Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Қалам мен ғылым тоғысқанда

Қалам мен ғылым тоғысқанда

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Асқар Тоқмағамбетов шығармашылығы сан салалы: ол – ақын, аудармашы, сатирик, драматург және публицист. Ендеше бұл еңбек – қаламгердің публицист ретіндегі даралығын зерттеуге арналған көп жылдық ғылыми ізденістердің жемісі. 

Кітап авторы – ғалымдықпен қатар ұстаз­дықты жанына серік еткен жан. Қашан көрсең де қайнаған іс басында жүреді. Түн баласы ұйқы көрмей дайындаған дәрісін шәкірттері алдында ерекше ықыласпен оқып тұрады. Оқытудың инновациялық жаңа әдістерін қолданады, медиа зерттеудің жаңа түрлерін студенттермен бірге іске асырады. Сабақ үстінде әр білім алушыға парақша ашқызып, пост жаздырады, оны әлеуметтік желілерге сол сәтінде салдырады, қаралым жинаудың тиімді әдістерін іс жүзінде көрсетеді, үйретеді. Осылайша, журналистке тән еркін шығармашылықты, жеделдік пен ұшқырлықты шәкірттер бір дәрісте-ақ меңгереді. 

Бір қарасаң, әріптестері арасында бі­лім бағдарламаларын заман талабына сай жаңарту, бүгінгі нарық сұраныстарын ес­кере отырып жаңа пәндерді енгізу туралы ұсы­ныстарын айтып, дәлелдеп отырады. Ай­тып қана қоймай, бүкіл құжаттарын реттеп, заңдастырып, келесі оқу жылында сол жаңа білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды қабылдауды бастап та кетеді. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетіндегі «Медиаөнер» бакалавр мен магистратурасы, «Цифрлық медиакоммуникация» білім беру бағдарламалары осындай жанкешті еңбекпен жасалған. Мұндай телегей-теңіз еңбектің авторы – Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Гүлмира Шайтмағамбетқызы. 

Ол қазақтың білімі мен ғылымының қарашаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде үш курс жоғары оқыды. Ғылыми ізденістеріміз қатар жүрді, кандидаттық диссертациямызды бір жылы қорғадық. Қаншама сараптаудан өтіп, министрлік бекітетін ғылыми жұмыс жазудың қиындығы мен қызығын сол жолдан өткендер жақсы біледі. Жаңа туған сәбиін ата-анасына қалдырып, басқа қалада диссертациясын жа­зуына тура келді. Барлығы сәтті аяқталды. 

Жас ғалым-оқытушы ретіндегі қызметін туған жері – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен бастады. Сол жерде талай жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан аға буын әріптестермен тәжірибе алмаса жүріп үйренді. Біреуін ұстаз, екіншілерін дос тұтты, басқаларымен сыйласты. Өзін өнеге тұтатын шәкірттер қатары көбейді. Қарым-қатынаста әркез мәдениетті, қандай қызметте болса да, қандай даулы мәселе талқыланса да ешқашан біреуге дауыс көтеріп, көңілге тиер сөз айтқанын көрген де, естіген де емеспіз. 

Қызылорда облысында журналистік білім берумен ғана шектелмей, аймақтық БАҚ пен медианы дамытуға, яғни журналистиканың тәжірибесіне зор үлес қосты. Аймақтың имиджі­не әсер ететін қоғамдық-мәдени іс-шараларға белсене атсалысты. 

Қандай жұмысты қолға алсаң да, жан-тәніңмен беріле істеу ғана нәтижеге жеткізері хақ. Бұл тұрғыдан Гүлмира Шайтмағамбетқызы үнемі ізденіс, даму үстінде. Жаңа шыққан кітаптарды арнайы алдырып оқып, баспасөз бен әлеуметтік желілерді шолу – күнделікті әдеті. 

Ұстаздық – ата-анасынан жалғасып келе жатқан, қанға сіңген қасиет. Өзімен қоса, бауырлары да білім беру саласын таңдап, ата-ана үмітін жалғады.  Жұбайы Талғат екеуінен өрбіген ұл-қыздары да заман талабына сай керекті мамандықты игеріп, еліміздің дамуына зор үлес қосып келеді.

Ғалия АҚСЕЙІТ,

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ

Журналистика және әлеуметтік ғылымдар

факультетінің қауымдастырылған профессоры

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 03:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары