Құрылыс кодексі: ең алдымен халық мүддесі
Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Президент 9 қаңтар күні Құрылыс кодексіне қол қойды. Бұл – қоғам арасында өте белсенді талқыланған құжат болды: заң жобасына – 2 мыңнан астам, ал оған ілеспе заңдарға 260-тан аса түзету енгізіліпті. Осы түзетудің бәрі жұмыс тобының екі жыл ішінде өткен 80 отырысында жан-жақты сараланған. Сан мәрте сүзгіден өткен құжатта лоббистік мүддеден гөрі азаматтардың қауіпсіздігі мен құқы көбірек ескерілген, дейді сарапшылар. Кодекстегі жаңашылдықтар шын мәнінде жүзеге асса, онда ол халықтың өмір сүру сапасына оңынан әсер ететін бірден-бір маңызды құжат болмақ.
Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
Бұл – қоғамның сұранысы
Құрылыс – экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Оның тиімді жүзеге асырылуы тек материалдық-техникалық базаға ғана емес, нормативтік-құқықтық тетіктердің тиімді жетілдірілуіне де тікелей байланысты.
Бүгінде елімізде сәулет-құрылыс қызметін реттейтін 2,5 мыңнан астам құжат бар. Сарапшылардың пікірінше, бұл заңнамалық құжаттарда бірізділік жоқ. Нормалары шашыраңқы. Әлсіз тұстары көп. Сапасыз құрылыстың көбеюі, заңсыз нысандардың салынуы, нарыққа өз пайдасын ғана көздейтін алаяқ компаниялардың емін-еркін кіруі – соның айқын дәлелі. Міне, осындай олқылықтардың орнын толтырып, кем-кетікті түзеу үшін Мемлекет басшысы 2022 жылы Үкіметке мүлдем жаңа құжат – Құрылыс кодексін қабылдауды тапсырған еді. «Бұл жүйе әбден қағазбастылыққа көмілген. Жемқорлық аз емес. Ескі құрылыс стандарттары мен нормалары әлі де қолданылады» дей келе Президент әрбір қаланың жер телімдері мен коммуналдық желілердің схемасы көрсетілген функционалды интерактивті картасын қоса жасауды тапсырған болатын.
Сол сәттен бастап, Кодексті нарық пен қоғамның сұранысына сай жобалау, халықаралық талаптарға сай келетіндей етіп қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар қолға алына бастады. «Жоба Мәжіліске алғаш түскен кезде оның мазмұны әлі де пісіп-жетілмеген, толыққанды жүйелік құжат деңгейіне жетпеген еді. Құқықтық олқылықтар, қайшылықты нормалар, шала тұжырымдар көп болды. Дегенмен Мәжіліс қабырғасында түйткілдермен бетпе-бет келгенде үлкен жұмыс басталды. Жұмыс топтарында қоғам өкілдері нақты ұсыныстарын білдіріп, жобаға өмірмен үндес мазмұн қоса түсті» дейді «Egemen Qazaqstan» газетіне жазған мақаласында Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов.
Құрылыс кодексінің нобайын жасау барысында жұмыс тобына ел азаматтарынан, белгілі құрылыс, архитектура мамандарынан, қоғам қайраткерлерінен мыңдаған ұсыныс-пікір келіп түскен. Соның бәрі заң жобасын жасарда ескерілген екен. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің айтуынша, жұмыс тобына келіп түскен бірде-бір ұсыныс назардан тыс қалмаған. Әлеуметтік желілердегі пікірлер де зерделеніп, Кодекстің нормаларын өзгертуге септігін тигізген. «Құрылыс кодексі – бүкіл қоғамға қатысты маңызды құжаттардың бірі. Себебі азаматтардың өмір сүру сапасы мен жайлылығы, қауіпсіздігі құрылыс саласына, тұрғын үй нысандарына тікелей байланысты. Сондықтан біз заң жобасында құрылыс салушылардың емес, ел азаматтарының мүддесін алдыңғы қатарға қойдық. Жалпы, Құрылыс кодексі – құрылыс бизнесін қорғау туралы құжат болмауы керек, ол ең алдымен азаматтардың құқықтарын қорғауға қызмет етуге тиіс» дейді депутат.
Жосықсыз құрылысты жөнге келтіреді
Қоғам белсенділерінің құрылыс мәселесінде қарапайым тұрғындарды қорғайтын нормаларды бірінші кезекке шығаруы бекер емес. Бүгінге дейін осы салада жылдар бойы жинақталып қалған жүйелі проблемалар аз болған жоқ. Әсіресе құрылыс сапасы – жиі сынға ұшырайтын мәселенің бірі. Мұның себебін сарапшылар құрылыс сапасына берілетін кепілдік мерзімінің қысқаруынан көреді. «Осыдан біраз жыл бұрын белгілі бір топтардың ықпалымен құрылысқа кепілдік беру мерзімі 10 жылдан 2 жылға дейін қысқартылды. Бұл өзгеріс құрылыс нарығында түбегейлі бетбұрыс жасады. Соның салдарынан құрылысшының ұзақмерзімді жауапкершілігі жойылды, сапаға деген талап төмендеді, тірнектеп жинаған ақшасын баспанаға құйған азаматтардың қауіпсіздігі. Осындай келеңсіз мәселелер жайына қалды нарықтың заңы емес, жүйедегі қате шешімнің нәтижесі екені айқын. Сапа кепілдігі қысқарған сайын, құрылыс сапасы да құлдырайтыны анық», дейді М.Әбенов.
Құрылыс сапасының төмендеуіне әсер еткен тағы бір жүйелі себеп – мемлекеттік бақылаудың күрт қысқаруы. «Бизнесті қолдау» деген уәжбен бұрын 100 пайыз мемлекеттік сараптамадан өтетін жобалардың үлесі 14 пайызға дейін төмендеген. Құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға берудегі мемлекеттің қабылдау рәсімі де іс жүзінде жойылған, яғни мемлекет құрылыс үдерісінің ең маңызды кезеңдерінен шеттетілді. Ал бақылау болмаған жерде жауапкершілік те әлсірейді. «Құрылыс – сынақ алаңы емес. Мұнда әрбір қателіктің артында адам тағдыры, оның денсаулығы мен қауіпсіздігі тұр. Сондықтан бізге құрылыс саласындағы теңсіздіктерді реттеп, сапаны қайтаратын, елдің үмітін ақтайтын заң керек. Осы тұрғыдан Құрылыс кодексі салада қордаланып қалған түйткілді мәселелердің басты шешімі болды», дейді депутат.
Құжаттың қабылдануы – жаңа кезеңнің басталуы
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Құрылыс кодексінің қабылдануымен жүйеде жаңа кезең басталғанын айтады. Кодекстегі жаңашылдықтарға тоқталған депутат алдымен адамның мұң-мұқтажын назарға алғанын жеткізді.
Бүгінге дейінгі заңдық нормаларда құрылыс салушыларға едәуір жеңілдіктер жасалып келгені мәлім. Мысалы, кез келген құрылысқа, ғимаратқа кепілдік мерзімі беріледі. Құрылысы аяқталған тұрғын үйге небәрі 2 жыл кепілдік беріліп келді. Осы мерзім біткеннен кейін құрылыстағы кемшіліктерді тұрғындар өз есебінен жөндеуі керек. Ал Құрылыс кодексінде бұл мерзім 10 жылға ұзартылды. Нақтырақ айтсақ, үйдің тірек конструкцияларына, шатыр, қасбет пен іргетасқа – 10 жылға, құрылыс нысанына кепілдік беру уақыты 5 жылға ұзарды.
Құрылыс кодексі аясында қоғам үшін айрықша маңызды бірқатар шешімнің бірі – сейсмикалық қауіпті аумақтарға құрылыс жүргізуге тыйым салынуы. «Осы тұрғыда көп жылдан бері алматылықтарды алаңдатып келе жатқан, талай мәрте айтылған, бірақ нақты шешімін таппаған мәселе заң деңгейінде бекітілді. Тау бөктерлерінде, сел және лай көшкіні қаупі бар аумақтарда құрылыс салуға тыйым салынды. Бұл – жай ғана шектеу емес, халықтың жылдар бойы жиналған мұң-мұқтажына берілген нақты жауап. Қала қауіпсіздігі бірінші орынға шықты. Бұдан былай сел, көшкін қаупі бар таулы аймақтарда көпқабатты тұрғын үйлердің салынуына жол берілмейді», дейді депутат.
Сейсмикалық қауіпті аумақтар мен көшкін қаупі бар жерлер арнайы картаға да енгізілетін болды. Бұл карталар енді формалды құжат емес, құрылыс шешімдерін қабылдауда негізге алатын басты құжатқа айналмақ.
Депутаттардың айтуынша, бұл талаптар тек Алматы қаласымен шектелмейді. Сейсмикалық және табиғи қаупі жоғары алты өңірде – Жамбыл облысында, Түркістан облысында, Алматы, Шымкент қалаларында, Жетісу облысында – құрылыс жүргізуге қатаң шектеулер енгізіледі.
Сонымен қатар заңнамаға алғаш рет «тектоникалық бұзылыс» деген ұғым енгізіліп отыр. Бұл – құрылыс қауіпсіздігін бағалауда жаңа, маңызды ғылыми өлшем.
Кодексте белгіленген екінші маңызды бағыт – азаматтарды пайдакүнем құрылыс компанияларынан қорғау. Құрылыс саласында халықтың сенімін пайдаланып, қаржысын жинап алып, нысанды аяқтамай кететін жауапсыз компаниялар аз емес. Осы олқылықтың алдын алу үшін құрылыс компанияларының арнайы реестрі енгізіледі. Егер сот шешімімен компанияның заңбұзушылығы дәлелденіп, үкім заңды күшіне енсе, ол компания үш жыл бойы құрылыс жүргізу және азаматтардың қаражатын құрылысқа тарту құқынан айырылады.
Саябақтар мен рекреациялық аймақтарды қорғау мәселесі де Кодексте маңызды сала ретінде енгізіліп отыр. Депутат Бақытжан Базарбектің айтуынша, кейінгі жылдары көптеген саябақ, жасыл аймақ, демалысқа арналған жерлер түрлі компаниялардың ығында кетіп, олардың орнына тұрғын үй құрылыстары жүргізілген. Енді бұл тәжірибеге заңмен тыйым салынды. Рекреациялық аймақтарды тұрғын үй құрылысына ауыстыруға жол берілмейді.
Маңызды тағы бір жаңалық – бас жоспарлар мен егжей-тегжей жоспарлау құжаттарының тағдыры. Бұдан былай бұл құжаттарды құрылыс компаниялары өз мүддесіне қарай өзгерте алмайды. Қала құрылысы шешімдері міндетті түрде қоғамдық тыңдаулардан өтеді, халықтың пікірін, мұң-мұқтажын ескере отырып қабылданады. Тек қағаз жүзінде емес, құрылыс барысының өзінде де қоғамдық бақылаулар болады. «Кез келген елді мекеннің бас жоспары болуға тиіс, қалған жобалар осыған сәйкес жүзеге асуы керек. Бүгінге дейін бас жоспарлар құрылыс компаниялардың пайдасына қарай өзгертіле берген. Соның зардабын қазір қарапайым халық тартып отыр. Қалаларда қаптаған құрылыс нысандары бар, бірақ қасында балабақша, мектеп жоқ. Жұрт балаларын алысқа тасуға мәжбүр. Енді егжей-тегжей жоспарлау жобасы бірден 5 жылға дайындалады. Бұрын бір жылда екі реттен өзгертіле берген. Енді екі жылда бір рет қана өзгертуге рұқсат етіледі, оның өзінде дәлелді себептері болуы керек», дейді депутат.
Құрылыс үдерісінің барлық кезеңін – бастапқы жоспардан бастап нысанды пайдалануға беру кезеңіне дейін қамтитын Бірыңғай құрылыс порталы іске қосылатыны да белгілі болды. Құрылыс саласындағы мамандарды міндетті сертификаттау және барлық үдерісті бірыңғай цифрлық реестр арқылы бақылау да құжатқа енгізіліп отыр.
Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың инфрақұрылым мен ғимараттарға кедергісіз кіруі үшін қойылатын талаптар да қатаңдатылды. Сараптамалық қызмет нарығын реттеу саласына да бақылау орнатылды. Енді адамдар көп жиналатын нысандарға қатысты сараптаманы жүргізу құқығы тек мемлекеттік органның құзырында болады.
Құрылыс кодексі құрылыс қоғамдастығына да, кәсіпкерлерге де оңайға тимеген сыңайлы. «Құрылыс кодексінің жобасын талқылау мен әзірлеу кезінде бизнесте бірқатар норма құрылыс сапасының артуына емес, үдерістердің күрделенуіне, әкімшілік кедергілердің өсуіне әкеледі деген алаңдаушылық болды. Сала үшін бақылау тетіктерінің саны емес, олардың тиімділігі мен болжамдылығы маңызды», дейді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Назира Үсенова.
Жаңа Құрылыс кодексі биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Оның іс жүзінде қаншалықты тиімді жұмыс істейтіні мемлекет пен қоғамға байланысты, дейді сарапшылар.
Соңғы жаңалықтар
Ақмола облысында 7,3 млн теңгенің жерін алаяқтықпен сатқан экс-директор сотталды
Заң • Бүгін, 00:19
ҚМДБ: фолловер санын бот арқылы көбейтуге тыйым салынады
Қоғам • Кеше
Алматыда құны 300 млн теңгеден асатын институт мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы • Кеше
ЕАЭО-да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауар бажсыз жеткізіле береді
Сауда • Кеше
Тілсіз жау бір отбасын ойрандап кетті
Төтенше жағдай • Кеше
Жалған нөмірмен жүрген көліктер анықталды
Заң • Кеше
Yenlik Colors ән жобасына қатысатын алғашқы қазақстандық әнші болды
Жасанды интеллект • Кеше
TikTok-та қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны 2 жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Иран келіссөз жүргізуді ұсынды, бірақ АҚШ диалогқа дейін әрекет етуі мүмкін
Әлем • Кеше
Тұлға • Кеше
Биыл Павлодарда 10 балабақша мен 13 мектеп жөндеуден өтеді
Құрылыс • Кеше
Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: марқұм әйелдің соңғы аудиожазбасына қатысты жаңа дерек шықты
Қылмыс • Кеше
Ұлттық ұланның «BURKIT TEAM» командасы AMMA Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Әскер • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Депутат өңдеу өнеркәсібінің проблемаларымен танысты
Экономика • Кеше
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:60
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 08:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















