Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Ипотека көлемінің өсуі тұрғын үй нарығына қалай әсер етеді

Ипотека көлемінің өсуі тұрғын үй нарығына қалай әсер етеді

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазан айының ортасынан бастап бірқатар коммерциялық банктер азаматтардан тұрғын үй несиесіне өтініш қабылдауды тоқтатты, кейбірі ипотекалық өнімдерді уақытша шектеп, тек серіктес құрылыс компанияларының нысандарына бағытталған бағдарламаларды қалдырды. Мұндай қадам базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты банктер үшін ипотеканы тиімді емес ететін жағдайдан туындады.

Осы экономикалық ахуалды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет тұрғын үй нарығындағы тұрақтылықты сақтау және реформалардың теріс салдарын азайту мақсатында нақты шаралар қабылдады. Солардың бірі – тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесін қолдау. Бұл жүйе арқылы халыққа берілетін ипотекалық несиелер көлемі екі есеге ұлғайып, 500 млрд теңгеге дейін жеткізіледі. Несие «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары арқылы беріледі, ал сұранысқа ие «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады.

Инфографика: Kazinform

«Әскери баспана» бағдарламасы арқылы жыл сайын кемінде жеті мың әскери қызметшінің отбасына жаңа салынған баспанадан бөлек, қайталама нарықтан да пәтер сатып алу мүмкіндігі беріледі. Бұған дейін бағдарлама аясында 15 мыңнан астам әскери отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартқан. Бағдарлама қайта іске қосылған жағдайда, жыл сайын жаңа жеті мың әскери қызметші баспаналы болады. Мұндай қадам тек әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып қана қоймай, құрылыс нарығын да ынталандырады.

Тұрғын үй нарығында бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет құрылыс компанияларымен офтейк-келісімшарттар жасау механизмін енгізді. Бұл келісімге сәйкес, құрылыс салушылар үш жыл бойы пәтер бағасын өзгеріссіз ұстайды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай тәсіл бағаның шарықтауына жол бермей, тұрғындарға қолжетімді тұрғын үй алу мүмкіндігін кеңейтеді.

Осы шаралар тек тұрғын үйге қолжетімділікті арттырумен шектелмей, құрылыс саласын дамытуға, нарықтағы сұраныс пен ұсынысты теңестіруге де бағытталған. Офтейк-келісімшарттар құрылысшылар үшін қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жоспарлы баға саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тәсіл нарықтағы баға қозғалысына бақылау орнатып, экономикалық реформалардың теріс әсерін азайтуға да ықпал етеді.

Сарапшылар не дейді?

Экономист Расул Рысмамбетовтің пікірінше, ипотекалық несиелеу көлемін ұлғайту тұрғын үй нарығына оң әсер етуі мүмкін, бірақ белгілі бір тәуекелдер де бар.

- Ипотеканың көлемі артса, тұрғын үй нарығында баға өсімінің күшею қаупі бар. Егер бір мезетте көп адамға несие беріліп, барлығы тұрғын үй сатып алуға кіріссе, бұл нарықтағы сұранысты күрт арттырып, бағаның шарықтауына әкелуі мүмкін. Сондықтан құрылыс компаниялары өздерінің қаржылық есептілігін ашық көрсетуі қажет: нақты өзіндік құны, пайда маржасы қанша – бәрі анық болуы тиіс, – дейді сарапшы.

Фото: Facebook / Rassul Rysmambetov

Оның айтуынша, мұндай жағдайлар басқа елдерде де кездескен. Мысалы, Оңтүстік Кореяда, әсіресе Сеул қаласында, тұрғын үй бағасының шамадан тыс өсуіне жол бермеу үшін арнайы шектеулер енгізілген: жаңа салынып жатқан үйді сатып алған адам кемінде екі жыл сол үйде тұруға міндетті. Бұл шара алыпсатарлықты тежеуге бағытталған.

Сарапшының пікірінше, жеңілдетілген ипотеканың басты мақсаты – үйді шын мұқтаж адамдарға қолжетімді ету.

- Бағдарламалар бағаны емес, сұранысты күшейтуі ықтимал. Сондықтан жеңілдікті бағдарламаларға алыпсатарлар емес, расымен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар қатысуы қажет. Сонда ғана саясаттың әлеуметтік әсері болады, – дейді экономист.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Сонымен қатар, ол жеңілдетілген ипотеканың құрылыс саласын жандандырып, экономиканы жедел өсіруге ықпал ететінін атап өтті:

- Құрылыс саласы – экономиканың ең жылдам қозғалатын локомотиві. Егер оны дұрыс бағытта ынталандыра білсек, бұл бүкіл экономикалық белсенділікті арттырады. Ең бастысы – нарықтағы ақша айналымы шамадан тыс көбейіп, баға «қызуына» жол бермеу керек. Егер сол тепе-теңдік сақталса, бәрі дұрыс болады, - деді Расул Рысмамбетов.

Қазақстанның риэлторлар біріккен қауымдастығының президенті Лариса Степаненконың айтуынша, ипотекалық несиелеу көлемін ұлғайту тұрғын үй нарығына сөзсіз әсер етеді. Мұндай шаралар, әсіресе бастапқы нарықта, сұранысты арттырады. Бұл сегменттің негізгі сатып алушылары – мемлекеттік немесе банктердің ипотекалық бағдарламаларын пайдаланатын отбасылар.

Алайда сарапшы ипотека көлемінің өсуі шектеулі ұсыныс жағдайында бағаға қысым түсіретінін атап өтті.

- Біз мұндай жағдайды бұрын да байқағанбыз. Ипотекалық бағдарламалар белсенді іске қосылған сайын, әсіресе ірі қалаларда, бағаның уақытша өсімі байқалады, – дейді Л. Степаненко.

Фото: Лариса Степаненконың жеке мұрағатынан

Оның пікірінше, егер бұл шаралар құрылыс саласын қолдаумен қатар жүрсе – яғни құрылысшылар үшін қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдету, жер қорын кеңейту және кешенді құрылыс жобаларын дамыту қолға алынса – онда нарықтағы сұраныс пен ұсыныс теңесіп, баға тұрақтылығы сақталады.

- Бұл жағдайда тұрғындар баспана жағдайын жақсартуға көбірек мүмкіндікке ие болады, ал нарық артық баға өсімінсіз дамуға серпін алады, – дейді ол.

Сарапшының айтуынша, ипотекалық қолдау шараларының тиімділігі жүйелі тәсілге байланысты.

- Мұндай бастамалар тек қана несиелеу көлемін ұлғайтумен шектелмеуі керек. Баға белгілеуді бақылау, мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз ету, жалға алу және қайталама нарықты дамыту, сондай-ақ сала қатысушыларының кәсіби деңгейін арттыру – қолжетімді тұрғын үй саясатының негізгі шарттары, – деп қорытындылады Лариса Степаненко.

Коллаж Kazinform

Ал Отбасы банкінің баспасөз хатшысы Наталья Кутлинаның айтуынша, «Наурыз» бағдарламасының барлық шарттары бұрынғыдай сақталады.

- Бағдарлама шарттары өзгеріссіз қалады, олар банк сайтында толық көрсетілген. Қазір жаңа тапсырма аясында кейбір мәселелер қаралуда, бірақ нақты шешім әзірге жоқ. Қосымша өтінім қабылдау мүмкіндігі талқыланып жатыр, алайда әзірге ресми шешім қабылданған жоқ», – деді ол.

Оның сөзінше,«Наурыз Жұмыскер» шарттары бұрынғыдай қалады, тек оның бір ерекшелігі – бұл бағдарлама нақты мамандық иелеріне арналған. Олар жұмыс орнынан анықтама алып, банкке өтінім береді. Мұнда конкурс немесе ұпай жүйесі қарастырылмаған. Қазіргі уақытта жаңа тапсырмаға байланысты банк жаңа қатысушыларды қалай қабылдайтынын пысықтап жатыр. Бұл мәселе әлі талқылау кезеңінде.Сонымен қатар, «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша да белсенді талқылау жүріп жатыр. Қазір пайыздық мөлшерлеме, мерзім, несие сомасы және басқа да шарттар қарастырылуда.

Қазақстандағы ипотека нарығындағы соңғы өзгерістер тұрғын үй нарығын тұрақтандыруда мемлекеттік қолдаудың маңызды екенін көрсетті. Несие көлемінің ұлғаюы «Наурыз», «Наурыз-Жұмыскер» және «Әскери баспана» бағдарламалары арқылы халыққа тұрғын үй алу мүмкіндігін кеңейтіп, әсіресе әлеуметтік осал топтар мен әскери қызметшілердің баспаналы болуына жағдай жасады. Сонымен қатар, бұл қадам құрылыс саласын ынталандырып, экономикалық белсенділікті арттыруға ықпал етті. Дегенмен, сарапшылар атап өткендей, ипотекалық қолдау көлемінің өсуі бағаға қысым түсіру қаупін де тудырады. Сондықтан нарықтағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылыс компанияларының қаржылық есептілігін ашық көрсету, бағаларды бекіту механизмдерін енгізу және алыпсатарлық әрекеттерді тежеу қажет.

Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың тиімділігі тек несиелеу көлеміне ғана емес, жүйелі бақылау мен нарықтық теңгерімді сақтауға байланысты. Бағдарламалар тек нақты тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға бағытталған кезде ғана әлеуметтік және экономикалық әсері тұрақты болады. Қорытындылай келе, ипотекалық несиелердің өсуі тұрғын үй нарығын қолдауға және құрылыс секторын дамытуға ықпал етеді, бірақ оның тұрақтылығы бағдарламалардың дұрыс құрылымдалуы мен тиімді іске асуына тәуелді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 11:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары