. Мұндай жағдайда адам өзін қо­ғам­нан оқшау сезінеді, айналасын­дағы­лар­мен эмоционалды байланысы жо­­ға­лады. Ғалым бұл құбылысты «әлеу­меттік ин­теграция» және «аномия» ұғым­дары ар­қылы түсіндіреді. Қарапайым тілмен айт­қанда, аномия – қоғамдағы ере­желер мен нормалардың әлсіреуі не­месе жойылуы. Мұндай жағдайда адам­дар өмірлік бағы­ты­нан айырылады, ал бұл өз кезегінде өз-өзіне қол жұмсау қау­­пін арттырады, – дейді әлеумет­тану­шы.

Арсыз іске итермелеу – ауыр қылмыс

Елімізде болып жатқан суицидтік жағдайлардың 60,7%-ында себеп анықталмаған. Бұл туралы айта келе адвокат Эльнура  Кишкенбаева адамды себепсіз өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу ауыр қылмыс болып саналатынын тілге тиек етті. 

– Мұндай істерде басты назар дәлел­де­мелерге аударылады. Олар – жә­бір­лену­шінің жеке жазбалары, куәгерлердің ай­ғақтары, хат-хабарлар, аудио немесе бей­нематериалдар және психологиялық са­раптама қорытындысы. Тек осы дерек­тер арқылы  адамның ерік-жігеріне жүйе­лі түрде әсер етілгенін дәлелдеуге мүм­кін­дік бар.

Қазір қоғамда жиі айтылатын, бірақ дә­лелдеуі ең қиын мәселелердің бірі – пси­хологиялық зорлық пен моральдық қы­сым. Мұндай зорлықтың ерекшелігі – ол адамды ұрып-соқпайды, оның ішкі жан дүниесіне, эмоциялық күйіне әсер етеді. Қорқыту, кемсіту, манипуляция жасау сияқты әрекеттердің нақты материалдық айғағы бола бермейді. Сондықтан мұндай істің көбі тергеу сатысынан әрі аспай қа­лады.

Сондықтан адамды суицидке итер­ме­леу фактілерін тергеу үшін жоғары кә­сі­би деңгейде сараптама жүргізу, цифр­лық және психологиялық дәлелдердің са­пасын арттыру қажет. Себебі әрбір осын­дай істің артында бір адамның өмі­рі, бір отбасының тағдыры тұр, – дейді Эльнура  Кишкенбаева.

Суицидке жиі баратындар – ер адамдар

Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу құр­бандары көбіне ер адамдар. Finprom.kz сайтының дерегінше, биылғы жыл­дың алғашқы бес айындағы ста­тис­ти­ка бойынша зардап шеккендердің 71,5%-ы немесе 377 адам – ер адамдар. Ең жиі кез­де­сетін жас санаты – 30 мен 49 жас ара­лығындағы орта жастағы адамдар. Олар­дың жиынтық үлесі 40,8%-ды құ­рай­ды. Осы статистикадағы 18 жасқа дейін­гі балалар мен жасөспірімдердің үле­сі  10,4% немесе 55 адамды құрайды.

Бұл жағдайдың басты себебін әлеу­мет­танушы Темірлан Төлеу экономи­ка­лық факторға теліді.

– Көптеген қоғамда, соның ішінде Қазақстанда да, ер адамдардан «жер тірегі болу», материалдық және моральдық жауап­кершілікті көтеру керек деген көз­қарас қалыптасқан. Бұл қысым пси­хо­логиялық тұрғыда ауыр тиеді. Оның үсті­не, ерлерге «жылама», «әлсіз болма» де­ген нормалар жиі сіңіріледі. Соның сал­дарынан олар психологиялық көмек сұ­рауға сирек барады. Менің ойымша, ең бас­тысы – экономикалық фактор. 30-49 жас аралығы еңбекке қабілетті, отба­сы­лы, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кезең. Жұмыссыздық, қарыз, кәсіби күй­зеліс сияқты факторлар осы топқа қат­ты әсер етеді. Осы және басқа да фак­торлардың әсерінен ер адамдардың ара­сын­да өзін-өзі қол жұмсау жоғары, – дей­ді әлеуметтанушы.

Жалпы алғанда, Қазақстанда соңғы бір­неше жыл ішінде суицидтердің саны бір деңгейде қалып отыр. Осы жылдың алғашқы бес айында Қа­зақстанда 1,4 мың өз-өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелді. 69,8% жағдайда мұндай шара­сыз қадамға ер адамдар барған. кә­мелет жасына толмаған 89 бала қаза тапты. Сон­дай-ақ кәмелетке толмағандар ара­сын­да өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің 195 жағ­дайы тіркелді.

P.S. 

Өмір – бізге берілген ең қымбат сый. Адам кейде ауыр сөзден, салқындықтан өмірден түңіліп кетуі мүмкін. Бірақ дәл сол сәтте бір жылы сөз, бір шынайы қолдау оның өмірін өзгертіп, үміт отын қайта жаға алады. Бір қоғамда өмір сүргеннен кейін жылы сөзден мақұрым қалмайық.

Әсет ҚАЛИ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 08:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see159

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see159

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see153

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see141

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see138

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see138

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see137

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see137

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see135

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see135

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see132

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see129

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see129

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see128

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see127

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see126

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see126

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see124

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

29 Тамыз 2026 21:14see120

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

29 Тамыз 2026 21:13see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары