Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кадрдағы елеусіз қарсылық

Кадрдағы елеусіз қарсылық

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгінде Шәкен Аймановтың «Тақиялы періштесін» көрмеген жан жоқ шығар. Өткенде осы фильмді қайыра қарап шығып, әлі ешкім мән бере қоймаған бір кадрды байқап қалдық. Режиссердің атан түйеге жүк боларлық жалқы ауыз сөзді цензураның өткір қайшысына іліктірмей у мен шудың арасына сыналай қосып жіберген шеберлігіне тәнті болдық.

Қай кезеңде болсын кино идеологияға қызмет етіп келеді. Сондықтан да кеңестік кезең режиссерлері көркем туындыларында көрерменнің көңіл күйі мен ойына әсер етіп, қызыл көз коммунистік идеяны бұқара санасына сіңіруге тырысты. Бұған қол жеткізу мақсатында сол тұстағы жүйе қаржыны да аяған жоқ.

Көркем фильмдердің әр сөзі електен өтіп, қоғамдық көз­қа­расқа көлденең қиғаш ойлар қиылып қалатын, көрерменге күнделікті күйбеңді ұмыттырып, қызыл жалаулы идеологияны насихаттайтын сондай заман­да Шәкен Айманов ұлттың жа­найқайын жалқы сөзге сыйдырып жіберіпті. Көпшілік байқай қоймаған сол сәтті қаперіңізге салып, есіңізге түсіріп көрейік.

Қысты күні тақиялы періш­тесіне қалыңдық іздеген Тана әжей көшеде келе жатып, Лена атты конькиші қызбен кезігетін сәті бар емес пе? Әдеттегідей «күйеуге тигің келе ме?» деген сұрағын қояды. Конькиші қыз асығыс екенін айтып, таудағы жарысқа шақырады. Тана әжей оның соңынан «Айналайын, тоқтай тұршы», деп қалбалақтап жүгіре жөнеледі. Тайлақтың шешесі Лена мінген қоғамдық көлікке сыймай, келесі автобус­пен Медеуге жолға шығады.

Осы сәттегі кадрлардан нені көреміз? Тауға апаратын жол көрінісі. Алматының әсем таби­ғаты көзді арбайды. Халық­аралық жарыс өтетінінен хабар беріп, тулар желбіреп тұр. Мұз айдынында жан сала жарысып, сырғанап бара жатқан жастар мен олардың өнеріне жанкүйерлік танытып шулап жатқан көпшілік.

Режиссер осындай сансыз кадр кезектесе алмасқан тұста күннің суықтығынан мұздап, қалтадағы шақпағын жақпай ерніне қыстырған темекіні екін­шісінің аузындағы темекі­мен тұтатып тұрған көзілдірікті шетел­діктерге бұра қояды. Яғни Шәкен Айманов көпшілік сахнадағы ерінде қыстырған шы­­лымды ауыздағы темекімен тұтатқан азаматтардың әрекеті­нен күлкі тудырып, мұның сыртына жанкүйерлердің шуын қосып, көкейіндегі сөзді айтуға ыңғайланғанын көреміз. Сонда не айтты дерсіз? Егде жастағы шетелдік басын шайқап күле отырып: «Орыс қысы суық екен?» деп томардай етіп, тосын ойды ортаға тастап кеп жібереді. Оған іле екіншісі «Қазақтың қысы» деңіз деп жауап беріп, миллиондардың көкейіндегі сөзді сауырдан ұрған қамшыдай сарт еткізеді. Ал қолын ысқылап жаураған шетелдік: «О, иә, иә! Қазақтың қысы» деп әлгінің уәжіне бас шұлғи келісіп, қарқылдап күледі.

Кеңес одағы тұсында жеке рес­публика болғанымызбен, еліміз де, жеріміз де қазақтікі емес еді. Жер мен елді «қазақтікі» деп меншіктеп айтуға қайтпас қайсар сом жүрек керек болатын. Ондай жүрек Шәкендей режиссерде бар екен. Бір қызығы, Айманов бұл жерде «Айтарын ашып айтқан абайламай, Дариға-ай, Махамбеттер, Абайлар-ай» дегендей, әлгі «сойқан сөздерді» абайламай айтып отырған жоқ. Осы сөзді айту үшін басын қатерге тігіп, тәуекел еткенін байқайсыз. Жалқы ауыз шындықты таразыға салып өлшеп-пішіп, майдан қыл суырғандай цензураға іліктірмей өткізу – шынында да ерлік.

Мұндай ақиқат айтылғаннан кейін Тана әжей қасында отырған етжеңді азаматтың қолындағы шарабын жұлып алып, қылғыта салатын сәт басталып кетеді. Іле «Мәссаған, апай коньякты сілтеп отыр, су ішкен құрлы көрмейді» деген жарқ-жарқ еткен дауыс шығады.

Конькиші орыс қызы Лена, мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан халықаралық жарыс, Медеу мұз айдынының көркем көрінісі... Бәрі-бәрі тек «қазақтың қысы» деген нарқы қорғасыннан да ауыр сөзді астарлап жеткізуге орай туғызған.

Әлемдік киноның дені қоғам­дағы өзекті мәселелерді талқы­лауға шығарып, пікірталас ту­ғы­зып, қоғамдық пікірге әсер ететінін жақсы білеміз. Дәл осы ұстаныммен «Тақиялы періш­тенің» режиссері де бұл жердің кімдікі екенін қоғамдық талқыға ұсынғандай көрінеді.

Қош! Жарық көргеніне 57 жылдан асқан «Тақиялы періште» әлі де көрерменін жалықтырған жоқ. Оның басты бір себебі, кино астарындағы игі идеологияның мәңгіліктігінен де болар деп ойлаймыз. Режиссердің «қазақтың қысы» деген жалғыз сөзді жер-жаһанға жар салуға жанталас­қан еңбегі осы бір туындының ғұмы­рын ұзақ етіп тұрған жоқ па екен? Сіз қалай ойлайсыз? 

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 09:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары