Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қалам қиcайса, қасірет

Қалам қиcайса, қасірет

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

1933 жылы «The New York Times» газетінің тілшісі Уолтер Дюранти «Кеңес одағында аштық болған жоқ» деген мақала жариялап, айды аспаннан бір-ақ шығарады. Ол бір жыл бұрын Пулитцер сыйлығын алған еді, тіпті осы марапаты әлі күнге сақ­талып келеді. Ал дәл сол уақытта қазақ дала­сында, Украи­на­да миллиондаған адам аштық­тан қара жер құшып жатты. Соны біле тұра алпауыт басылым­ның тілшісі әлем оқыр­ман­да­ры­на неге жалған ақпарат берді? Әрине, Сталиннің қылмысын жасыру үшін.

Аталған мақала жарық көрген соң, Батыс журналистері Гарет Джонс пен Малкольм Маггеридж Украинаға жасырын барып, нағыз шындықты жазып, Уолтер Дюрантидің неден жалтарғанын күллі жұртқа жария етті. Уолтер Дюранти – Сталин билігі тұсында Ресейдегі «The New York Times» газетінің меншікті тілшісі міндетін атқарған журналист. Ол өзін кеңес билігінің византиялық құпияларын меңгерген адам ретінде көрсетті. Үлкен газеттің тілшісі ретінде ол комиссарлармен бірге кешкі ас ішіп, әр жазбасында Лениннің сөздерін бас тақырыпқа келтіріп жүрді. Онымен қоймай, «Метрополь» қонақүйінің жұмсақ дивандарында шалқып отыратын.

Большевизмнен үрейленген амери­калық оқырмандарға Дюранти жұбату ­мате­риал­дарын жазып, газеттерге ұсын­ды. «Сталин есі ауысқан тиран емес, болашақты қа­лып­­тастыру жолында күресіп жүрген қатал басшы ғана» дегенді де жазған сол еді. «Жұмыртқа жарылмай, омлет жасалмайды», деп жазады ол 1933 жылғы жазбасында. Бұл сөз тіркесі кейінгі онжылдықтар бойы Сталин сая­сатын ақтаудың да, Дюрантидің өзіне арналған эпитафияның да рәмізіне айналды. Дюрантидің бұл мақтауларының таса­сында Қазақстан мен Украина даласында әдейі қолдан жасалған аштықтан қырылған мил­­лион­даған адамның қаңқа­лары шашылып жатты.

Шындығында, Дюрантидің репортаждары моральдық жалтарудың на­ғыз үлгісі еді. Бір ғана мысал айтайық. Сталин қолдан жасаған аштықтан Украинада кемінде 3,9 миллион адам қыр­ғынға ұшырады. Осыны біле тұра, ести тұра Дюранти: «Ешқандай аштық болған жоқ, тек дұрыс тамақтанбаудан туған аурулардан болған өлім-жітім бар», деп жазды. Гарет Джонс сияқты шетелдік журналистер кеңес билігінің қылмысы мен болған шындықты жазып, қарақан басын қатерге тікті. Ал Дюранти оларды «асыра сілтеуші» немесе «қасақана өтірік таратушылар» деп айыптады. «Аштық туралы жазылған кез келген материал­ әсіреленген немесе жаулық ниеттегі пропаганда», деп қасарысты ол. Ал жеке әңгіме барысында британ дипломаттарына миллиондаған адам­ның шын мәнінде қырылып жатқанын мойын­да­ған. Осындай этикалық арсыздығы мен бұрмалаушылығына қарамастан ол 1932 жылы Пулитцер сыйлы­ғын алды, ал оның мақалалары АҚШ-тың эко­но­мика­лық дағдарыс кезіндегі кейбір солшыл топ­тарға кеңес прогресінің «нақты бейнесі» деп дәріптелді.

Қашанда әділеттілік өте баяу әрі кеш келеді. Қырғиқабақ соғыстан кейін мұрағат­­тар ашы­лып, архивтер сөйлей бастағанда, алапат аштықтан аман қал­ғандар куәлік бергенде, Дюрантиге нәлет айтқандар көбейді. Шындығында, ол біліп тұрып қасақана істеді ме, ол жағы өз арына белгілі. Ал оның сол тұста жур­налистік лауазымды бұлдап, Сталинге көпе-көрнеу қызмет еткені шындық. Былайша айтқанда, билік пен бедел­дің буына арбалды. Журналист Малкольм Маггеридж бұл оқиға туралы: «Мен жур­налистердің ішінде бұлай өтірік жазатындарын ешқашан көрген емеспін», дейді.

Ол Дюрантиді шындыққа сатқын­дық жаса­ған адам ретінде бағалайтынын қосады. Уолтер Дюранти тек бір ұлтты алдаған жоқ, ол тарих­тағы ең қанды тирандардың бірін Батыс­тың сенім жа­мыл­ғысымен бүрке­ме­леу­ге көмектесті. Сол үшін тарих оның бетіне мәң­гілік қара таңба баса бермек.

Журналистердің не жазса да шындықты жазуы – кез келген қоғамның дамуы мен тұрақтылығы үшін аса маңызды принцип. Бұл кәсіби этика немесе міндет қана емес, сонымен бірге қоғамдық сенімнің, ашық­тық­тың және әділдіктің негізгі тірегі болмақ. Өз кезегінде журналист қаламы әділет­сіздікті, заңсыздықты, жемқор­лық­ты немесе әлеуметтік мәселелерді дер кезінде жарияласа,  қоғамды ойлануға, әрекет етуге ынталандырады. Шындықты жазған материалдар – көп жағдайда өзгеріс жасаудың алғашқы қадамы.

Қалай дегенмен де, бұл оқиға қазіргі қалам ұстап жүрген әр журналиске сабақ болса игі. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 09:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары