Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Елеусіз қалған ерлік

Елеусіз қалған ерлік

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

1999 жылғы сәуір айының жиырмасы. Көктемнің ортасы болса да, қыс оңайлықпен берілетін емес. Әсіресе сол күні бар ызғарын айрықша төгіп тұрған. Солтүстіктен көтерілген суық жел бұрынғы теңізді бөліп салынған Көкарал бөгетін ауыр толқындармен соқ­қылай бастады. Теңіз үстіне сұп-суық, қап-қара ауыр бұлттар жер бауырлай жылжып еңсені езе төніп келеді.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Көкарал бөгетін үш жыл­дан бері салып жат­қан жұмысшы-меха­низаторлар жанталаса қимыл­дайды. Өйткені жаңа ғана қысқа жиналыс жасаған прораб: «Жігіттер, облыстан Морозов келіп: «Кешке қарай теңіз үстінде қатты жел көтеріліп, жаңбыр жаууы мүмкін, бөгетті су бұзып кет­песін, қалайда сақтап қа­лың­дар», деді. Сондықтан тынбай, тоқтамай жұмыс істеңдер», деген болатын.

Алайда түс ауа құтырына соқ­қан қатты желмен бірге құй­ған нөсер жауын салдарынан «ғасыр кереметі», «әлемнің сегізінші кереметі» деп бітпей жатып даурыққан құм бөгет алғашқы соққан толқынмен-ақ суға шайылып кете барды. Сөйтіп, үш жыл бойы дұрыс айлық ала алмай, дұрыс тамақ жей алмай салған жұмысшы-механизаторлардың еңбегі бір-ақ сәтте зая кетті. Теңіз толқыны әр соққан сайын бөгеттің кез келген жерін жарып өтіп, адамдар бас сауғалап қаша бас­тады. Машиналар мен тракторлар әр жерде суға батып тұрып қалды. Қатты шошынған адамдар көліктен шығып, жаяулай қашқанымен, сәт сайын жайыла көтерілген теңіздің ағын суы олардың алды-артын орап жағаға жеткізбеді. Кеңірдектен келген су қашуға мүмкіндік бермегеннен кейін амалсыз кейін қайтып, су бетінде әр жерде қалқи бастаған көліктерге жармаса мінді.

Еңсені басқан қараңғы түн, сай-сүйекті сырқыратқан суық жел, тұншықтыра соққан ауыр толқын тұла бойды қалтыратып, олар өмірден күдер үзіп, құты­рын­ған теңіз қашан жұтып қояды деген үреймен ажал күту­ден басқа амалы қалмады. Бір-бірін тас қараңғы түнектен көре алмаған адамдар әр жерден дауыс­тап бір-бірімен жылап қоштаса бастады.

Бұл кезде Қаратерең ауылы да дүрлігіп жатыр еді. Оларға хабарды жалғыз К-700 тракторымен қашып құтылған төрт-бес адам жеткізіп: «Жиырма тоғыз адам теңіз ортасында қалып қойды», деп хабарлады. Бірақ олар қанша дүрліккенімен, қараңғы түнде буырқанған теңіз ортасында қалған адамдарға еш қайран көрсете алмайтын еді. Ауыл халқы түнімен босып кетті. Тасқын ортасында қалғандар ара­­сында сол ауылдың теңізден нәпақа тапқан балықшылары да бар еді.

Келесі күні ғана Қызылордаға рациямен суық хабар жетті. «Қызылорда – Еуро эйр» компаниясы басшылығы дереу арада 1-санатты ұшқыш Қайбалды Орынбаевқа өз экипажы мен құтқарушыларды алып, апат ошағына ұшуға бұйрық берді. Бірақ облыстық төтенше жағ­­дайлар мекемесі мұндай жағ­­дайға дайын емес екенін көр­сетті. Олардың дайындалған жауынгерлері түгілі темір ар­қаны да жоқ екен. Бар салмақ өздеріне түскенін сезген командир Қайбалды Орынбаев экипаж мүшелері, екінші пилот Пер Огай мен борт механик Дәуірхан Исаевты алып, Арал ауданының Қаратерең балықшылар ауылына жедел ұшып жетіп, ауыл адамдарынан суда қалғандардың қай бағытта қалғанын білді де, қайта көтеріліп Көкарал бөгетінің үстін сүзе тінтіп, бөгеттің арғы бетіне жетті. Бірақ ешқандай адам көрінбеді. «Олардың суда қалғанына екінші тәулік, бәлкім теңіз жұтып тынды ма?» деген суық ой да келген. Бірақ жүрек сенбейді, соншама адамнан бір белгі қалмауы мүмкін емес деген ой­мен енді дария бағытын бетке алып ұшты. Теңізге қараудың өзі өте қор­қынышты, асау толқын­­да­ры ала­сұрып жатыр, тау­дай бо­­лып көтері­ліп, төңкеріле со­ғып, жұ­­тып жі­берердей құты­рынады. Оның үстіне шелектеп құй­ған нөсер тікұшақ әйнегін бұлдыратып, айналаны дұрыс көрсетпейді.

Қайбалды желмен жарыс­қан­дай әуе кемесін бар ек­пі­ні­мен ұшырды, өйткені сәл баяу­ласа қатты соққан жел аударып кетердей жоғары, төмен шайқайды. Бір кезде байланыста отырған әуежай басшылығы ауа райының күрт бұзылуына байланысты одан әрі ұшу өздеріне де, қымбат тікұшаққа да өте қауіпті екенін ескертіп, іздеуді тоқтатуды талап етті. Бірақ МИ-8 командирі бұл бұй­рықты орындамады. Әскери ортада бұйрыққа бағынбау – ере­­жені бұзу. Командирді аса қа­таң жазамен жұмыстан шы­ғару қаупі күтіп тұр еді. Бар жауап­­кер­шілікті мойнына алған ұш­қыш­тың бар тілегі – суға ыққан адам­дарды тауып, оларды қалай­да құтқару еді. Егер бұйрыққа ба­ғынып кейін қайт­са, суда қалған адамдар түгел қыры­латыны айдан анық екенін жүрегімен сезді.

Көкарал бөгетінің ұзындығы – 13 шақырымдай, соны толқын үш жерден бұзып өткен. Адамдар болады-ау деген жердің бәрін шолған Қайбалды енді бағытын күрт өзгертіп, ұлы теңізге қарай 5-6 шақырымдай ұшқан кезде бұлдыраған терезеден су бетіндегі қарайған ноқаттарды байқап қалды. Жүрегі аттай тулап кетті: «О, тоба, мыналар шынымен адамдар ма, тірі сияқты ғой», деп ойлап үлгермей, суға батқан машина, трактор, экска­ва­торлардың қылтиған төбе­ле­ріне, мұржаларына, ұзын мойындарына жабысып алып, қол бұлғаған адамдарды көрді. Кейбірінен әл кеткен болса керек, жанындағы адамдар оларды суға жібермей ұстап тұр.

Енді адамдарды құтқарайын десе, тікұшақ қонатын жер табылмады, адамдарды көтеріп алайын десе, ұзындығы бір метр болатын темір сатыдан басқа ештеңе жоқ. Содан олар ауылға қайта ұшып барып, тұр­ғын­дар­дан көмек сұрауды дұрыс көрді.

– Ағайындар, адамдарды таптық, олар тірі, бірақ өте қауіпті жағдайда. Сондықтан бізге көмек керек, ең бірінші аса қауіпті жағдайға тәуекел ете алатын қарулы екі азамат керек. Екіншіден, мықты ұзын арқан қажет, – деді Қайбалды асыға сөйлеп. Сол сәт топ ішінен «мен барамын» деп екі азамат ортаға шықты. Олар Шынтемір Әймішов пен Тілепалды Орын­­­баев еді. Өзгенің өміріне бола ажал аузына барған қайран ерлер бұл күнде жарық дүниеде жоқ.

Ауыл ақсақалдарының ақ бата­­сын алып ер жігіттер қайта ұшты. Суға батып, шығып тұрған көлік үстінде жанталасқан адам­дар­дың үстінен тағы айналып, олардың өз бетімен арқанға өрмелеп шығуға әлі жоқ екенін көрді. Енді не істемек керек? Сол кезде Қайбалды көзсіз ерлікке барып:

– Жігіттер, мен тәуекелге барамын. Суда шайқалып тұрған машина капотына тікұшақ дөңгелегін тигізіп ұстап тұра­мын. Сол кезде екеуің суға түсіп қолы­ңа іліккен адамдарды тік ұшақ ішіне лақтырыңдар. Басқа амал жоқ, – деді. Осылай екі сағат­қа жуық өлім мен өмір ара­сында арпалысып жүріп әр көлікте қалқып кетіп бара жат­қан жиыр­ма жеті адамды құт­қар­ды. Екі адамға үлгермеді, оларды теңіз тұңғиығы тартып әкетті.

Міне, осындай аса қатерлі іске барған МИ-8 тікұша­ғы­ның командирі Қайбалды Орынбаевтың ерлігі – шын мәнін­де тарихта қалар таңға­жайып батырлық. Ол өз өмірін аса үлкен қатерге тіге отырып, қаншама адамның үйіне аман-сау қайтуына себепші болды. Арада 26 жыл өтсе де, осы ерлік елеусіз қалып келеді.

Бұл мақала осы қайғылы оқи­ға­ның тірі куәгерлерінің және теңіз іргесінде отырған Қаратерең ауылы тұрғындарының өтініші бойынша жазылып отыр. Олар жарық дүниені қайта көруге себепші болған батыр ұшқыш Қайбалды Орынбаевтың кеш болса да назарға ілініп, лайықты бағасын алғанын қалайды.

Жантөре ӘБДІРЕЙІМОВ,

Журналистер одағының мүшесі 

Соңғы жаңалықтар

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді

Банк • Бүгін, 13:00

Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі

Мектеп • Бүгін, 12:55

Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Спорт • Бүгін, 12:49

Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын

Қазақстан • Бүгін, 12:22

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Ата заң • Бүгін, 12:06

Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды

Аймақтар • Бүгін, 11:58

Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 11:48

Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады

Қоғам • Бүгін, 11:35

Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?

Экология • Бүгін, 11:28

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18

Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?

Қоғам • Бүгін, 11:08

Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Digital • Бүгін, 10:59

Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 10:45

Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?

Банк • Бүгін, 10:32

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 15:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары