Финляндия 2027 жылы қорғанысқа 7 млрд еуро жұмсауды жоспарлап отыр
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Финляндия 2027 жылы қорғаныс саласына 7 миллиард еуро жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 2,6 пайызына тең. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады.
"2027 жылы қорғаныс шығыны ЖІӨ-нің 2,6 пайызын құрайды", - делінген ведомствоның сайтындағы хабарламада.
Онда 2027 жылға арналған Қорғаныс министрлігінің бюджет жобасы 7 миллиард еуро болатыны аталып өткен. Бұл 2026 жылғы бюджеттен 600 миллион еуроға көп.
Ведомствоның мәліметінше, шамамен 1,8 миллиард еуроны қорғаныс материалдарын сатып алуға, 1,4 миллиард еуроны көп мақсатты жойғыш ұшақтарға жұмсау жоспарланып отыр. Тағы 2,7 миллиард еуро ведомствоның операциялық шығындарына бағытталады.
Сондай-ақ шамамен 200 миллион еуро Украинаға әскери көмек көрсетуге қарастырылған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:55
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қыркүйек 2026 18:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















