Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жомарттық дәстүрі: Ұлтқа қызмет еткен байлар феномені

Жомарттық дәстүрі: Ұлтқа қызмет еткен байлар феномені

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

- Тарихта мұндай мысалдар аз емес. Бақуатты азаматтар мектеп салып, оқу-ағарту ісін дамытуға үлес қосқан. Кітаптар, газет-журналдар шығаруға, халықтың сауатын ашуға зор еңбек сіңірген. Бір сөзбен айтқанда, ұлттың бойында, болмысында жаңа қасиеттер қалыптастыруға белсене атсалысқан.

Қазір де көптеген жомарт жанды азаматтарымыз бар. Олар қайырымдылық және басқа да әлеуметтік маңызы бар шараларға еріктілерді көптеп тартатын болды.

Бизнес өкілдері корпоративтік волонтерлік қызметке назар аударып, осы бағыттағы жобаларға барынша қолдау көрсетуі керек. Қызметкерлердің қоғамдық жұмысқа белсене атсалысуына жағдай жасауы қажет, - деді Тоқаев.

Президент мемлекеттің жұртқа жақсылық жасап, қоғамдық істерге ұйытқы болып жүрген кәсіпкерлерді қолдайтынын да еске салды.

Бұл сөз – бүгінгі бастама ғана емес, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан жомарттық пен жауапкершілік дәстүрінің заңды жалғасы.

Қазақ даласындағы жомарттықтың үлгісі болған тұлғалар

Президенттің «Бизнес әлеуметтік жауапкершілікті сезіне білуге тиіс. Мемлекетіміз ұлттық буржуазияны үнемі қолдауда, ал біздің кәсіпкерлер халқымызға қамқор болып, әрдайым көмектесуі керек» деген сөзі – тек қазіргі заманның ұраны емес, қазақ қоғамының тарихи болмысына тән құндылықтардың жаңғырығы іспетті. Өйткені қазақ даласында байлық ешқашан тек жеке игілік ретінде қабылданбаған, ол елге қызмет етудің құралы, ұлт алдындағы жауапкершіліктің өлшемі саналған.

Тарихи санамызда «бай» ұғымы тек дәулет иесі деген мағынамен шектелмейді. Қазақ түсінігінде бай – ақыл-парасаты кемелденген, рухани деңгейі жоғары, қоғам алдындағы миссиясын сезінген тұлға. Ол – тектіліктің баламасы. Сондықтан да оның қоғамда атқаратын өзіндік функциясы болған.

Мұны кезінде орыс генералы Броневскийдің өзі: «Қазақтың байы – жай ғана материалдық байлығы бар адам емес, ол – рухани кемелденген, кемеңгер тұлға» деп бағалауы да айқын дәлелдейді.

Осы феномен ХХ ғасырдың басында қазақ даласында ерекше көрініс тапты. Ұлттың ояну дәуірінде қалыптасқан ұлттық буржуазия өкілдері тек дәулет жинаған әлеуметтік топ емес, ұлттың рухани, мәдени және саяси жаңғыруына дем берген әлеуметтік күш болды. Олар мектеп салды, газет-журнал шығарды, Алаш қайраткерлерін қорғады, ғылым мен әдебиетті қолдады. Қазақ қоғамының жаңа өреге көтерілуі осы ауқатты, бірақ ұлттық жауапкершілігі жоғары адамдардың арқасында жүзеге аса бастады.

Қазақ руханиятына ерекше қолдау білдіріп, жомарттықтың жарқын үлгісін көрсеткен қазақ даласындағы ірі тұлғалардың бірі Қаражан Үкібаев. Семей өңіріндегі ауқатты тұлға байлықты жеке игілігіне емес, қоғамдық қажетке жұмсаған. Ол Алаш қозғалысының орталығы болған Семейде кең үйін алаштықтарға беріп, кейін жетім балалар үйіне айналдырды. «Абай» журналын шығару үшін баспахана сатып алып, Мұхтар Әуезов бастаған зиялы қауымға қаржылай қолдау көрсетті. Қаражан Үкібаев қазақ даласына алғашқы телефон станциясын орнатып, өндіріс пен инфрақұрылымды дамыту идеяларын ұсынды, көпір салдырды, гидроэлектростанция жобалауды көздеді. Бұл оның тек бай емес, прогрессивті модернизатор болғанын көрсетеді. Сонымен бірге ол Әміре Қашаубаевтың өнер жолына түсуіне жағдай жасап, қазақ мәдениетінің әлемге танылуына ықпал етті.

Фото: bilim-all.kz

Алаш қайраткерлерін қорғауда Қаражан Үкібаевтың рөлі ерекше. 1906 жылы Міржақып Дулатовты түрмеден кепілмен шығару үшін 2500 рубль төлегені – ұлттық элитаға жасалған нақты саяси қолдау еді. Бұл сол кезеңде қазақ байларының тек экономикалық емес, саяси субъект ретінде әрекет еткенін дәлелдейді.

Фото: anatili.kazgazeta.kz

Тек малға бай болып қана қоймай, еліне өркениет әкелген ізгі жандардың бірі – жинаған мал-мүлкімен ұлт руханиятының даму жолына қызмет еткен Жетісудағы Маман Қалқабайұлы. «Мамания» мектебін ашқан, Алаш әскеріне ат берген, ұлт әдебиетінің дамуына серпін беріп, баспасөзге дем берген бұл әулеттің қазақ үшін жасаған әр ісін бүгінгі ұрпақ білуге тиіс.

«Мамания» мектебі – қазақ даласындағы ең үздік оқу орындарының бірі болды. Бұл мектепте Ілияс Жансүгіров, Мұхамеджан Тынышбаев, Біләл Сүлеев секілді тұлғалар білім алды. Маман ұрпақтары шәкірттерді тегін оқытып қана қоймай, киімін, тамағын, шәкіртақысын өз қалтасынан төледі, интернат салды, мұғалімдерге үй тұрғызды. Бұл – қазіргі әлеуметтік мемлекет функцияларын сол кездегі жеке адамдардың атқарғанын көрсететін феномен.

Есенқұл Маманов қазақ әдебиетіне алғаш рет үлкен ақшалай сыйлық жариялап, роман бәйгесін өткізді. Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Тайыр Жомартбай шығармаларының жарыққа шығуы осы демеушіліктің нәтижесі болды. Бұл әрекет сол кезеңдегі ұлттық әдеби индустрияны қалыптастыруға бағытталған стратегиялық инвестиция еді. Сондықтан «Айқап» журналы оны «қазақтың Нобелі» деп атады.

Есенқұлдың өзі – ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамында болған саяси-әлеуметтік қозғалыстардың бел ортасында жүрген қазақтың оқыған азаматы еді. Ол Әлихан Бөкейханұлы, Мұхамеджан Сералин, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы тәрізді қазақтың көшін алға сүйреген ұлт қайраткерлерімен қоян-қолтық араласып, қазақтың болашағына алаңдап отырған. Алаш қайраткерлеріне қай жағынан болса да қолдау көрсеткен.

Фото: abai.kz

Ақайдың Хасені – экономикалық қана емес, саяси ықпалы бар тұлға. Ол Қарқаралы петициясын ұйымдастыруға қатысып, қазақ зиялыларын біріктіруге ықпал етті. Жақып Ақбаев пен Міржақып Дулатовты кепілдікпен босатып алуға ірі қаржы жұмсады. Оның Қоянды жәрмеңкесіндегі беделі қазақ буржуазиясының экономикалық орталықтарын қалыптастырғанын көрсетеді. Қарсақбайдағы ағылшын компаниясына қаржылай қолдау көрсетуі оның халықаралық экономикалық қатынастарға араласқанын айғақтайды.

Фото: e-history.kz

Қосшығұловтар әулеті қазақ жеріндегі алғашқы өнеркәсіп кәсіпорындарының бірін – кәмпит-тоқаш фабрикасын құрды. Құрманғали Қосшығұлов Петербургте оқып, экономист ретінде елге оралып, өндірістік модернизацияға жол ашты. Оның алғашқы автомобиль жүргізуі, техникаға қызығушылығы қазақ қоғамындағы технологиялық жаңғыруға ұмтылыстың белгісі еді.

Жомарттық үлгісі шекарамен шектелмеді, әлемнің әр түкпіріндегі қандастар арасында елге қорған болған байлар өмір сүрді. Шеттегі қазақтар арасынан шыққан байлардың жарқын үлгісі - Баспай Шолақұлы.

Басбай Шолақұлы 1889 жылы Еміл бойында дүниеге келген. Жастайынан мал шаруашылығымен айналысып, еңбегі мен іскерлігінің арқасында ірі дәулетке ие болған. Кейін оның иелігінде алты мың қой, үш мың жылқы, екі мың сиыр болғаны айтылады.

Фото: 6alash.kz

Басбай Шолақұлы байлығын жеке пайдасына емес, ел игілігіне жұмсаған. Ол өз қаражатына жиырма бір адамды үйлендіріп, еншісін бөліп берген. Ашаршылық жылдары арнайы асханалар ашып, босқын жұртты азық-түлікпен қамтамасыз еткен.

1930–1940 жылдары Шәуешек өңірінде бірқатар әлеуметтік нысанның салынуына демеушілік жасады. Атап айтқанда, рұшты мектебінің, Шәуешек халық клубының, «Төрт үкірдай мектебінің» құрылысына қаржы бөлген. 1936 жылы қаланың алғашқы электр станциясын салуға қомақты көмек көрсеткен.

Басбай Шолақұлының есімімен байланысты ірі жобалардың бірі – 1942 жылы пайдалануға берілген Басбай көпірі. Ұзындығы 87 метр болатын бұл көпір аймақтың экономикалық және әлеуметтік байланысын күшейтті.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол Қазақ үкіметіне ер-тұрманымен 500 жылқы тапсырған. Ал 1951 жылы Отанды қорғау науқаны аясында бір ұшақты жылуға атай салған Басекеңнің жомарттығы бүкіл Қытайды дүр сілкінткен. Өйткені ол кезде бір ұшақтың құны мөлшермен 100 ат, 100 сиыр, 4 мың қой, 100 сәрі алтынға тең көрінеді.

Бүгінде Қытай жерінде Басбай Шолақұлына арналған музей бар. Оның есімімен аталған асыл тұқымды қой түрі шығарылып, кейін бұл тұқымның саны миллиондап өскен.

Фото: 6alash.kz

Бұл тұлғалар қазақ даласында өмір сүрген жомарт байлардың тек бір парасы ғана. Аты аталмай қалған, еңбегі том-том кітаптарға жүк болатын жомарт байлар көп екені белгілі. Бір байқағанымыз бұл тұлғалардың барлығы бір ғана әлеуметтік феноменді көрсетеді: қазақтың дәстүрлі байы – жай ғана мал иесі емес, қоғамды алға сүйреген әлеуметтік реформатор, мәдени меценат, саяси қорғаушы болған.

Қазақ даласындағы жомарт байлардың ісі – еліміздегі бүгінгі ауқатты тұлғалар үшін үлгі боларлық үлкен сабақ. Олар мемлекеттің әлсіз кезеңінде әлеуметтік, мәдени, білім беру функцияларын өз мойнына алды. Олар Алаш қайраткерлерін қорғап, баспасөзді қаржыландырып, ұлттық идеяның сақталуына үлес қосты. Бүгінгі Қазақстанда да мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы осындай үштаған ынтымақтастық ұлттық дамудың негізгі бағыт болуы тиіс.

Қазақ байлары өз дәуірінде ісімен танылды. Бүгінгі ауқатты кәсіпкерлер де сол дәстүрдің заманауи жалғасы іспетті, ұлы бабалардан жеткен алтын арқауды үзбеуі тиіс. Бұл - өткен тарихтан сабақ алып, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін уақыт. «Жақсылық жерде қалмайды» демекші ел үшін еткен еңбек ешқашан ұмытылмайды. Жомарттығымен ел игілігіне, руханиятына өлшеусіз үлес қосып, тарих қойнауына алтын әріппен таңбаланар тұлғалар әлі туады деп сенеміз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Ақпан 2026 10:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары