Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қызмет пен жауапкершілікті ту еткен

Қызмет пен жауапкершілікті ту еткен

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Салтанаттың өмірлік ұстанымы мен табандылығы, ең алдымен, отбасынан бастау алады. Әкесі Оразбек – сан жыл шәкірт тәрбиелеген ұстаз. Мұғалім әкенің өнегесі – тәртіп, білімге құштарлық пен жауапкершілік. Анасы Айжан мектеп кітапханасында ұзақ жылдар еңбек етіп, жас ұрпақтың рухани азығына үлес қосқан жан. Қазіргі таңда зейнетте болғанымен, отбасының алтын қазығы болып отыр.

Үйдің төртеуі бір-біріне тірек, бір-біріне демеу. Әпкесі Гүлзат Қазақстан Республикасы ҰҚК қатарында әскери қызметші. Бұл отбасыны шағын әскери династия деуге әбден болады. Сіңілісі Ұлбосын мен інісі Қуаныш та ата-ана тәрбиесін бойына сіңіріп, өз жолдарын табуда. Осындай ынтымағы жарасқан әулеттен шыққан Салтанат үшін абырой – ең биік құндылық.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы – батырлар мен ерлердің мекені. Бұл – аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы дүниеге келген қасиетті топырақ. Батыр бабаның қайсарлығы мен отансүйгіштігі Салтанаттың жүрегіне ерте ұялап, өмірлік бағдаршамына айналды.

Атасы Ұлы Отан соғысының ардагері, 2-топ мүгедегі майдангер Әзімхан Әбдіхалықұлы. Жеңіс жолында жанын қиған майдангердің есімі әулет үшін аманат. Сол аманатқа адал болу Салтанаттың басты парызы.

2008 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ филологиясы факультетін тәмамдап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алды. Тіл – ұлттың тірегі екенін жүрегімен түсінген жас маман сол жылы әскери қызметке шақырылып, Ұлттық ұланның Алматыдағы 5572 әскери бөлімінде тіл маманы лауазымына тағайындалды.

2012 жылы Астана қаласындағы 3656 әскери бөліміне ауысып, тәжірибесін шыңдады. Ал 2023 жылы Тараз қаласындағы 5513 әскери бөліміне келіп, алғашқы офицерлік лейтенант шенін алды. Бүгінде Ұлттық ұлан сапында абыройлы қызмет етіп келеді.

18 жыл ішінде ол бөлім командирлері, өңірлік қолбасшылық, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы және ҚР Ішкі істер министрі тарапынан көп алғыс пен марапаттарға ие болды.

Әскери бөлімдегі тәрбиеші офицердің рөлі ерекше. Ол – сарбаздың рухани тірегі, бағыт-бағдар берушісі. Жас сарбаз әскерге келгенде туған үйін, анасын, отбасын сағынады. Осындай сәтте тәрбиеші офицер олардың жан дүниесін түсініп, ақыл-кеңес беріп, дұрыс жол көрсетеді.

Әйел офицер үшін бұл міндет тіпті бөлек сезіледі. Салтанат Оразбекқызы сарбаздарға тек талап қоя білетін офицер ғана емес, қажет кезде анадай мейірім төге білетін жан.

Сарбаздардың тәртібі, моральдық-психологиялық ахуалы, рухани дамуы – тәрбиеші офицердің басты назарында. Ол мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп қана қоймай, жастардың бойына отансүйгіштік, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіреді.

Әскери ортада әйел адамның болуы – жылулық пен сабырдың белгісі. Сарбаздар үшін ол кейде ұстаз, кейде әпке, кейде ана бейнесінде көрінеді. Осындай үйлесім әскери ұжымдағы бірлікті нығайтады.

Әзімхан Салтанат Оразбекқызы сынды арулар барда, ел қорғаны берік, болашағы нық.

Ол үшін ерекше мақтаныш – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін табыстаған «Құрмет грамотасы». Әскери салада тіл саясатын жүзеге асыру үлкен жауапкершілік. Салтанат Оразбекқызы бұл міндетті биік деңгейде атқарып келеді.

Әйел – мейірім мен жылулықтың иесі. Ал әскери қызметтегі әйел – қайсарлық пен жауапкершіліктің символы. Салтанат үшін әскери қызмет жай ғана жұмыс емес, бұл – тағдыр таңдауы, ел алдындағы борыш.

Жуалы «генералдар мекені» атанса, оның да жүрегінде биік мақсат бар: генерал болу міндет емес, бірақ туған жерінің атын шығарып, елге адал қызмет ету – басты мұрат. Әке-шешесінің еңбегі мен атасының ерлігіне лайық болу – өмірлік ұстанымы.

8 наурыз – нәзіктік мерекесі ғана емес, рухы биік әйелдердің мерекесі. Әскери форма киген қазақ қызы – елдің айбыны, отбасының мақтанышы.

Әзімхан Салтанат Оразбекқызы сынды арулар барда, Отанның қорғаны берік, болашағы нық. Көктемнің шуағындай жылы жүректі, батыл да білімді әскери аруларға алғыс пен құрмет шексіз.

Әскери қызметтегі әйел – Отан қорғанының ажырамас бөлігі. Ол тәртіптің тірегі, сарбаздың жанашыры, ұжымның ұйытқысы.

Подполковник

Бақыт Әліпбаев

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:323
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 14:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары