Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Ерлан Қарин Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXIV отырысына қатысты

Ерлан Қарин Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXIV отырысына қатысты

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оның жұмысына 20 елден келген әлемдік және дәстүрлі діндердің, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың 30-дан астам беделді өкілі қатысты.

Ерлан Қарин бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім, адамды құрметтеу сияқты конституциялық құндылықтар Қазақстанның даму бағдарын айқындайтын маңызды қағидаттар екенін, мұның cъезд миссиясымен үндесетінін атап өтті. Осы ұстанымдарға арқа сүйей отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміз теңгерімді және бейбіт сипатта дәйекті сыртқы саясат жүргізіп келеді.

Съезд осы жылдар ішінде дінаралық диалогтың бірегей алаңы ретінде қалыптасты. Оның әріптестік желісі кеңейіп, діни бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығы нығая түсті.

"Осыған дейін қалыптасқан құндылықтар іргетасы Съездің практикалық мазмұнын кеңейтуге мүмкіндік береді. Яғни құжаттарды бірлесіп әзірлеуге, әріптестікті нығайтуға және нақты жобаларды іске асыруға жол ашады", – деді вице-президент.

Бұл – қарулы қақтығыстар, гуманитарлық дағдарыстар, радикалды идеялар мен өшпенділік белгілері белең алып, климаттық және технологиялық сын-қатерлер күшейе түскен қазіргі кезеңде айрықша өзекті міндет. Мұндай жағдайда рухани дипломатия саяси келіссөздерді толықтырып, өзара байланыс арналарын сақтауға және сенімді қалпына келтіруге ықпал етеді.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысының съезд аясында діндердің бітімгерлік әлеуетін біріктіріп, рухани дипломатияға нақты халықаралық сипат беруге бағытталған Жаһандық бейбітшілік қозғалысын қалыптастыру жөніндегі бастамасына арнайы тоқталды.

Отырыс соңында 2025 жылғы Астана бейбітшілік декларациясын дамыту мақсатында әзірленген екі халықаралық құжат қабылданды. Олар – "Климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі діндердің рөлі" және "Діни салада жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық кодексі".

Бірінші құжат экологиялық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған және қоршаған ортаға қамқорлық пен азаматтық жауапкершілікті ұштастыратын Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" бағдарламасының философиясымен үндеседі.

Этикалық кодекс президенттің жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі Дінаралық комиссия құруды және алгоритмдерге арналған әмбебап «өсиеттерді» әзірлеуді көздейтін бастамасын одан әрі ілгерілетеді. Құжат технологияларды жауапкершілікпен қолдануға шақырады әрі діни мәтіндерді бұрмалауға, цифрлық жалған контент әзірлеуге, кемсітушілікке және адамдардың сеніміне манипуляция жасауға тосқауыл қоюға арналған.

Сондай-ақ Қазақстан мен Қасиетті Тақтың бірлескен бастамасы – "Айықпас дертке шалдыққан балалардың құқықтары хартиясы" таныстырылды. Құжатты әзірлеуге "Бамбино Джезу" ауруханасының сарапшылары атсалысты. Хатшылық Хартияға қатысты жұмысты одан әрі жалғастыруды қолдады.

"Астана бейбітшілік декларациясы – 2025" құжатын іске асыру аясында хатшылыққа серіктестермен бірлесіп, Жаһандық бейбітшілік қозғалысының тұжырымдамасы мен оны қалыптастыру және халықаралық деңгейде ілгерілетудің кезең-кезеңімен іске асырылатын жоспарын әзірлеу тапсырылды.

"Съездің беделі қабылданған шешімдердің халықаралық бастамаларда көрініс тауып, қаншалықты тыңғылықты түрде жүзеге асырылатынына және бейбітшілік пен сенімді нығайтуға қызмет ететініне байланысты болмақ", – деді Ерлан Қарин.

Отырыс аясында Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделcаламмен кездесу барысында вице-президент Кеңес съездің маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, форум қызметін қолдағаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ Кеңестің Адамзат бауырластығы туралы құжатты ілгерілетуге, климат және жасанды интеллект этикасы жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қосқан үлесі айтылды.

БАӘ Толеранттылық және бейбіт өмір сүру министрлігінің Бас директоры Афра Мұхаммед Әл-Сабримен кездесуде өзара іс-қимыл әлеуеті талқыланды. Оның съезд жұмысына сіңірген еңбегіне және толеранттылық пен бейбіт өмір сүру құндылықтарын ілгерілетудің маңызына баса назар аударылды.

Сонымен қатар Қытайдың буддистік және даостық ұйымдарының өкілдері Цю Шуанмен, Сунь Сяомен кездесу өтті. Кездесу барысында олардың съезд жұмысына қатысуы және дінаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі талқыланды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:58
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see136

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see133

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see128

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see128

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see124

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see121

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see121

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see118

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see117

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see117

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see113

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see113

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see110

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары