Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Елімізде Оқырман ұрпақ атты жаңа жоба басталды

Елімізде Оқырман ұрпақ атты жаңа жоба басталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

«Әділет» партиясының Жастар қанаты жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Оқырман ұрпақ» жобасын іске қосты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жоба аясында жастар кітап клубтарына бірігеді. Солай «Бір ай – бір кітап – бір кездесу» қағидаты бойынша ай сайын бір шығарманы оқып, бірге талқылайды.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасымен үндеседі. Негізгі мақсаты – гаджет пен ақпарат ағыны басым заманда жастардың кітапқа қызығушылығын арттырып, сыни ойлауын дамыту және өз пікірін еркін білдіретін тұрақты әдеби орта құру. Бастамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаладағы шамамен 1 500 жас қатысып отыр.

«Қазіргі ақпараттың көптігі, технологиялардың қарқынды дамуына байланысты күнделікті смартфон, гаджетті пайдаланған жастардың кітап оқуға қызығушылығы болмауы мүмкін. Сондықтан да біздер осы жеңіл технологияларды пайдалана отырып, жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға өзіміздің септігімізді тигіземіз деген ойдамыз», – деді «Әділет» партиясы Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Ерлік Шамғали.

Батыс Қазақстан облысында жобаның алғашқы кездесуі Махамбет атындағы Батыс Қазақстан университетінде өтті. Ал Түркістан облысында «Оқырман ұрпақ» қозғалысының тұсаукесері  Altynsarin  Түркістан облыстық балалар кітапханасында ұйымдастырылды. Жиынға түрлі әдеби клубтардың мүшелері қатысып, жастар арасында оқу мәдениетін дамытудың маңызын талқылады.

Түркістандағы бастаманың ерекшелігі – кітап оқуды бір форматпен шектемей, жастардың қызығушылығына қарай түрлі іс-шаралармен толықтыру. Алдағы уақытта кітап талқылауларымен қатар Quiz, пікірсайыс және интеллектуалды ойындар өткізу жоспарланып отыр.

«Бұл оқырман клубының жұмысын алдағы уақытта түрлі форматта жалғастырғымыз келеді. Тек дөңгелек үстелде бас қосып, кітап бойынша 2-3 сұрақ қойып, әркімнің жауабын тыңдаумен шектелмей, куиздер, пікірсайыстар өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта интеллектуалды ойындар үлкен тенденцияға айналып келе жатыр», – деді «Әділет» партиясы Жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Мадиярұлы.

«Оқырман ұрпақ» жобасы аясында бұған дейін шымкенттік жастар Жандарбек Бұлғақовтың «Сөз менеджменті» кітабын талқылап, Quiz ойынына қатысқан. Мұндай кездесулер кітапты жай ғана оқып шығумен шектелмей, жастардың пікір алмасуына және оқыған шығармасы бойынша жеке көзқарасын қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Жоба аясында жыл соңына дейін тұрақты оқырман қауымдастығын құру, ай сайынғы кітап оқу жоспарын әзірлеу, өңірлік кітап қорын дамыту және белсенді жастар арасынан жаңа модераторлар мен спикерлерді дайындау жоспарланған.

«Әділет» партиясы үшін «Оқырман ұрпақ» – жастарды кітап оқуға шақыратын бір реттік акция емес, оқуды күнделікті әдетке айналдырып, білімге ұмтылатын, ойлайтын және өз пікірін ашық жеткізе алатын жас буын тәрбиелеуге бағытталған тұрақты жоба.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:49
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see136

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see133

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see128

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see128

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see124

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see121

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see121

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see118

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see117

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see117

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see113

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see113

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see110

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары