Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қоғам қуатын тұтастандырады

Қоғам қуатын тұтастандырады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мемлекет басшысы әр жылдың басында танымал ұлттық басылымға сұхбат беріп, қоғамды толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап қатуы – игі дәстүрдің жөні. Осыған дейін «Egemen Qazaqstan», «Ana tili» газеттеріндегі, биыл «Turkistan» басылымындағы Президент сұхбатының қай жағынан алсаңыз да мәні айрықша.

Бас газетке 2024 жылы сұхбат алғанда байқағанымыз: Қасым-Жомарт Кемелұлы әр сұраққа аса байыпты жауап береді. Ал сұхбаттың жұмыс нұсқасын қағазға түсіріп пысықтарда әр сөзге, сөйлемге, дерекке мұқият қарайтыны таң­ғал­дыр­ды. Мемлекет басшысы кәсіби елші, шет тілі мен халықаралық қаты­нас­тар маманы ретінде философия, стилистика, логика, психология пәндерін теория жүзінде де, практика жүзінде жетік меңгергенін аңғартты. Қайраткердің саяси қыз­меттегі тәжірибесі Қазақстан қоғамының ішкі әлемін, ой-аңсарын, құндылықтарын сабақтастықта қарауға жұмылған. Мемлекет басшысы ой мен сөз жүйесінің семантикасы пен прагматикасы тең түсіп жатады.

Биылғы сұхбат өзегі «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам бас­ты» деп аталып, ә дегенде дәстүрлі БАҚ-қа көңіл аударылды. «Қазіргі таңда баспасөз заман талабына бейімделіп, ақпарат айдынынан өз орнын тауып отыр. Газет тілшілері жан-жақты шолулар мен терең сараптамалар жасауға баса мән береді, ағартушылықпен айналысады. Кәсіби әрі өз ісіне адал журналистер сапалы материалдар әзірлеп, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға елеулі үлес қосып келеді. Мен сүйікті Отанымыздың игілігі үшін барлық салада табысты еңбек етіп жүрген мықты азаматтар тура­лы мәліметтерді көбінесе газеттерден аламын», деді Президент. Мысалы, сөз бен істің мәні десек, оның арғы жағында таным, ойлау, қарым-қатынас, тереңдік, жауапкершілік, адамның өмір сүру мен дамуға деген көзқарасы, ортамен, әлеммен байланысы тұрады. Осыны жалаң немесе құрғақ сөзбен емес, дерекпен, дәлелмен талдап-таразылап айту – замандасты да, ұрпақты да өсіреді. Мұны, әлбетте, дәстүрлі газет-журнал мен сындарлы кітаптар жүзеге асырады.

Сұхбаттағы 2025 жылы эконо­микалық 6 пайыз өсімінің мән-мағынасы, салық жүйесін қайта құру негіздері, көлік-логистика саласының әлеуетін арттыру жайы, ауыл шаруашылығына жаңаша көзқарас, бірлік пен жасампаздық тетігі ретінде кооперацияны дамыту жолы, туризмді жан-жақты жандандырудың мүмкіндіктері жұртқа жатық тілмен, оймен түсін­діріледі. Сондай-ақ қоғам мен билікті үйлестіретін, түрлі әлеуметтік жіктерге салиқалы ой салатын мәселелер де айтылған. Мәселен, қайтарылған активтер тура­лы: «Олигополия өкілдерінен 1,3 триллион теңгеден астам қаржы өндірілді. Соның 1 триллион теңгеден астамы мемлекет қазынасына түсті. Арнайы мемлекеттік қордағы қа­ражат есебінен елімізде жалпы құны 482 миллиард теңге болатын 434 әлеуметтік және коммуналдық нысан салынып жатыр». Атом стансалары туралы: «Бірнеше атом стансасын салу – біріншіден, тарихи олқылықтың орнын толтыру деген сөз. Себебі уран өндірісі бо­йынша әлемде көш бастап тұрған елдің бірде-бір атом электр стансасын салмауы мүлдем ақылға қон­байды. Екіншіден, бұл қадам Қазақстанның абырой-беделін нығайта түседі. Біз атом стансаларын салу арқылы техникалық интеллигенцияның жаңа буынын қалыптастырамыз. Тиісінше, мемлекеттік саясаттың түпкі мәнін өзгертеміз». Халық алдындағы жауапкершілікті түсінетін буржуазия туралы: «Халық болмаса, олар ешқашан табысқа жете алмас еді. Мен қоғамның игілігіне қызмет ету билік жүктеген міндет емес, мәртебелі парыз екенін тағы да олардың есіне салдым. Осы орайда, шетелде табысқа жетсе де, туған жерін ұмытпай, халқына көмектесіп жүрген ірі кәсіпкерлерді жақсы үлгі ретінде атап өттім. Ондай азаматтар ауқымды жобаларды жүзеге асырып жүр. Ірі бизнесмендерге қарапайымдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттер қажет». Рәсуа болып жатқан мемлекет қаржысы тура­лы: «Тиісті мекемелердің жөнсіз іс-әрекеттерінің кесірінен білім беру және денсаулық сақтау салаларында жеке кәсіпкерлік ұғымы бұрмаланып кеткен. Ахуалды түзеу қажет».

«Turkistan» басылымында Президент елдік жауапкершілікке көзінің қарашығындай қарайтынын тағы да мәлімдеді: «Мен Мемлекет басшысы ретінде осындай жауап­кер­шілікті өз мойныма аламын. Болашақта да бұған дайынмын». Таңдаулы бір ойы: «Мен үшін қағаз жүзінде емес, іс жүзінде нақты нәтижеге қол жеткізу бәрінен де маңызды!».

Мемлекет басшысы жылқы жылында атқарылуға тиіс жұмыстарды да санамалап өтіпті. Оның елеулісі – саяси және экономикалық рефор­маларға қатысты кешенді жұмыстар. Атаулы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жоспар-жобасының сан салаға әсер беретін қуаты тағы бар. Тәуелсіздіктің 35 жылдығы – үлкен тарихи-мәдени белес. Мұның идеологиялық, тәрбиелік мәні айрықша. «Таза Қазақстан» акциясы мен ұғымының қалыпты өмірлік шындыққа, елдік дәстүрімізге айналуы. «Түптеп келгенде, тазалық ұлт болмысының өзегіне айналуға тиіс» деген Пре­зидент идеясына көп нәрсе сыйып тұр.

Қазақстанның 2025 жылғы ірі жеңісі – экономикамыздың басым бағыттарын дамытуға жұмсалатын құны 70 миллиард долларлық келі­сімге қол жеткізген сыртқы сая­сат­тағы Мемлекет басшысының беделі екенін көзіқарақты жұрт жақсы біледі. Сұхбатта халықаралық әрбір келіссөздің экономикалық, инвестициялық ықпалдастыққа, әлем­дік аренадағы игі қарым-қаты­насқа қатысы бары да байыпталды.

«Бәрін айт та, бірін айт» деген, барлық салаға да сауаттылық маңыз­ды. Әсіресе бүгінгі жас буын үшін қай бағытта да сауаттылық, біліктілік – өзін де, елді де таныту өлшемі. Президент: «Шынымен де мәтінмен жұмыс істеуге әбден дағдыланғанмын, нашар стильді, әсіресе әріп қатесін суқаным сүймейді. ...Саналы ғұ­мырым темірдей тәртіпті, зор жауап­кершілікті, жүйелі жұмыс істеуді талап ететін мемлекеттік қызметте өтіп келеді. Мұның бәрі менің мінез-құлқым мен дүние­таны­мыма өз әсерін тигізді. Сондықтан «Сіз кімсіз?» деген сипаттағы са­уалыңызға қысқаша ғана «мен – мем­­лекетшіл адаммын» деп жауап берейін» депті. Біз осы ойдан сұхбаттың темірқазығын аңғар­ған­даймыз.

Біз жастар арманымен, жос­парымен санасуымыз керек. Ол арман-аңсардың тек сауаттылықпен ғана жүзеге асатынын жас буын да түсінеді деп сенеміз.

«Turkistan» газетіндегі Мемлекет басшысы сұхбаты әр буынның, әр саланың алдындағы елдік жауап­кершілікті сезіндіріп, қоғамды тұтастандыра түсті деп санаймыз.

Дихан Қамзабекұлы,

Ұлттық құрылтай мүшесі 

Соңғы жаңалықтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

Стоматология жұмысын жүйелеген

Жоба • Бүгін, 08:25

Жұртшылықпен орайлы кездесу бастады

Саясат • Бүгін, 08:22

Есеп. Естелік. Ереже

Ғылым • Бүгін, 08:20

Тың бағдарлама іске қосылды

Digital • Бүгін, 08:18

Ғалымын қолдаған ел озады

Ғылым • Бүгін, 08:15

Жеңімпаз стартап жобалар

Digital • Бүгін, 08:12

Тектінің тұяғы

Руханият • Бүгін, 08:10

Бакуден басталған үн

Тарих • Бүгін, 08:07

Тұрақты өркендеудің үлгісіне айналған өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Математиктің рухани беделі

Қоғам • Бүгін, 08:03

Театрдағы тапқырлық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жансебіл жазушы

Руханият • Бүгін, 07:55

Картинадағы тағдыр

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Ең қымбат жарнама

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 08:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see147

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see140

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see139

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see138

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see137

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see133

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see132

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see129

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see128

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see126

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see126

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see125

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see123

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see119

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see119

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see118

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see116

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see116

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see115

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары