Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарымен қоштасты

Қазақстан AI экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

3000 ересек қазақстандықты бір айға армияға әкетеді бұл кімдерге қатысты емес

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

Оқуға түсіремін деп 32 талапкерді сан соқтырған күдікті Албанияда ұсталды

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

Ақтауда ер адам 30 келіден астам есірткіні жеткізу үшін жүк тасымалдау қызметін жалдаған

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

Израиль Ливан: Келісімге қол қойылды

100 ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды

Алматыда коммуналдық қарызы бар 600 ден астам кәсіпорынға қатысты іс қозғалды

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті

Қазақстандықтарды жұмыстан шығару ережелерінің бірі әділетсіз деп танылды

Есімі елеусіз қалған Амантай күйші

Есімі елеусіз қалған Амантай күйші

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгінде біз кеңес дәуірінде өмір сүрген күйшілер жайлы азды-көпті білеміз. Олардың есімдері аталып, оқу орындарында арнайы пәндер аясында оқытылып жүр. Тарихи өлшеммен қарағанда, күні кеше өмір сүрген күйшілер туралы дерек аз болмауы тиіс. Дегенмен назардан тыс қалып жүрген өнерпаздар да бар. Бүгінгі әңгіме сондай күйшілердің бірі - Амантай Бозмағанбетов туралы болмақ.

Амантай күйші 1906 жылы бүгінгі Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Күйші әкесінің азан шақырып қойған есімі Бозқұнан болған. Құжаттарда да бастапқыда осылай жазылғаны айтылады. Кейін белгісіз себептермен Бозмағанбет болып өзгеріп, соған байланысты кейінгі ұрпақтарының фамилиясы Бозмағанбетов болып қалыптасқан екен.

Амантай Бозмағанбетов

Жастайынан әңгіме-жырға құлақ түріп өскен Амантай уақыт өте келе домбырашылық пен саятшылыққа бейімделеді. Ауыл-аймаққа келген күйшілердің қасында жүріп, олардың тартқан күйлерін тыңдап, кейін өздігінен қайталап орындау арқылы машықтанған. Домбыраны жанынан тастамай, ел көзінен тыс жерде үнемі жаттығып отырғаны айтылады. Осындай табиғи бейім мен тұрақты машықтың нәтижесінде ол жас кезінен-ақ ауыл арасында күйшілігімен таныла бастайды. Қолда бар деректерге қарағанда, Амантайдың әйгілі күйші Тоқа Шоңманұлымен (1830-1904) аталас туыс болғаны және Тоқаның күйшілік мектебінен тағылым алғаны айтылады. Ол Тоқа күйлерін 1937 жылғы репрессия құрбаны болған белгілі домбырашы Рабаттан үйренген. Амантайдың репертуарында Тоқаның “Бастау қосбасар”, “Зар қосбасар”, “Сән қосбасар”, “Жаз қосбасар”, “Нар қосбасар”, “Боз айғыр”, “Төрт толғау” сияқты күйлері болған. Сонымен бірге бүгінде аса танымал Дайрабайдың күйі де бар. 

Кейін қазақ музыкасын зерттеуші Тымат Мерғалиев Жаңаарқаға келіп, Амантайдың орындауындағы 15 күйді үнтаспаға жазып алады. Бұл 1962 жыл болса керек. Кейін бұл материалдар 1972 жылы жарық көрген “Домбыра сазы” еңбегінде пайдаланылған. “Дайрабай” күйінің нотасын беріп, түсініктемесінде, Амантай Бозмағанбетовты “Арқаның дарынды күйшісі” деп бағалап, оның халық күйлері мен халық композиторлары шығармаларын шебер орындайтынын атап өткен. 

"Домбыра сазы" жинағы (1972 ж.)

Көзкөргендердің айтуынша, Амантай күйші алдымен тартылатын күйдің шығу тарихын, қандай оқиғаға байланысты туғанын әңгімелеп алып, содан кейін ғана күйді шертетін болған. Осындай отырыстарда Тоқа күйлерімен қатар, домбыра құлағын теріс бұрауға келтіріп, “Азамат”, “Алшағыр”, “Бозайғыр” сияқты күйлерді және Тәттімбетің “Сарыжайлау”, “Сылқылдақ”, сан тараулы “Қосбасарларын” да жетер жеріне жеткізген екен. Және де “Тепең көк”, “Сары өзен”, “Сезбес” (Сембек) сынды күйлер де тыңдаушылардың есіңде қалып қойыпты.

Деректерге қарағанда, ол 1952 жылы қобызшы Дәулет Мықтыбаевпен танысады. Екі өнерпаздың туыстық жақындығы да болған екен. Амантай анасы жағынан Дәулет Мықтыбаевқа жиен болып келеді. Сол Дәулет Мықтыбаев оның күйлерін таспаға жаздырып, Алматыдағы Өнер және әдебиет институтының қорына өткізген дейді.

Күйшінің өз жанынан шығарған шығармаларының бірі - “Өмір” күйі. Бұл шығарма оның жасы ұлғайып, өмір туралы толғанысқа түскен шағында туған философиялық күй ретінде сипатталады. Деректерде бұл күйде өмірдің өткіншілігі мен адамның ғұмыр туралы ойы көрініс тапқаны айтылады. Ал тағы бір “Торы ат” атты авторлық туындысының шығу аңызы жайлы Ақселеу Сейдімбектің “Қазақтың күй өнері” атты еңбегінде келесідей жазады:

Амантай Бозмағанбетұлының өз жанынан шығарған «Торы ат» күйі жұртшылықтың ұйып тыңдайтын күйлерінің бірі. Бұл күйдің шығу себебі - 1960 жылдардағы солақай саясатқа байланысты. Халықтың бірлі-жарым сауып малынан басқа мал ұстауына тыйым салынып, артық-ауыс мініс малдары мен күш көліктері күшпен тартып алынады. Осындай қиянаттың тұзағына Амантайдың бәйге Торы аты да ілігеді. Содан, арада біраз уақыт өткенде «Қазақстанға - 40 жыл» деген ресми той болып, шаруашылық атынан қосылған Амантайдың Торы аты бәйгеден келеді ғой. Жасынан жүйрік ат, қыран құс, құмай тазыны әбектеп өскен Амантайды осы оқиға қатты толқытып, «Торы ат» күйін шығарады.

Біздің қолымызға тиген деректерде ол саятшылыққа жақын болған, ат ұстап, құмай тазымен аңға шыққан деседі. Сонымен қатар, Жаңаарқа өңірінің белгілі домбырашылары Қойбағар Жылқыбайұлымен және Мұхит Битенұлымен бірге жүріп, күй өнерін насихаттаған дейді. Ақселеу Сейдімбек Амантай күйшінің қолынан күй үйренген деп, Мұхаметжан Тілеуханов, Жақсылық Мағзұмов, Ералы Тоқанов сияқты өнерпаздардың есімін атайды

Амантай Бозмағанбетов 1972 жылы 66 жасында қайтыс болды. Бүгінде күйшінің мұрасын сақтауға және насихаттауға оның ұлы Шынар Бозмағанбетов ерекше үлес қосып жүр. Ол әр жерден іздестіріп жүріп, әкесінің орындауындағы күйлерді жинап шыққан екен.

Биыл Амантай күйшінің туғанына - 120 жыл. Белгілі бір күй мектебін жалғастырып, байырғы күйшілер мен бүгінгі күйшілердің арасында көпір бола білген өнерпаздың есімі ұмытылмай, насихатталса екен дейміз. Әртүрлі деңгейлерде конференциялар мен күй кештерін ұйымдастырып, күйшінің артынан қалған аудиотаспалары ғылыми айналымға енуі қажет-ақ. Біздің бүгінгі жазған шағын мақаламыз сол үлкен жұмыстың бастауы деп сенейік.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп,   Аikyn.kz     сайтына   белсенді  гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Мамыр 2026 14:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

28 Маусым 2026 13:14see109

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

28 Маусым 2026 11:04see109

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

28 Маусым 2026 18:15see107

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді

29 Маусым 2026 10:00see105

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарымен қоштасты

29 Маусым 2026 12:57see104

Қазақстан AI экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

29 Маусым 2026 11:02see104

3000 ересек қазақстандықты бір айға армияға әкетеді бұл кімдерге қатысты емес

29 Маусым 2026 12:56see104

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

29 Маусым 2026 11:02see103

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

28 Маусым 2026 13:08see102

Оқуға түсіремін деп 32 талапкерді сан соқтырған күдікті Албанияда ұсталды

29 Маусым 2026 10:14see101

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

28 Маусым 2026 11:47see101

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

28 Маусым 2026 11:41see101

Ақтауда ер адам 30 келіден астам есірткіні жеткізу үшін жүк тасымалдау қызметін жалдаған

27 Маусым 2026 17:11see101

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

28 Маусым 2026 06:32see100

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

28 Маусым 2026 17:33see99

Израиль Ливан: Келісімге қол қойылды

27 Маусым 2026 19:32see99

100 ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды

27 Маусым 2026 19:18see98

Алматыда коммуналдық қарызы бар 600 ден астам кәсіпорынға қатысты іс қозғалды

29 Маусым 2026 14:21see96

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті

27 Маусым 2026 17:22see95

Қазақстандықтарды жұмыстан шығару ережелерінің бірі әділетсіз деп танылды

29 Маусым 2026 12:08see95
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары