Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Еңбек қауіпсіздігі басты басымдық

Еңбек қауіпсіздігі басты басымдық

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Елеусіз қалмауға тиіс есеп

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есебіне сенсек, республика көлемінде жылына орташа есеппен 1 300-1 400 азамат жұмыс орнында зардап шегеді. Ұлттық статистика бюросы медициналық мекемелердің дерегіне сүйеніп, бұл көрсеткішті 2,5 мыңға бір-ақ апарады. Қарағандыдағы Костенко шахтасында метан жарылысынан 46 кеншінің көз жұмуы, Павлодардағы «Майқайыңалтын» ойығына автобус құлап, төрт құтқарушының апатқа ұшырауы, Qarmet, «Қазақмыс» нысандарындағы қайғылы оқиғалар өндірістегі қауіпсіздік дағдарысының шын мәнінде қаншалықты өзекті екенін көрсетеді.

Халықаралық еңбек ұйымының рейтингінде Қазақстан өндірістегі өлім-жітім саны бойынша 83 мемлекеттің ішінде 58-орында тұр. Еліміздегі қаза табу коэффициенті 100 мың жұмыскерге шаққанда 4,5 адамнан айналады. Әлемдік стандарттармен салыстырсақ, Жапонияда бұл көрсеткіш – 1,5, Германияда – 0,7, Ұлыбританияда – 0,4 адам. Демек, біздегі көрсеткіш дамыған мемлекеттерге қарағанда 6-10 есе жоғары. Отандық кәсіпорындардың жеңіл және орташа жарақаттарды көп ретте жасырып қалатынын ескерсек, айырмашылық тіптен еселене түседі.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы мен Ұлттық статистика бюросының мәліметтерін біріктіргенде ең қауіпті үш саланың антирекордын айқын аңғарамыз. Қаралы көш басындағы өңдеу өнеркәсібіне оқыс оқиғалардың 30-32 пайызы тиесілі. Металлургия, машина жасау, химия өндірісінде конвейерлік жабдықтармен жұмыс істеу барысындағы жарақаттар, күйік шалу секілді жазата-

йым жағдай көп. Тау-кен өнеркәсібі 15-19 пайызбен екінші орынға орныққанымен, ол өліммен аяқталу коэффициенті және мүгедектікке әкеп соғу деңгейі жағынан бірінші орында. Құрылыс саласындағы көрсеткіш – 12-15 пайыз. Онда биіктен құлау, қауіпсіздік техникасының сақталмауы, біліктілігі төмен жұмысшыларды тарту, субмердігерлік жүйенің реттелмеуі сынды тұрақты проблемалар бар.

Дегенмен кейінгі кезде оң динамика байқалады. Мысалы, Ұлттық статистика бюросының толық қорытындысына сәйкес, 2025 жылы кәсіпорындарда жазатайым оқиғалардан 2 368 азамат зардап шеккен. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 12,3 пайыз аз. Ал ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ақпаратына жүгінсек, биыл алғашқы жартыжылдықта қауіпті өндірістік нысандарда 5 адам қайтыс болған, яғни былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда (15 адам) үш есе кеміген. Жарақат алғандар саны да 8-ден 6-ға дейін төмендеген. Алайда сарапшылар бұған қарап өндірістегі апаттар түгел ауыздықталды деп тұжырым түюге асықпау керегін ескертеді. Себебі бұл – тек ТЖМ есебіндегі ірі қауіпті нысандардың көрсеткіші ғана. Құрылыс, транспорт, өңдеу өнеркәсібіндегі жалпы еңбек жарақатының деңгейі әлі де дабыл қағатын дәрежеде.

Қауіпсіздікті негізге алған құжат

Сондықтан мемлекет жұмысшылар үшін тәуекелі жоғары компаниялардың қызметіне жан-жақты қатаң бақылау орнатып отыр. Сәуір айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Аталмыш нормативтік акт өнеркәсіп нысандарына талапты күшейтіп, жазатайым оқиғаларды тергейтін комиссиялардың өкілеттігін кеңейтуге жол ашты. Құзырлы мекемелер нақты мақсатқа қол жеткізу жолында көптеген шара қабылдап жатыр.

Былтыр жұмыстағы жазатайым жағ­дайлардан 2 368 азамат зардап шеккенін айттық. Бұл цифрды сала-салаға жіліктесек, жарақат алғандар мен қаза тапқандардың 34,2 пайызы (796 адам) өңдеу өнеркәсібінде екен. Шахталарда, кеніштерде һәм өзге де өндіруші нысандарда 380 қазақстандық апатқа ұшыраған. Оқыс оқиғалар ең көп тіркелген экономикалық секторлар қатарына құрылыс (198 адам), денсаулық сақтау (189 адам) және логистика (149 адам) да кіреді.

Тағы бір маңызды жайт, биыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары жұмыс берушілер жасырып қалған 39 өндірістік жарақаттану фактісін тіркеген. Мұндай жағдайлар көбіне қызмет көрсету саласындағы жекеменшік компанияларда жиі кездеседі.

Инспектор демекші, қазір Қазақстанда 250-дей инспектор қызмет атқарады. Халықаралық еңбек ұйымының талабында 10 мың жұмысшыға бір мемлекеттік инспектордан келуге тиіс делінген. Енді мұны елдегі 7 млн-ға жуық жұмыскердің санына шақсақ, бізге инспекторлар штатын кемінде 3 есе көбейту керегін түсінеміз.

ТЖМ-да бірнеше жыл бұрын Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті құрылған. Оның мамандары технологиялық үдерістердің қауіпсіздігін бақылаумен айналысады. Былтырғы қадағалау қызметінің қорытындылары өндірістердегі заңбұзушылықтардың алдын алу жүйесі қалай өзгергенін айғақтайды. Мәселен, 2024-2025 жылдары өнеркәсіптік кәсіпорындарда анықталған заңбұзушылықтар саны шамалас болғанымен, комитет инспекторлары нысандардың жұмысын уақытша тоқтату шараларын көбірек қолдана бастаған. Егер 2024 жылы заңбұзушылықтар жойылғанға дейін 445 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1,8 мыңға жетіп, 4 есе артқан.

ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов өз баяндамасында жыл басынан бері бүкіл кәсіпорынды қамтитын мемлекеттік бақылаудың жаңа тетігі енгізілгенін хабарлады. Министрлік Халықаралық еңбек ұйымының жаңа стандарттарымен ұлттық заңнаманы үйлестіру бағытын айнымай ұстанады. Бұдан былай салада цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдануға басымдық беріледі. Атап айтқанда, ТЖМ тапсырысымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында «е-ТМЖ» цифрлық платформасы әзірленуде. Жоба жыл соңына дейін аяқталмақ. Сондай-ақ Үкімет «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» сервистік автоматтандырылған жүйесін әртүрлі ведомствоның ақпараттық жүйе­лерімен біріктірмек. 

Бастаманың бағыты

Жұмыстағы жазатайым оқиғалардың барынша алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің сарапшыларымен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушылардың қауіпсіздікке мейлінше молырақ инвестиция салуы жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеген. Мысалы, 55 шахта мен кен орнын тексергенде олардың 18 пайызында (10 нысан) төтенше жағдай кезінде қызметкерлерді табу және іздеу жүйесі жоқ екені белгілі болған. 10 нысанның үшеуімен осындай жүйелерді қаржыландыру туралы келісім жасалыпты, тағы бес ұйым техникалық шешімдерді іздестіріп, технология түрлерін таңдауға кіріскен. Қалған 45 нысан да қауіпсіздік жабдықтарын жаңарту жұмыстарына зәру дейді министр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек саласындағы процестерді цифрландыруға тырысып, біршама жұмыс жүргізген. Соның арқасында өндірістік жарақаттарды азайтуға үлкен мүмкіндіктер туған. Ведомство цифрландыру арқылы еңбек нарығын көлеңкеден шығарып, жұмыс берушілерді қызметкер құжатын заң талаптарына сай рәсімдеуге мәжбүрлейді. Бұл бір жағынан жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаса, екінші жағынан жазатайым оқиға жағдайында өтемақылардың еш кедергісіз төленуіне көмектеседі. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың сөзінше, азаматтардың жұмысын заңдас­тыру және сақтандыру шаралары басты басымдық ретінде қарастырылады.

– Бүгінгі таңда жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен 118 мың кәсіпорын қамтылған, бұл жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың жалпы санының 68 пайызына пара-пар. 19 мың ұжымдық шарт цифрландырылды, бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе артық. Жыл басынан бері 170 профилактикалық бақылау тексерісі жүргізілді. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қамту көрсеткіші 2,5 есе өсті, – дейді сала жетекшісі.

Министрлік өндірістегі оқыс оқиғалардың 34,9 пайызы жұмысшының өрес­кел абайсыздығынан, 28,3 пайызы жұмыс өндірісін нашар ұйымдастырудан, 7,1 пайызы еңбекті қорғау және қауіпсіздік қағидаларын бұзудан, 9,1 пайызы жол-көлік ережелерін сақтамаудан болады деген статистика ұсынды. Біздіңше, бұған өндірістегі құрал-жабдықтың 60 пайызы ескірген деген айдан анық деректі де қоса кету керек.

Қысқасы, жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Үкімет алдындағы кезек күттірмейтін міндет. Өйткені Әділетті Қазақстан биліктің пәрменімен ғана емес, әр азаматтың еңбегімен құрылады.

Айдар ДӘУІТҰЛЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Шілде 2026 06:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары