Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Елді абдыратқан аптап ыстық

Елді абдыратқан аптап ыстық

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

 Оның үстіне, оңтүстік және кей батыс өңірлердің ыстығы жаздың соңына дейін басыла қоймайтыны анық. Бір анығы, шілдеде аномальді ыстықтың әсерінен жедел жәрдем қызметіне хабарласатын халықтың да қарасы артыпты. Ал таяуда жазы жайлы дейтін елорданың өзінде кейінгі 85 жылда болмаған ең жоғары температура тіркелді. Осы тұста қолайсыз ауа райында ыстықтан қалай қорғану керегін назарға ұсынуды жөн көрдік.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, бірнеше күн бұрын елордада ауа температурасы +38,6 градусқа дейін көтеріліп, жаңа рекорд орнады. Бұл көрсеткіш 1992 жылы тіркелген +35,3 градустан да асып түсіп, тарихи көрсеткіш жаңарып үлгерді. Елордамыз қатал қысымен ерекшеленетін, әлемдегі ең суық астаналардың бірі екені мәлім, алайда қазір ми қайнатар ыстығымен де ел есінде қалып отыр. Қала тұрғындарының ағзасы мұндай ыстыққа бейімделмегендіктен, жоғары температураның әсері де аса қиындық келтіріп жатыр. Синоптиктердің болжамынша, аптап ыстық алдағы күндері де елдің бірнеше өңірінде сақталады, әсіресе оңтүстік аймақтарда ауа температурасы +41...+46 градусқа дейін жетуі мүмкін. Астана қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы директорының медициналық бөлім жөніндегі бірінші орынбасары Бота Сәдетханның айтуынша, жедел жәрдем қызметіне шақырту бірден 10 пайызға өскен. 

– Егер қалыпты айларда біз тәулігіне 1 800-1 850 шақыртуға қызмет көрсетсек, қазір олардың саны 2 000-нан асып кетті. Тәуліктік өсім шамамен 200 шақыртуға жетіп отыр. Астанада медициналық көмекке жүгінетіндердің қатарында жүрек-қан тамыр ауруларына шалдыққан пациенттердің саны артқан, шақыртулардың 30 пайызы осы дертке тиесілі, – дейді ол. 

Аптап ыстық жайсыздық тудырып қоймай, адам өмірі мен денсаулығына айтарлық қауіп төндіретін естен шығармаған абзал. Алматыда да ауа температурасы кейінгі 50 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен. Шаһарда шілденің алғашқы екі аптасында жедел жәрдем қызметіне 33,6 мыңнан аса қоңырау түскен, ал жедел медициналық көмек алғандардың 50 пайызы ауруханаға дереу жеткізіледі. 

Дәрігерлердің айтуынша, күн ыс­тықта тер арқылы адам ағзасындағы су мен минералды тұздар жоғалады, жүрекке жүктеме артады, қан қоюланып, қан айналымы қиындайды, қан қысымы өзгеруі мүмкін, ми мен ішкі ағзаларға оттегінің жеткізілуі төмендейді. Ең бас­тысы, жеткілікті мөлшерде су ішу бірнеше мәселенің алдын алады. Себебі адам терлегенде ғана емес, тыныс алу, зәр шығару арқылы да ағзадағы суды жоғалтады, ал ыстық күндері бұл процесс тіпті жылдамдайды. Қатты шөл қысып, ауыз құрғап, бас ауырып, әлсіздік пайда болса, сирек дәретке шығу, жүрек қағысының жиілеуі байқалса, ағза сусыздана бастағанын аңғартады. Ағзадағы әр белгіні байқап, мән бермеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Қолайсыз ауа райында балалар, егде жастағы адамдар, жүкті әйелдер, далада жұмыс істейтін қызметкерлер, қосалқы, созылмалы ауруы бар жандарға абай болу керек. Бірінші санаттағы жалпы тәжірибелік дәрігер, медициналық сарапшы Жазира Сматқызы ең алдымен ағзаны сусыздандырып алмау керегін қатаң ескертті.

– Балалар қатты ыстықты сезінбей, далада ойнап жүре беруі мүмкін. Сондықтан балаларыңызды далаға ұзақ жібермеңіздер, ағзаны сусыздандырып алмау керек. Салмағыңыз 50 келі болса, әр келіге 30 мл су қажет, сонда кешкі алтыға дейін кем дегенде 1,5 л су ішу ке­рек. Ішетін тағамнан, шай, компот секілді өзге сұйықтықтан бөлек осынша көлемде таза су ішу керек, – дейді дәрігер.

Маман ыстықтан қорғану үшін күннің ең ыстық уақыты – сағат 11:00 мен 17:00 аралығында ұзақ жүрмеуге, күн астына көп шықпауға кеңес берді, ал далада жүрсеңіз, күннен қорғайтын баскиім, қолшатыр, көзілдірікті пайдалануды ұмытпау керек. Сонымен қатар дәрігер күннің ыстығында салқындатқыш құ­рылғыларды да абайлап қолдану керегін жеткізді.

– Салқындатқыш, желдеткіш құралдарды қолданарда мұқият болыңыз. Көлікте, кез келген ғимаратта салқындатқыш қатты қосылып қалса да, асқынулар пайда болуы мүмкін. Далада жүріп, ыстықтан қатты терлеп келіп, бірден салқындатқыш қосылған бөлмеде отырмаңыз, бұл, керісінше, кері әсер береді. Қазір бүйрек, бел аймағына су тигізіп, ауруын асқындырып алған пациенттер көп. Дені көлікте салқындатқыш қосып едім деген шағыммен келеді, – дейді терапевт.

Дәрігердің кеңесінше, тағы бір ес­кер­­терлік жайт – дұрыс тамақтануға көңіл бөлу, себебі күннің ыстығында астан улану жағдайы көптеп тіркеліп отыр.

– Қазір көкеністердің нағыз пісіп тұрған уақыты, алайда дұрыс өңдеуден өтпеген көкөністерді жеу ағзаға үлкен тәуекел әкеледі. Жаз мезгілінде энтеровирустық, ратовирустық инфекциямен ауырған пациенттер медициналық көмекке жиі жүгінеді. Астан уланғанда дене қызуы көтеріліп, ағза сусызданып, іш өту, жүрек айну секілді симптомдар қатар жүреді. Сол себепті де толық өңдеу­ден өткен, тазартылған, асқорыту жүйе­сіне ауыр күш түсірмейтін азық-түлік тұтынған дұрыс, – дейді Ж.Сматқызы.

Оның айтуынша, күн ысығалы қала маңайындағы жағалауға барып, суға шомылатын жұрттың да саны артқан, алайда тазартылмаған, ағынсыз суға түсу ауруды асқындырудың негізгі себебіне айналады.

– Жұрт Есіл жағасына барып, суға түседі, бірақ бұл су таза емес, ағынды су емес. Ол жерде неше түрлі инфекция бо­луы мүмкін. Әрине, бала болса да, үл­кен кісі болса да, суды жұтамын деп ой­ламайды ғой, алайда кей кездері мұ­рын­ға, ауызға арам су кіріп кетеді. Ол жұт­қыншаққа өтіп, ішекте инфекция қа­лып қойса, әртүрлі ауру пайда бола­ды, – дейді дәрігер.

Бәрінің де жадыраған жаз мезгілінде уақытты ерекше өткізгісі келеді, дегенмен жеткілікті мөлшерде су ішу, дұрыс тамақтану, ағзаңыздағы белгілерге көңіл бөлу, күннен қорғану сынды қарапайым ережелер деніңіздің саулығы мен өмі­рі­ңіз үшін аса маңызды екенін ұмытпаңыз.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 07:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары