Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ерлік маршруты: Львов Берлин Прага Альтенбург

Ерлік маршруты: Львов Берлин Прага Альтенбург

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанның қиыр шығыстағы шекара­сын­дағы қазақ ауылын­дағы орта мектепте тарих пәнінен сабақ берген сұңғақ бой­лы ұстазымыздың жасы он сегізге толмай тұ­рып майданға кет­кенін, ерлік жасап, орден-медальдар алға­нын, соғыстан соң Герма­ния­дағы кеңес әскери әкімшілігі қарауында қызметте болып, елге 1949 жылы ғана қайт­қанын кейін білдік.

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Рамазан Қалиұлы Бұтабаев 1925 жылдың 10 ақпанында қазіргі Шығыс Қазақстан об­лысының Зайсан қаласында дүниеге келген. Бұтабаевтар отбасының үлкен ұлы Байға­был «халық жауы» деген жаламен ұсталып, ату жазасына кесілген соң, отбасы қазіргі Абай облысының Ақсуат ауданына көшіп келген. Мектепті жастай үздік бітірген, жасы әлі 18-ге толмаған Рамазанды 1942 жылы 3 желтоқсанда әскер қатарына шақырған. Шығыстың қақаған аязында Ақсуаттан 323 шақырым жердегі Жалғызтөбе теміржол бекетіне жаяу аттанған 255 адамның діттеген жерге 152-сі ғана аман жеткен, қалғаны орта жолдағы Большевик ауылының маңайында үсіп өлген екен.

Майданға 1943 жылдың қаңтар айында жеткен топты сұрыптау кезінде Рамазан Бұтабаевтың орта білімі бар және орысша жақсы сөйлейтіні анықталып, оны артиллеристер дайындайтын әскери училищеге жіберді. Соғыста артиллерист болған Сергей Стопаловтың «Артиллеристің майдандағы өмірі. Гаубицамен Сождан Эль­баға дейін. 1941–1945» деген ­атаумен басылған естелікте­рін­де «артиллериялық учили­ще­ге қабылдану үшін орта білім ­немесе ортаға жақын деңгей болуы және өте жақсы мінезде­­ме болуы керек еді» дейді. Алай­да артиллеристердің мін­деті өте ауыр. Әскер бөлімі орнын ауыстырғанда олар кішірек зеңбіректерді өздері сүйрейді, снарядтар үшін жыра қазады, тағысын-тағы ауыр жұмыстары жетерлік.

Артиллеристер шабуыл­дың алдында жауға оқ жаудырады, жаяу әскердің басын көтертпей тұрған оқ көздерін, пулеметтерді, зеңбіректерді жояды. Егер атқан снаряды көздеген жерге түспесе, жау бұл зеңбіректің тұрған жерін жылдам анықтап, құртып жі­беруі мүмкін. Осыған орай май­данда көп қолданылған 45 миллиметрлік жеңіл зең­бі­ректі артиллеристер өзара әзіл-қалжыңмен «Қош бол, Отан» деп атаған екен, демек «не сен жауды бірден жоясың, не сені ол жояды». Міне, осы артиллеристердің қатарында Рамазан Бұтабаев болған-ды.

Училищенің қысқартыл­ған оқуын бітірген соң Рама­зан Қалиұлы сержант әс­кери дәрежесімен зеңбірек командасының қолбасшысы ретінде тікелей майданға жібе­рілген. Алғашқы шай­қастарға 1-Украина майда­ны­ның 13-атқыштар корпусы құрамындағы 58-атқыш­тар дивизиясының 244 артил­лериялық полкінің зеңбірек тобының қолбасшысы болып қатысты.

1944 жылдың шілдесінде 1-Украина майданының әскер­лері жау қорғанысын Львов бағытында бұзып өту шабуылын бастады. 13 шілдеден 29 тамызға дейін созылған Львов-Сандомир операциясы соғыс тарихына кеңес әскерлерінің сәтті шабуылы ретінде енді. Шабуыл басталғаннан бес күн ішінде кеңес әскерлері Львов жау қорғанысын бұзып өтіп, 50 шақырымға ілгерілеп, Порицк, Горохов, Красное және басқа сексен қала мен елді мекенді азат етті. 27 шілдеде Львовты азат еткені үшін 1-Украина май­данының әскерлеріне Мәс­кеуде отшашумен құрмет көр­сетілді. Осы операцияға 5-гвардиялық армияның құра­мындағы 244-гаубицалық ар­тил­лериялық полкі қатарын­да қатысып, 18 шілдеде өзі бас­қарған зеңбірек командасы­мен жаудың қауіпті оқ көздерін жойғаны үшін Рамазан Бұта­баевқа Бас қолбасшы Сталиннің бұйрығымен алғыс жарияланды. Бұл кезде Рамазан Қалиұлы 19 жаста еді.

Рамазан Бұтабаев кеңес әс­керлерінің Висладан шабуыл­мен өтіп, Сандомирді азат ету жолындағы шайқастары­на да қатысты. Висладағы жау қор­ғанысын бұзуда айрықша ма­ңызды күш артиллерия болды. Артиллеристердің осы шай­қастардағы ерекше әрекетін одақтастар да байқаған, 1945 жылдың 21 қаңтарында бри­тан газеті «Санди Экспресс» ке­ңес әскерлері шабуылдары­ның сәттілігі артиллерияның ба­сым­дылығымен байланыс­ты деп жазған. Сандомир опе­рациясына қатысқан көптеген әс­кер бөлімдеріне «Сандомир­лік ди­визия», «Сандомирлік полк» сияқты атақтар берілді. Қатарында Рамазан Бұтабаев болған полк осы шайқастар­дан кейін «244-гаубицалық артиллериялық Сандомирлік полк» деп аталатын болды. Осы шайқастарда ерлігімен көзге түскен бірқатар артиллериске Бас қолбасшы Сталин­нің бұйрығымен алғыс жария­ланды, олардың қатарында Бұтабаев та бар еді.

1945 жылы қаңтарда 1-Украина майданының әскер­лері Одер өзені бойында тас­тай бекініп, берілмей жатқан неміс бөлімдерін шегіндіріп, Одер өзенінен шабуылмен өтіп кетті, әрі қарай Берлинге барар жолдағы неміс қалаларын ала бастады. Артиллеристік топ­тың қолбасшысы Рамазан Бұтабаевтың осы шайқас­тар­дағы, соның ішінде Одер өзе­нінен өту, Фрайштадт, Нейш­тадтель, Грюнберг қалаларын алудағы ерлігіне де алғыс жарияланды.

26 сәуірден бастап Батыс Померанияда қоршауға түскен неміс бөлімдерін талқандау тікелей Берлинге кіріп, қала көшелерінде шайқасуға жол ашты. 26 сәуірдегі шайқас кезінде сержант Рамазан Бұтабаевтың зеңбірек командасы Клейн-Кересс ауданында жаудың Берлиндегі әскерлерге бара жатқан қару-жарақ пен оқ-дәрі тиелген екі жүк машинасын жойып жіберді.

28 сәуірде Рамазан Бұ­та­­­­баев командасының зең­­­­­бі­­регі Берлиннің оңтүс­тік-шығысындағы Мас­сов ауданында жауға қарсы бағытталып орналастырылды. Берлин қоршауын бұзып өту үшін осы ауданға өршелене ұм­тылған жау әскерлері Бұта­баев зеңбірегінің от-жалынды оғына тап болды. Сол жерде зеңбірек көздеушісіне жау оғы тиіп, жараланып қалды да, оның орнына офицер Бұта­баев өзі тұрып, жауға оқты қар­дай боратты. Артиллерияның қысымына шыдамаған жау кері шегінді. Осы шайқаста Бұтабаевтың зеңбірегі 30 шақ­ты жаудың көзін жойып, қор­шау шебін бұзып өтуіне жол бермеді. 2 мамырда Берлин­дегі неміс әскерлері тізе бүк­ті, Берлинді алудағы ерліктері үшін бірқатар жауынгерлер мен офицерлерге Сталиннің бұйрығымен алғыс жарияланды, алғыс алғандар қатарында 20 жасар жас қазақ Рамазан Бұтабаев та болды.

Берлинді алып, Германия­ның сөзсіз тізе бүгуі туралы актіге қол қойылған соң осы шайқастарда ерлік көрсет­кен­дерді әртүрлі деңгейдегі ма­рапаттарға ұсыну басталды. 244-гаубицалық артиллерия­лық полктің қолбасшысы Рама­зан Бұтабаевтың 26 сәуірдегі және 28 сәуірдегі ерліктерін ­сипаттап жазып, 15-гвардия­лық атқыштар дивизиясының басшылығына қазақ жігітін Қызыл Жұлдыз орденіне ұсыну туралы пікірін білдірді. 9 мамырда бүкіл кеңес әскерлері жеңісті тойлап жатқан кезде 244-гаубицалық артиллериялық полк 1-Украина майданы әс­керлерінің құрамында Прагада бекініп алып, берілмей жатқан неміс бөлімдеріне қарсы жо­рыққа аттанды.

Прагада бекініп алған жау­дың «Орталық» тобының бір­қатар бөлімдері және «Австрия» деп аталған әскер бөлімдері Бер­линдегі неміс бөлімдері талқандалған соң да тізе бүгуден бас тартып, берілмеді. 5 мамырда Праганың жергілікті халқы көтеріліс бастап, немістердің батысқа қарай шегінетін жолын жауып тастады. «Орталық» тобының қолбасшысы генерал-фельдмаршал Ф.Шернер көтерілісті күшпен басып-жан­шуға бұйрық берді. Прага көтерілісшілері радиодан үндеу тастап, батыстағы одақтастарды көмекке шақырды. 6 мамырда 1-Украина майданының әс­керлері Прагада бекінген не­міс бөлімдеріне қарсы шабуыл­ бас­тады. Бұл шайқастарға 5-гвар­диялық армия құрамында Рамазан Бұтабаевтың зеңбірек командасы да қатысты. Сол күні 1-Украина майданының әскер­лері Бреслаудағы 40 мың­дық неміс әскерін қоршап алып, ­тізе бүктірді.

1925 жылы туған, жас болса да, соғыста от кешіп, оққа кеудесін тосқан жігіттерді, со­ның ішінде жас офицерлерді Еуропадағы соғыстың соң­ғы оғы атылғаннан кейін де әскерден бірден қайтарған жоқ. Оларды әуелі жапондық Квантун әскерін талқандауға бағытталған кеңес әскерлері тобына қосу үшін кеңес-қытай шекарасына әкелді, бұл кезде лейтенант атағын алған Рама­зан Бұтабаев артиллериялық батарея қолбасшысы болып тағайындалған еді. Жапония 1945 жылдың 2 қыркүйегінде жеңілгенін мойындап, тізе бүгу актісіне қол қойған соң, білімді, тәжірибелі жас офи­церлерді қайтадан Германияға әкеліп, Шығыс Германия қала­ларындағы кеңес комен­датурасы жанындағы әскер­лерге әртүрлі деңгейдегі қол­басшылар қызметіне таға­йындады. Рамазан Бұтабаев Альтенбург қаласына жіберілді. Сол жерде батарея қолбасшы­сы ретінде қызметін атқарып, ­1949 жылы Шығыс Германияда Ке­ңес одағына тәуелді социалис­тік мемлекет құрылған соң ғана елге қайтты.

Рамазан Бұтабаев бұл кезде «Қызыл Жұлдыз» ордені, Бірінші дәрежелі «Отан со­ғысы» ордені, «Берлинді алғаны үшін» медалі, «Праганы азат еткені үшін» медалі, «1941–1945 ж. Ұлы отан соғы­сында Германияны жең­гені үшін» медалі сияқты бір­қатар жауын­герлік марапаттар­дың иегері болған еді.

Елге қайтқан соң 1950 жы­лы Бұтабаев Семей педа­го­гикалық институтының тарих факультетіне түсіп, өте жақсы оқып, Лениндік стипендиат болып, бітіргенде үздік диплом алды. Институтта қа­лып, мұғалім болу немесе аспи­рантураға түсіп, ғылыммен айна­лысу мүмкіндігі бола тұр­са да, Рамазан Бұтабаев ата-ана­сының өтінішімен ауылы­на қайтып келіп, аудандық білім бөлімінің инспекторы, одан кейін басшысы болып 20 жылдай қызмет атқарды, кейін­нен аудандағы алдыңғы қатарлы Мұхтар Әуезов атындағы мек­тептің директоры болды, тарих пәнінен сабақ берді. Сол қызмет жолының барлығында елдің есінде қалатын үлгілі, біл­гір басшы және ұстаз атанды. Шәкірттері арасынан екі тарих ғылымдарының докторы, бір тарих ғылымының кандида­ты шықты. Олар «Бұтабаев­тың шәкіртіміз» деп мақтан тұтады.

Рамазан Бұтабаевтың бей­біт еңбек жолындағы табыс­тары да ескерусіз қалмай, үне­мі марапатталып отырды, 2005 жылы тәуелсіз Қазақстанның «Құрмет» орденімен мара­патталды. Сүйікті жар ретінде сегіз баладан 25 немере көріп, 90 жасында Алматы қаласында дүние салды. Өмірі мен отанына қызметі Рамазан Бұтабаев­ты ерекше тұлға ретінде есте сақтауға жетелейді.

Гүлжаухар КӨКЕБАЕВА,

тарих ғылымдарының докторы, профессор 

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Білімнің кеңейген кеңістігі

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Жарқанатқа айналған әйел

Өнер • Бүгін, 09:30

Жас буынға жан жылуы керек

Білім • Бүгін, 09:28

Шыңдағы шынар

Ғылым • Бүгін, 09:25

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Тұлға • Бүгін, 09:22

Зерттеудің абыройлы жылы

Ғылым • Бүгін, 09:20

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

Білім • Бүгін, 09:17

Табысқа апарар анық жол

Білім • Бүгін, 09:15

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Таным • Бүгін, 09:13

Салмағы бөлек саяхат

Тарих • Бүгін, 09:10

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ауа райы • Бүгін, 09:09

Музей ісінен мән кетпесін десек...

Мәдениет • Бүгін, 09:07

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Экономика • Бүгін, 09:05

Көпірдің «жыры» қашан бітеді?

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 10:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары