Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Ең алдымен ел қамы

Ең алдымен ел қамы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Атап айтқанда, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Құрылтайдың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазық­паев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Бекзат Алтынбеков пен Әйгерім Исбекова және белсенді азаматтар білім саласының өкілдері және студенттермен кездесті.

Өз сөзінде Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі стратегиялық басымдықтарды айқындайтынын атап өтті. 

– Соңғы жылдардағы ауқымды саяси реформалар, жаңа Конституцияның қабыл­дануы және мемлекеттік басқару жүйесінің жаңғыруы одан әрі дамудың берік институ­ционалдық негізін қалыптастырды. Ендігі басты міндет – бұл өзгерістерді әрбір азамат сезіне алатын нақты нәтижелермен толықтыру, – деді депутат.

Кездесу барысында инфрақұрылымды дамыту мәселелері де кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, жол салу және жөндеу, инженерлік желілерді, әлеуметтік және өзге де нысандарды жаңғыртуға бағытталған «Халықтық құрылыс» бағдарламасының маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар жобаларды сапалы әрі уақытылы жүзеге асыру, бюджет қаражатының тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету, қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар олар жұмыс сапары аясында Maker KLMZ ЖШС ұжымымен кездесті.

Ал Талдықорған қаласында Құрылтай депутаты Екатерина Смолякова, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Қайрат Кереев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова және Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Жетісу облысының жұртшылы­ғымен кездесіп, жоспарланған шараларды түсіндірді. 

Екатерина Смолякова Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы тек жаңа ғимараттар салумен шектелмейтінін, инфрақұрылымды жаңғыртуды және халыққа қажетті әлеу­меттік нысандарды салуды қамтитынын атап өтті.

– Өңірлерге жасаған сапарлар барысында біз бұл қажеттіліктерге өзіміз куә болып, тұрғындардан тікелей естіп жүрміз. Кей жерлерде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту және түзету орталықтары қажет болса, енді бір елді мекендерде балалар спортпен шұғылданатын жер жоқ. Сондықтан әрбір жаңа нысан нақты мақсатпен салынуы керек. Яғни тиісті көмек қолжетімді болып, балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасалуы, барлығы халықтың күнделікті өмір сапасын жақсартуға бағытталуы қажет, – деді депутат.

Осы күні Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай мен Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Руфина Усанова Талдықорған қаласындағы «Қайнар АКБ» ЖШС ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай өндіріс орындарының жұмыс орындарын құрудағы, халықты тұрақ­ты табыспен қамтамасыз етудегі және бюджет түсімдерін арттырудағы рөліне тоқталды. 

– «Қайнар АКБ» – өңіріміздің мақтаны­шы. Өзіміздің туған жерімізде шығарылған өнімнің шетелде сұранысқа ие болып отыр­ғаны қуантады. Өндіріс көлемінің артуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, азамат­тардың табысы мен салық түсімінің ұлғаюына ықпал етуде. Сондықтан осындай кәсіпорындардың дамуының ел экономикасы үшін маңызы зор, – деді ол. 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Руфина Усанова зауыт жұмысшыларына қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.

 – Мұн­дағы 1200 еңбеккердің  45 пайызы әйелдер. Осындай ауыр жұмысты атқарып жүрген нәзік жандыларға ерекше ризашы­лы­ғымды білдіремін. Баршаңызға еселі еңбек­теріңіз үшін рақмет, – деді ол.

Талқылау барысында қатысушылар Жолдаудағы басым міндеттерді жүзеге асыру жолдарын қарастырды. Атап айтқанда, облыстың көлік-логистика әлеуетін арттыру, Талдықорғандағы қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері қозғалды. Сол сияқты әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту міндет­тері, жол, су, газ және электрмен жабдықтау мәселелерін шешудің маңызы қамтылды. Сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі де көтерілді.

Наурыз Сайлаубай кәсіпорынға «Отбасы банкпен» бірлесіп, қызметкерлердің табысы мен еңбек өтілін ескеретін арнайы ипотекалық бағдарлама әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

Құрылтай депутаттары Айсұлу Сүлей­менова мен Александр Данилов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Виталий Тварио­нас, Увайс Джанаев, Виталий Хмелевский және Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев Саран қаласындағы Tengri Tyres шина зауытының ұжымымен кездесті.

Жиында экономиканың нақты секторын дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп сала­ларын әртараптандыру және отандық өндірісті заманауи технологиялармен жаңғырту мәселелеріне баса назар аударылды.

Құрылтай депутаты Александр Данилов Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға және экономиканы тұрақты дамы­туға бағытталған бастамаларының маңызын атап өтті.

– Президент Жолдауы еліміздің алдағы даму бағытын айқындайды. Онда эконо­миканы нығайтуға, заманауи технологияларды енгізуге және өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Отандық өндірісті өркендету, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек ұжымдарын қолдау – Қазақстан экономика­сының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі тіректер. Әрбір кәсіпорынның артында адамдардың кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі мен күнделікті еңбегі тұр. Сондықтан өндірісті дамытуға мүмкіндік жасап, әр адамның еңбе­гіне лайықты баға берілуі маңызды, – деді Александр Данилов.

Кездесуде өнеркәсіпті дамыту үшін білікті мамандар даярлау және олардың кәсіби білімін үнемі жетілдіру қажеттігі де айтылды. 

Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері және Үкімет өкілдері Qarmet металлургиялық комбинатының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. 

Алқалы жиынға Құрылтай депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Үнзила Шапақ, Құрылтай депутаты Вадим Басин, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Гаухар Акижанова мен Александр Куприенко, Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев, сондай-ақ Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Серікжан Байбосынов қатысты.

Металлургия кәсіпорны үшін Жолдауда көтерілген мәселелер ерекше өзекті. Бұл салада көпжылдық тәжірибесі бар Құрылтай депутаты Вадим Басин өз сөзінде Мемлекет басшысы ұсынған реформалар кәсіпорын­дарды дамыту, өндірістік қуаттарды жаңарту және тұрақты экономикалық өсу үшін жағдай жасау арқылы іске асырылатынын айтты.

– Өнеркәсіп саласындағы қайта құруларды дәйекті жаңғырту, инновациялық технология­ларды енгізу және білікті кадрлар даярлау арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Кәсіп­орындардың жаңа экономикалық жағдайларға қаншалықты жылдам бейімделуі олардың бәсекеге қабілеттілігі мен отандық өндірістің болашағын айқындайды, – деді Вадим Басин. 

Кездесуге қатысушылар өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына тиімді мониторинг жасап отыру үшін депутаттық корпус пен экономиканың нақты секторының өкілдері арасындағы тікелей байланыс арнасын сақтаудың маңызды екенін атап өтті. Айтылған ұсыныстар Құрылтайдың сараптамалық және заң шығару қызметі шеңберінде одан әрі жұмыс істеу үшін жүйеленетін болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:61
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары