Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

Үйшік: Атыраудың терең тарихындағы көне қала аты

ҰлтССО АҚ ға монополияға қарсы заң бұзушылық үшін ескерту жасалды

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Түркістандағы Respublica форумы: нақты нәтиже, нақты жауапкершілік

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

ШҚО да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

Бокс кеші өтеді

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

Заманауи технологиялар шаруашылықтың шырайын келтіреді

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

Салықтың өсуі халықтың күнкөріс деңгейіне теріс әсер етеді экономист

Салықтың өсуі халықтың күнкөріс деңгейіне теріс әсер етеді экономист

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

2026 жылдан бастап елімізде ҚКС 16 пайызға дейін өседі. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 4%-ға артық көрсеткіш. Қазірдің өзінде салық реформасын сынаушылар баршылық. Жалпы, еліміздің биылғы даму көрсеткіші, салық өзгерістері мен экономиканы әртараптандыру жоспары қалай жүзеге асып жатқаны жайлы танымал экономист Шамбыл Қажыгелді Arasha сайтына арнайы сұхбат берді.

- Шамбыл мырза, әңгімемізді биыл қазақстандықтарды дүр сілкіндірген салық реформасынан бастасақ. Қосымша құн салығы (ҚҚС) 2026 жылдан бастап 16 пайызға дейін өседі, бұл жаңашылдықтың орта және кіші бизнеске кесірі тимей ме? Жұрт жапатармағай салықтан жалтарудың тың, қитұрқы айла-тәсілдеріне жүгініп кетуі мүмкін бе?

- Қосылған құн салығы туралы айтар болсақ, әрине ҚҚС елдің тұрмыс-жағдайына әсер етеді. Әсер ету күші негізгі 2 жол арқылы жүзеге асады: біріншісі – импорт бағасы. Импортталатын көптеген тауарлар мен қызметтер шекарадан өткен кезде қосылған құн салығын төлейді, сәйкесінше ҚҚС мөлшері көтерілген кезде шамамен 4% өсетіні сөзсіз.

Екінші жол – өз елімізде ҚҚС шегінің төмендеуімен қатар жүретін кейбір кәсіп иелерінің төлейтін салығының өсуіне байланысты ел ішіндегі тауарлар мен қызметтер бағасына да әсер етеді. Бұдан бөлек, ҚҚС аванспен, яғни алдын-ала төлеу механизмінің енгізілуіне де байланысты. Шекарадан тауар өткізетін жеткізушілердің қаражаты болмаса, сырттан несие алуға мәжбүр. Ал несие бағасы бүгінгі күні тым қымбат. Бұл импорт арқылы келетін тауарлардың бағасын 4%-ке емес, одан да жоғары өсу ықтималдылығын көрсетеді.

Салықтың өсуі халықтың күнкөріс деңгейіне теріс әсер ететіні сөзсіз. Ал шағын және орта бизнеске келер болсақ, егер де 2,5 млрд теңгеге дейін шегі болатын арнайы салық режиміне өтсе, бизнеске бұл оң әсер етеді, салығы керісінше азаяды, пайдасы өседі. Бірақ мұнда екі мәселе бар: бұл режимге өтпейтін бизнес те бар ғой. Өткен күннің өзінде жалпы режиммен жұмыс істейтін кәсіп иелерімен әріптестік орната алмауы мүмкін. Мәселен, жалпыға ортақ режимде қызмет қылатын кәсіпорын өздерінің серіктестерін тұтастай жалпы режимге өткізуге ынталы, олар ары қарай өз серіктестерінен сол дүниені талап етеді. Домино эффектісі орын алып, арнайы режимге сай келетін кәсіп иелері жалпы режимге өтуі мүмкін. Ал ешкім салық төлеп, пайдасын төмендеткісі келмейді, салық жүктемесін бағаға қосады. Бұл жаңа бір толқын инфляция...

- Еліміздің макроэкономикалық көрсеткіштеріне қарап не ой түюге болады, қандай негізгі тезистерді бөле-жара айтуға болады? Жылды қандай экономикалық көрсеткішпен қорытындылап жатырмыз?

- Жылды ЖІӨ-мен қорытындыласақ, еліміздің жағдайы жақсарған сияқты. Бірақ тура сол макроэкономиканың басқа жақтарына келер болсақ, алаңдайтын сұрақтар көбейеді. Инфляция, әлеуметтік теңсіздік және тағы басқасы. Жоғары процент ставкасы қараша айында доллар бағасының төмендеуіне бір себеп болды, бұл инфляцияны тізгіндеу қажет. Бірақ бұл механизм орын алу үшін шамамен 1 жыл керек. 1 жыл ішінде доллар көтерілсе, бұрынғы эффектісі жоққа шығады. Себебі бізде тауар бағасы бір өссе, кері қайтару қиын. 300 млрд доллардан астам экономикамыз бар, бірақ әлеуметтік теңсіздік пен инфляцияны ауыздықтамай, экономика өсімінің жемісін халықтың басым бөлігі көрмеуі мүмкін. Реформалардың идеялары дұрыс, бірақ нақты нәтижені басты мақсат-міндет қылу керек.

Экономист, экономика ғылымдарының PhD маманы Қажыкелді Шамбыл. Фото: Ұлттық арнадан скрин.

- Биыл Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қарасты құбыр желісі арқылы әлемдік нарыққа шығатын қазақстандық мұнайды тасымалдауда көп іркіліс байқалды. Осы құбыр желісіне қатысты тәуекелдерді тарқатып айтып берсеңіз. Неге тәуелсіздік жылдары бір ғана құбырға тәуелді жол салынды, түрлі аймақ арқылы бірнеше құбыр жолын салуға кедергілер болды ма, әлде саяси ерік-жігер жетпеді ме?

- Егер картаны толық зерделейтін болсақ, Қазақстанның мұнай-газ бойынша ең негізгі серіктестері Еуропада (Түркияны қоса алғанда) орналасқан. Сәйкесінше, басқа жаққа құбыр салып, 1 км баратын жерді 2 км қылып өзгертсеңіз, ол да тиімсіз. Бұл ретте Кавказдағы ағайын арқылы мұнайды өткізу жоспарланып отыр, яғни Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы жол түспек. Бірақ құбыр ішінде Әзірбайжан ағайынымыздың да мұнайы бар, есесіне Каспий көлінің тартылып жатқаны баршаға мәлім. Үлкен танкерлердің портқа жете алмауы секілді сценарийлер барын экологтар айтып жатыр.

Каспий құбырына қатысты шешім, менің ойымша, 2 мәселеден тұрады: қысқамерзімде дипломатияны пайдаланып, әскери іс-қимылдардан нейтралді аймақ қылу. Ұзақмерзімде мұнай экспортынан бас тарту, мұнай-химия өнімдерін өндіру. Мұнайдан түрлі өнім жасалатын болса, Еуропаға түрлі жолдармен жеткізуге болады, Үндістан, Қытай, Корея, Жапонияға өткізуге болады. Құбырмен жүретін мұнайға қарағанда контейнермен тасымалданатын тауарды А пунктінен Б пунктіне жеткізу жеңілірек.

- Ғаламды шарпыған геосаяси ахуал Қазақстанға несімен қауіпті? Соңғы уақытта логистикалық бағыттарды әртараптандыруға ден қойылып жатыр, транзиттік әлеуетті арттыру да стратегиялық басым бағыт. Бұл жобалардың маңызы неде?

- Саяси шиеленіс ешбір халыққа пайдасын бермегеніне тарих куә. Қазақстан жағдайында көпвекторлы дипломатия оңтайлы шешім. Бұл ретте маңызды роль транзит жүйесінде болмақ. Транзит жүйеміз жан-жақты дамып, логистикалық орталыққа айналатын болсақ, геосаяси қауіп-қатерлер азаяды. Экономикамыз дамыған, әр тараптарға да, өзімізге де пайдалы болса, бұл да қауіп-қатерлерді төмендетеді. Швеция мен Швейцарияның тарихы аталған сауалға жауап.

- Үкіметтің бюджет дефицитін жабуда әлеуметтік жобаларды қысқарту жоспарына не дейсіз? Қаншалықты “жаңа Қазақстанды” әлеуметтік жауапкершілігі зор дей аламыз? Өзіңіз әлеуметтік төлемдерді қысқартуды қолдайсыз ба, әлде бұның басқа жолы бар дей аласыз ба?

- Әлеуметтік төлемдер көп болса барлығымызға жақсы, әрине. Бірақ әлеуметтік төлем деген ауадан келетін дүние емес. Мәселен, сізге берілген әлеуметтік төлем –  ол біреудің жалақысы немесе кәсіпкер болса, табысының бір бөлігі. Кім жалақыдан немесе табысынан айырылғысы келеді? Бұл ретте менің көзқарасым, әлеуметтік төлемдерді өсіре беріп және сол арқылы әлеуметтік мемлекет деп өзін атау дұрыс емес. Әлеуметтік мемлекеттің болғаны дұрыс, бірақ оны жәрдемақысы көп мемлекет деген құбылыспен шатастырмау қажет. 

Мемлекеттің түпкілікті әлеуметтік саясатының мақсаты біреу ғана – халқының жалақысы мен табысы, білім беру деңгейі мен медицина сапасының жоғары болуында. Егер әрқайсымыздың табысымыз жоғары болса, ешкім де әлеуметтік төлемдерге мұқтаж болмас еді. Бұл мәселеде экономиканы дамыту, қаржылық сауаттылықты арттыру, халықтың табысын өсіруге мүмкіндік беретін барлық платформаларды жүзеге асыру секілді сауалдар бірінші орынға шығады. Бюджет дефицитіне келер болсақ, бюджет тиімділігіне қатысты күрделі және жан жақты зерттеу жүргізілуі қажет.

- Қазақстанда 20 мыңнан астам ресейлік компания жұмыс істейді екен. Жалпы, энергетикалық қауіпсіздік десек, АЭС пен ЖЭС-терді де ресейлік компаниялар салмақ. Ақпараттық-идеологиялық экспансия да бөлек әңгіме. Жалпы, ресейлік компаниялардың көптігі 2022 жылдан кейін көбейе түскен жоқ па, әлде керісінше үрдіс те бар ма? Олар Қазақстанды санкциядан құтылу аймағы, жолы ретінде пайдаланбай ма? Бұлардың елімізде тіркеліп жұмыс істеуі қауіп пе, әлде пайда ма?

- Заңды негізде, ешкімге зиянын тигізбей жұмыс істесе рұқсат беру мүмкіндігін қарастыру қажет. АЭС-ке келер болсақ, атом станциясы ұзақмерзімде салынады, оның тиімділігін 8-10 жылдан кейін көре аламыз. Ал оған дейін қандай энергия көзі арқылы өндірісімізді, үйлерімізді қамтамасыз етеміз? Электр энергиясына қатысты мәселеде біздің уақытымыз тым аз. 4-5 жыл ішінде энергетика жүйесін толығымен модернизация мен реформадан өткізу қажет.

- ⁠Қазақстан қаншалықты азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға қауқарлы? Қазір кез келген супермаркетке барсаңыз, ресейлік, қытай өнімдері қаптап кеткен және үлкен жеңілдікпен сатылады. Ал отандық өнімдердің аздығын немен түсіндіруге болады? Шикізат елінен барлық салада өндіруші елге қашан айналамыз?

 - Бір зауыт салуға бірнеше жыл уақыт кетеді. Дәл бүгін, міне, зауыт саламын деген күннің өзінде 4-5 жылдай уақыт қажет. Менің ойымша, 2030 жылға дейін импорт алмастырудың жоғары деңгейін көру ықтималдылығы төмен. Алдағы жылдары енгізілетін жаңа кәсіпорындар көп болса, 2020-2025 жылдардың инвестицияларының инерциясы болмақ.

- Жасанды интеллект экономиканы өрге сүйреуде септесе алатын жаңа тәсіл деп айтуға бола ма? Бизнес модельді оңтайландырудан басқа ЖИ-дің тағы қандай маңызды тұстарын қарастыруға болады? Тағы бір мәселе, қазір ХҚКО-дан бастап банктерге дейін боттарды енгізген, көбіне аға буын хабарласса, боттардың қазақша қызмет көрсете алмайтынын, мәселені түсінбейтінін де сынап айтып жатыр ғой. Бұл боттардың орыс тіліне көбірек икемделгенін, қазақшасы дұрыс жолға қойылмағанын көрсете ме?

- Жасанды интеллект пайдалы дүние. Заман ағымына сай дүние. Біреуіне пайдалы, екіншісінің экономикалық жағдайына кері әсер етеді. Бұл мәселеде тек бір жауап бар, жасанды интеллектіні қолдану қажет, үйрену қажет, зерттеп дамыту қажет. Бірақ жасанды интеллектіні "бар сырқатты емдейтін панацея" санаудың қажеті жоқ. Басқа да ғылыми жаңалықтар баршылық. Барлығын да меңгеру қажет. Енді, әрине, үлкен аға буын үшін қолайсыздық туғызуы мүмкін. Бірақ ашығын айтып, мойындау қажет, әр заман ағымына сай адамзат та жаңашылдыққа икемделеді.

Менің ойымша, ата-әжелеріміз үшін технологиялардың дамуы қолайсыздық емес, бірінші кезекте келер ұрпақ үшін қуаныш болды. Біз қазір өзімізді жас санап, интеллект туралы айтып жүрміз. Құдай қалауымен қартаямыз, сол кезде жаңа бір ғылыми жетістік болса, біз «қолайсыздық туғызды» деп қарсы шығамыз ба? Бұл мәселеде жауапкершілік жаңа техникада емес, жастарымызда. Жаңа техника бойынша айтсам, егер боттар арқылы қариялар өтініш бере алмай жатса, жақындары, туған-туыстары, жастар болып біз көмектеспесек, не болмақ? Сондықтан түрлі салаларда ғылыми жаңалық енгізуіміз қажет. Аға буынға қамқорлық жасау – жастарға міндет. Мәселенің шешімі осы.

Сұхбатыңызға рахмет.

Әңгімелескен Кәмшат ТАСБОЛАТ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Желтоқсан 2025 20:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

06 Тамыз 2026 16:56see157

Үйшік: Атыраудың терең тарихындағы көне қала аты

05 Тамыз 2026 23:24see126

ҰлтССО АҚ ға монополияға қарсы заң бұзушылық үшін ескерту жасалды

05 Тамыз 2026 23:23see119

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

06 Тамыз 2026 18:47see119

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

06 Тамыз 2026 08:29see117

Түркістандағы Respublica форумы: нақты нәтиже, нақты жауапкершілік

05 Тамыз 2026 22:45see117

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

06 Тамыз 2026 15:01see117

ШҚО да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды

05 Тамыз 2026 23:05see116

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

06 Тамыз 2026 19:10see115

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

06 Тамыз 2026 11:01see113

Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

05 Тамыз 2026 18:55see112

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

06 Тамыз 2026 11:01see111

Бокс кеші өтеді

06 Тамыз 2026 03:21see110

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

06 Тамыз 2026 20:22see110

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

06 Тамыз 2026 23:47see109

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

06 Тамыз 2026 21:05see109

Заманауи технологиялар шаруашылықтың шырайын келтіреді

06 Тамыз 2026 03:44see108

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

06 Тамыз 2026 11:40see108

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

06 Тамыз 2026 16:39see107

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

06 Тамыз 2026 15:25see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары