Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Елнұр Бейсенбаев Конституцияда отбасы мен неке ұғымы күшейтуді ұсынды

Елнұр Бейсенбаев Конституцияда отбасы мен неке ұғымы күшейтуді ұсынды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жаңа Конституцияда отбасы мен неке ұғымдарын күшейтіп, тек қана ер мен әйелдің арасындағы тең, еркін және өзара жауапкершілікке негізделген құндылық ретінде нақты бекіту керек.

Бұл ұсынысты Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында айтты.

Депутаттың айтуынша, Конституция – жай ғана құқықтық нормалар мен баптардың жиынтығы емес. Бұл «Біз халық ретінде кімбіз және еліміздің болашағын қалай елестетеміз?» деген басты сұраққа жауап беретін құжат. Конституцияны жаңарту кезінде отбасы жайлы ой айту – Қазақстанның болашағы туралы сөз қозғаумен тең.

«Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөзін білмейтін қазақ, естімеген жұрт жоқ. Бесігі түзу елдің ертеңі де нық, ұрпағы да саналы болады. «Бесікті түзеу» – болашақ алдындағы тарихи жауапкершілік. Ел боламыз десек, ең әуелі ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық сана мен рухани негізге айрықша мән беруіміз керек. Осы ретте, халқымыздың бас құжаты – Ата заңымызда отбасы мен неке сияқты қастерлі ұғымдарды күшейтуіміз керек деп санаймын. Оған жауапты ер мен әйелдің рөлін, олардың жауапкершілігін, ара-қатынасын нақты шегелейтін уақыт келді», – деді Елнұр Бейсенбаев.

Депутат дәстүрімізге теріс, адамзат болмысына, оның табиғатына қарама-қайшы құндылықтарды насихаттайтын жат әрекеттер қоғамда аз емес екенін атап өтті. Бұл жай ғана түйткіл емес, ұлттың болашағына қауіп төндіретін құбылыс.

«Сондықтан ұлттық болмысымызға сай келетін, Адам ата мен Хауа ананың жаратылысына тән дәстүрлі отбасылық әке мен ананың заңды әрі құқықтық қарым-қатынастарын Конституцияда нақты бекітуіміз қажет.Бұл дегеніміз отбасылық құндылықты сақтау, адал жарына берген сертті орындау, ортақ балаларды дұрыс тәрбиелеу арқылы – отбасы деген мемлекеттің негізін қалайтын институтты берік аялау деп білемін», – дейді депутат.

Ең бастысы – отбасын сақтау мен бақытты балаларды тәрибелеу жауапкершілігі болуға тиіс.

«Қазіргі Конституцияда отбасыны, ана мен баланы қорғау кепілдігі берілген. Алайда онда ең маңыздысы – некенің нақты анықтамасы жоқ. Ал бүгінде әлемде негізгі ұғымдардың бұлыңғырлануы тек отбасы институтының әлсіреуіне ғана емес, қоғамның моральдық бағдарынан айырылуына да әкеп соққанын көріп отырмыз. Әлемдік тәжірибе мемлекеттердің әртүрлі жолмен дамитынын көрсетеді, алайда олардың басым көпшілігі отбасының стратегиялық маңызын терең түсінеді. Көптеген елдердің Конституцияларында отбасы және ер мен әйел арасындағы неке ұғымдары нақты айқындалған. Тіпті басқару жүйесі алуан түрлі елдерде отбасы кейінгі ысырылатын мәселе емес, қоғамның іргетасы ретінде қарастырылады», – деді Мәжіліс депутаты.

Сондықтан Ата заңда неке – тек ер мен әйелдің арасындағы одақ екенін, оның балалар мен мемлекетке болашақ сыйлайтынын бекіту ұсынылды.

«Әрбір мемлекеттің негізі – адам. Ал дәстүрлі емес құбылыстар адам табиғатына қарсы келеді. Мұнда біз бұл сөздің ең жақсы мағынасында консерваторлар – дәстүрлерді, адам табиғатын және тарихтың өзі қалыптастырған нәрселерді қорғаушылар болуымыз керек. Сондықтан Қазақстан Конституциясында демографияны, ұрпақтар сабақтастығын және ұлттық дәстүрлердің сақталуын қамтамасыз ететін баптар көрініс табуы қажет», – дейді Елнұр Бейсенбаев.

Спикер атап өткендей, ер мен әйел арасындағы некеде еріктілік пен теңқұқықтылық қағидатын бекіту – құр қағаз жүзіндегі сөз емес. Бұл – Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру стратегиясын іске асыру жолындағы түбегейлі қадам.

«Біздің қоғам кемсітушіліктен де, ескіліктің сарқыншақтарынан да толық арылуға тиіс. «Заң мен тәртіп» қағидаты сот залдарынан немесе мемлекеттік органдарға жүгінуден басталмауы керек. Ол әрбір үйдің табалдырығынан басталуы керек. Теңдікке негізделген отбасы – салауатты азаматтық қоғамның жалғыз берік тірегі. Біз өзгерістерден қорықпайтын, өйткені өз рухани тамырына сүйенетін заманауи, өркениетті және прогрессивті мемлекет құрып жатырмыз. Ұлы дала әйелінің жоғары мәртебесін еске түсірейік: бүгін осы нормаларды енгізу арқылы біз адамға құрмет пен оның қадір-қасиетін жоғары қойған ата-бабаларымыздың ең озық дәстүрлеріне қайта оралып отырмыз. Әрбір жұбай үшін құқықтық кепілдіктер жасап, бірлік, әділдік пен заңды ең жоғары құндылық деп білетін ұлттың берік негізін қалаймыз», – деді Елнұр Бейсенбаев.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 18:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары