Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Гватемаланың үш түрмесіндегі тәртіпсіздіктер кезінде 7 полиция қызметкері қаза болды

Гватемаланың үш түрмесіндегі тәртіпсіздіктер кезінде 7 полиция қызметкері қаза болды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қанды оқиғалар көтеріліске шыққан тұтқындар басып алған қатаң режимдегі түрмені күштік құрылымдар қайта бақылауға алғаннан кейін бірнеше сағат өтпей болған.

Ішкі істер министрі Марко Антонио Вильеда жексенбі күні журналистерге жасаған мәлімдемесінде шабуылдардың ел астанасы мен оған іргелес аймақтарда болғанын айтты. Нәтижесінде жеті полицей мен бір банданың мүшесі мерт болып, тағы он тәртіп сақшысы жараланған.

Жағдайдың ушығуына байланысты Білім министрлігі мектептерде сабақты тоқтатты. Ал астана билігі жексенбіге белгіленген мәдени және ойын-сауық шараларын кейінге қалдырды.

— Біз бұл ахуалды президент Бернардо Ареваломен талқыладық. Қалалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарды қорғау үшін армиямен бірлескен операциялар жүргіземіз. Бірақ мен бандалармен ешқандай келіссөз жүргізбеймін, — деді Вильеда, өз ұстанымын қадап тұрып.

Ұлттық азаматтық полиция жексенбі күні өз қызметкерлеріне қарсы кемінде он шабуыл тіркелгенін мәлімдеді. Полиция директоры Дэвид Кустодио Ботео бес күдіктінің ұсталғанын хабарлап, X әлеуметтік желісінде қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін және полицияның бірлесе әрекет етуі тиіс екенін жазды.

Түрмені шабуылдау және кепілдегілерді босату

Жексенбіге қараған түні жүздеген полиция қызметкері Renovacion 1 деп аталатын қатаң режимдегі түрмеге шабуыл жасап, кепілге алынғандарды босатуға кірісті. Операция барысында Barrio 18 бандасының жетекшісі, «Эль Лобо» лақап атымен белгілі Альдо Дуппи ұсталды. Полиция таратқан суреттерде оның иығынан жараланып, қансыраған күйде түрмеден шығарылғаны көрінеді. Дуппи жиынтық есеппен шамамен 2000 жылға сотталған.

Сонымен қатар, тағы екі түрмеде 37 адам әлі де кепілдікте отыр. Биліктің мәліметінше, сенбіде басталып, жексенбіге ұласқан үш түзеу мекемесіндегі бүлік кезінде кемінде 46 қызметкер тұтқынға алынған. Алдын ала деректерге қарағанда, бұл көтерілісті Barrio 18 мүшелері өз жетекшісін жағдайы жақсы түрмеге ауыстыруды талап етіп ұйымдастырған.

Вильеда бұған дейін кепілге алынғандар арасында қаза тапқандар мен ауыр жараланғандар жоқ екенін айтқан. Ішкі істер министрлігі бұл тәртіпсіздіктерді «банда басшыларының артықшылықтарынан айырылуына тікелей жауап» деп бағалады.

— Мен террористік топтармен мәмілеге бармаймын. Қоқан-лоқыға да, бопсалауға да көнбеймін, — деді министр. Оның айтуынша, кепілге алынғандардың басым бөлігі — күзетшілер, арасында психолог та бар.

Түрмелердегі ахуал

Елдің оңтүстігіндегі Эскуинтла қаласында орналасқан Renovacion 1 түрмесін полиция мен әскер қоршауға алып, маңайда жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктері кезекшілік етті. Комбинезон киген немесе майка мен шолақ шалбар, қолдан жасалған бетперде таққан тұтқындар күзет мұнараларынан төменді бақылап тұрды. Маска кигендердің бірі биліктің өздерін қорғай алмай отырғанын айтып, қауіпсіздікке алаңдаушылық білдіріп, басқа түрмеге ауыстыруды талап етті.

Соңғы жылдары Гватемала түрме жүйесін бақылауда ұстауда үлкен қиындықтарға тап болып отыр. Бандалардың ықпалы күшейіп, тұтқындар ауыр әрі қауіпті жағдайларға жиі шағымдануда. Өткен қазанда президент Аревало 20 банда мүшесінің қашуынан кейін қауіпсіздік қызметіндегі үш жоғары лауазымды шенеуніктің отставкасын қабылдаған болатын.

— Түрме жүйесі мен бостандықтағы қылмыс арасындағы байланысты үзу қажет, — деді Аревало Associated Press-ке берген сұхбатында, түрмелерге мемлекеттік бақылауды қайтарудың маңызын ерекше атап өтіп.

Осыған дейін Гватемалада автобус көпірден құлап, 50-ден астам адам қаза тапқаны туралы жаздық. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қаңтар 2026 10:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары