Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлттық банк шешімінен кейін кредиттер, ипотека және депозиттер не болады: экономистер түсіндіреді

Еуроодақтың ең ұзын өзені қарқынды түрде тартылып жатыр

Зейнетақы жинақтарын толығымен аударуға болады Тимур Сүлейменов тәуекелдер туралы айтты

Respublica: Қарағандыдағы фермерлердің шығыны азайып, жұмысы жеңілдеді

Алматы әуежайындағы тәртіпсіздік: екі ер адам рейстен түсіріліп, жазаланды

Астанадағы нөсерден кейін әлеуметтік желілер табылған заттар бюросына айналды

Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған күдікті Вьетнамнан жеткізілді

Қарттыққа жиналған қаржының қадірі кетпей ме?

Көлік нөмірін картоннан жасап алған павлодарлық жүргізуші ұсталды

Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

Балалар лагерI бақылаусыз қалды

Байрақ түркілік мемлекеттік рәміз

Алматыда құны 5 млн теңгеден асатын контрафактілі монтаж желімі тәркіленді

Алматыда түнде жантүршігерлік жол апаты болды: Мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді

Сүлейменов базалық мөлшерлемені одан әрі төмендету шартын атады

Қызанақ, қияр, сәбіз және жұмыртқа арзандады

Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді

Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан серіктестігін ілгерілетуге өңірлердің қосқан үлесін жоғары бағалады

Қазақстан Ресей: Аймақаралық ынтымақтастық нығайып келеді

Астананың елеулі экономикалық өсімі

Астананың елеулі экономикалық өсімі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Сурет: freedom-travel.kz

Былтыр елорданың жалпы өңірлік өнімі 18,9 трлн теңгеге жетті. Халық саны 1,7 млн адамды құрайтын бас қаланың үлесіне бүгінде еліміздің жалпы ішкі өнімінің 11,9%-ы тиесілі. Бұл Астананың ұлттық экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің бірі екенін айқындай түседі.

Биыл қаңтар–сәуір айларында Астананың өнеркәсіптік кешені 1,3 трлн теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 116,5%-ды құрады. Өсімнің негізгі қозғаушы күші – өңдеу өнеркәсібі. Оның үлесіне 1,2 трлн теңге өнім тиесілі.

Өсімнің басты өзегі ретінде №1 Индустриялық парк өз рөлін сақтап отыр. Биыл мұнда жалпы құны 139,8 млрд теңгені құрайтын 28 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Соның нәтижесінде шамамен 600 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Өндірісті жаңғыртудың жар­қын мысалдарының бірі – «Авто­компоненттер kz» ЖШС. Кәсіпорын былтырдан бері жылына 400 бірлік арнайы және өрт сөндіру техникасын шығаратын жобалық қуатына жетті.

Сонымен қатар Астана «ақылды қала» тұжырымдамасы аясында технологиялық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді. Оған мысал ретінде Presight халықаралық компаниясымен серіктестікте елімізде алғашқы мамандандырылған деректерді өңдеу орталығы іске қосылды. Дата-орталық қалалық ахуалдық орталықтың, интеллектуалды бейнеталдау жүйелерінің және қалалық ортаны басқаруға арналған озық ЖИ-платформаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысының энергетика секторын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елордада жылу қуаты тапшылығы жойылды. №3 ЖЭО-ның бірінші кезеңі мен «Тұран» мен «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансаларының іске қосылуы нәтижесінде Астананың жылу қуаты 30% артты (+1100 Гкал/сағат).

Ұзақмерзімді қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында биыл №3 ЖЭО жабдықтарын көмірді резервтік отын ретінде пайдалануға бейімдеу жұмысы аяқталады. Оның аясында ұсақтау кешені мен теміржол инфрақұрылымы іске қосылады. Сонымен қатар жеке инвестициялар есебінен қуаты 500 МВт болатын бу-газ қондырғысының жобасы әзірленіп жатыр. Салынып жатқан «Тельман» ГЖС-ын келесі жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қалдықтарды басқару жүйесінде де ауқымды өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Қолданыстағы қалалық полигонда 2,2 млн тонна қалдық жинақталған. Осыған байланысты «Shenzhen Energy Group Co. Ltd» компаниясымен бірлесіп Орталық Азия­дағы бірегей жоба – «Астана энер­гиясы» экопаркі қалдықтарды жағу зауытының құрылысы басталды.

Жобаны іске асыру мерзімі – үш жыл. Зауыт жылына 550 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықты өңдей алады. Мұнда 90 тұрақты жұмыс орны ашылып, қызметкерлер шетелде арнайы даярлықтан өтеді. Стансаның қуаттылығы жылына – 330 млн кВт/сағат электр. Оның 280 млн кВт/сағаты таза электр энергия­сы ретінде қаланың энергетикалық жүйесіне бағытталады.

Биыл алғашқы төрт айда Астананың негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 588 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1% өсті.  Осы көрсеткіш тұрғысынан елорда елімізде бірінші орында тұр. Оның ішінде 454,5 млрд теңге жеке инвестициялар есебінен тартылған. Құрылыс жұмысының көлемі 259 млрд теңге (+8,2%).

Тұрғын үй құрылысы да жоғары қарқынмен дамып келеді. 4 млн шаршы метр  тұрғын үй пайдалануға берілді (+3,5%). Экономикалық белсенділік бюджет түсімдерінің артуына да ықпал етті. Қала бюджетіне түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер көлемі рекордтық 28,6%-ға өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады. Биылға арналған қала бюджеті 1,4 трлн теңге көлемінде бекітілген. Оның  83%-дан астамы меншікті кірістердің үлесіне тиесілі (1,2 трлн теңге).

Астананың жол-көлік желісін дамыту көлік кептелістерін жоюға әрі жаңа аудандардың интеграция­сын арттыруға бағытталған. Биыл жалпы ұзындығы 60 шақырым 50-ге жуық көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар бірқатар стратегиялық маңызы бар нысандардың құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Атап айтқанда, Тілендиев – Бейсекова екідеңгейлі жолайрығында инженерлік желілерді тарту жұмысының 90%-ы аяқталды. Көпірдің барлық 8 аралығы орнатылған. Биыл толық асфальт төселіп, барлық кіру-шығу жолдарымен бірге қозғалысқа ашылады. Тәуелсіздік даңғылын жалғастыру қолға алынды. Нақтырақ, Қабанбай батыр даңғылынан Е485 көшесіне дейінгі аралықта 8 жолақты магистраль құрылысының бірінші кезеңі жалғасып жатыр. Жаңа жол Мәңгілік ел және Тұран даңғыл­дарындағы көлік ағынын азайта алады. Сонымен қатар Төле би көшесі де ұзартылып жатыр. Роза Бағланова көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі учаскеде асфальт­бетон жабындысының төменгі қабаты төселіп, жол жиектері орнатылды. Қазір жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Астана бюджеті әлеуметтік бағыт­тылығын сақтап отыр. Биыл білім беру саласына 351,6 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат есебі­нен қолданыстағы мектептерге 6 602 орындық 12 қосымша ғимарат салу, 1 200 орындық жаңа мектеп­тің құрылысын бастау, тағы 11 білім беру нысанының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланған. Айта кетейік, Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға дейін Астанада шамамен 140 жаңа мектеп салынады. Бұдан бөлек, биыл екі Оқушылар сарайы мен алты балабақша ашылады.

Өңірлерден келген жастарды қолдау мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Бейбітшілік көшесінде колледж студенттеріне арналған 938 орындық заманауи жатақхана пайдалануға берілді. Бұл орын тапшылығының 70%-дан астамын жоюға мүмкіндік берді. Ғимарат Face ID жүйесімен, стартаптарды қолдауға арналған акселерация орталығымен жабдық­талған әрі инклюзивті орта талаптарына толық бейімделген.

Денсаулық сақтау саласына 26 млрд теңге бөлінді. Кейінгі он жылда туу көрсеткішінің 35%-ға артуына байланысты перинаталдық қызметті дамытуға ерекше назар аударылып отыр.

Елордадағы еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Биыл бірінші тоқсанның қорытындысында жұмыссыздық деңгейі 4,3%-ды құрады. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен 4,5% төмен. Орташа айлық жалақы – 560 мың теңге. Жылдың алғашқы төрт айында қалада 7 593 жаңа жұмыс орны құрылды. Мансап орталықтары арқылы 6,1 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Олардың жартысы – 35 жасқа дейінгі жастар. Қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары, оның ішінде дәнекерлеуші, токарь, слесарь мамандықтары негізінде VR-тех­нологияларды пайдалану тәжі­рибесі кеңінен қолданылып жатыр.

Шағын және орта бизнес секторында да сапалы әрі қаржылық өсім байқалады. Қалада 246 мың ШОБ субъектісі жұмыс істейді. Олар шамамен 560 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. ШОБ-тың қала экономикасындағы үлесі рекордтық 66%-ға жетті.

Былтыр ШОБ өндірген өнім көлемі 20,7% өсіп, 21 трлн теңгені құраған. Осы қарқынды сақтау және әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында биыл Астанада жаңа бизнес-идеяларға 400 АЕК мөлшерінде 260 қайтарымсыз грант беру жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Маусым 2026 11:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлттық банк шешімінен кейін кредиттер, ипотека және депозиттер не болады: экономистер түсіндіреді

24 Шілде 2026 18:32see152

Еуроодақтың ең ұзын өзені қарқынды түрде тартылып жатыр

24 Шілде 2026 21:05see147

Зейнетақы жинақтарын толығымен аударуға болады Тимур Сүлейменов тәуекелдер туралы айтты

24 Шілде 2026 18:31see146

Respublica: Қарағандыдағы фермерлердің шығыны азайып, жұмысы жеңілдеді

24 Шілде 2026 18:54see143

Алматы әуежайындағы тәртіпсіздік: екі ер адам рейстен түсіріліп, жазаланды

24 Шілде 2026 19:58see136

Астанадағы нөсерден кейін әлеуметтік желілер табылған заттар бюросына айналды

24 Шілде 2026 19:24see135

Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған күдікті Вьетнамнан жеткізілді

24 Шілде 2026 19:47see133

Қарттыққа жиналған қаржының қадірі кетпей ме?

25 Шілде 2026 08:50see127

Көлік нөмірін картоннан жасап алған павлодарлық жүргізуші ұсталды

25 Шілде 2026 13:01see127

Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

25 Шілде 2026 15:22see124

Балалар лагерI бақылаусыз қалды

25 Шілде 2026 05:24see122

Байрақ түркілік мемлекеттік рәміз

25 Шілде 2026 09:21see122

Алматыда құны 5 млн теңгеден асатын контрафактілі монтаж желімі тәркіленді

25 Шілде 2026 15:05see121

Алматыда түнде жантүршігерлік жол апаты болды: Мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

25 Шілде 2026 11:57see121

Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді

25 Шілде 2026 14:33see119

Сүлейменов базалық мөлшерлемені одан әрі төмендету шартын атады

24 Шілде 2026 18:28see118

Қызанақ, қияр, сәбіз және жұмыртқа арзандады

24 Шілде 2026 18:49see118

Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді

25 Шілде 2026 21:11see116

Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан серіктестігін ілгерілетуге өңірлердің қосқан үлесін жоғары бағалады

25 Шілде 2026 22:16see113

Қазақстан Ресей: Аймақаралық ынтымақтастық нығайып келеді

25 Шілде 2026 08:21see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары