Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Парламент маңызды заң жобаларын мақұлдады

Парламент маңызды заң жобаларын мақұлдады

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Парламент «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті ту­ралы» Конституциялық заң жо­басын бірінші оқылымда ма­­құл­дады. Құжатты Әділет ми­нистрі Ерлан Сәрсембаев та­ныс­тырды.

Заң жобасы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясына сәйкес әзірленді. Құжат Президент пен Вице-президенттің құқықтық мәртебесін және Мемлекет бас­шы­сының өкілеттіктерін айқын­дайды.

– Конституцияда Прези­денттің мемлекеттік биліктің бар­лық тармағының үйлесімді әрі кедергісіз жұмыс істеуін қам­тамасыз ететін жоғары лауазымды тұлға ретіндегі рөлі, сондай-ақ билік органдарының Қазақстан­ның біртұтас халқы алдындағы жауапкершілігі айқындалған. Осылайша, «Қазақстан Респуб­ликасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы мемлекеттік биліктің жаңа кон­сти­­туциялық архитектурасын дәйекті түрде іске асырады», – деді Әділет министрі.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов қосымша баяндама­сында Президент халық пен мем­лекеттік билік бірлігінің, Консти­туция мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының символы әрі кепілі болып қала беретінін атап өтті.

Өз кезегінде, Вице-президентті Құрылтайдың келісімімен Пре­зидент қызметке тағайын­дайды. Ол Мемлекет басшысының тап­сыр­масы бойынша Құрылтай­мен, Үкіметпен және өзге де мемле­кеттік органдармен өзара іс-әрекет жасау кезінде оның аты­нан өкілдік етеді.

Заң жобасына сәйкес Прези­дент Бас Прокурорды, Консти­туциялық Соттың, Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің, Жоғары ау­ди­­торлық палатаның, Орталық сайлау комиссиясының, Ұлттық Банктің төрағаларын, Адам құ­қық­тары жөніндегі уәкілді және Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын жеке өзі тағайындайды. Президент Құрылтаймен келісу бойынша Вице-президентті, Премьер-министрді, Консти­туциялық соттың 10 судьясын, Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін, Орталық сайлау комис­сиясының 6 мүшесін, сон­дай-ақ Жоғарғы Соттың судья­ларын тағайындайды және сай­лайды. 

Жанарбек Әшімжановтың айтуынша, Конституциялық заң­мен бекітілген барлық мемлекеттік билік субъектілері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және тежеулер мен тепе-теңдіктер жүйесін бір мезгілде нығайту функциялардың қайталануын болғызбауға және мемлекеттік басқарудың жеделдігін қам­тамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сенатор Андрей Лукин өз баяндамасында бұл құжат тікелей басқару моделінен стратегиялық үйлестіру жүйесіне көшуді бекі­тетінін атап өтті. Оның айтуынша, заң билік тармақтарының тең­герімін және олардың халық алдын­дағы есептілігін қамтамасыз етеді. Құжат мемлекеттік аппа­раттың тұрақтылығын күшейтетін әрі елді жан-жақты жаңғыртуға арналған сенімді құқықтық негіз қалыптастыратын саяси тежемелік және тепе-теңдік жүйесін енгізеді. Бұл қадам Мемлекет басшысының азаматтар мүддесі жолында мем­лекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін кепіл ретіндегі рөлін заң жүзінде бекітеді.

Заң жобасы бойынша Пар­ламент палаталарының бірлескен комиссиясы құрамына Мәжілістен депутаттар Жанарбек Әшімжанов, Серік Ерубаев, Павел Казанцев және Үнзила Шапақ, Сенаттан Бибігүл Жексенбай, Сергей Карплюк, Марат Қожаев және Андрей Лукин енді. Комиссия тө­рағасы болып Үнзила Шапақ сай­ланды.

Сонымен қатар Конституция нормаларын іске асыру аясында депутаттар бастамашы болған «Қазақ­стан Республикасының Құрылтайы және оның депутат­тарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжаттың негізгі ережелерін әріптестеріне Мәжілістегі Халық­аралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Айдос Сарым таныстырды.

– Заң жобасының басты мақсаты – бір палаталы Құрылтай­дың конституциялық-құқықтық негіздерін бекіту. Тарих қойнауына үңілетін болсақ, бағзы заман­дардан бері Құрылтай халық билі­гінің бастауы және бұқара елдің, қарапайым адамдардың мемлекет­тік шешімдер қабылдауға тікелей қатысуына мүмкіндік беретін ке­лелі де киелі жиын болды. Қазіргі Құрылтай заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде жаңа мән-мағынаға ие болып, қоғамдық биліктің конституциялық жүйесіне кіретін қазіргі заманғы өкілді институтқа айналып отыр, – деді депутат.

Конституциялық заң жо­басында Құрылтайдың мемлекет­тік билік жүйесіндегі орны, қызмет қағидаттары, құрылымы, құрылу тәртібі және өкілеттіктерін жүзеге асыру нысандары айқындалды. Сонымен қатар заң шығару бас­тамасы құқығына ие субъектілер қатары кеңейтіліп, оған Қазақстан Халық Кеңесі енгізілді, бұл құқық Құрылтайға тиісті шешім енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Құжатта Құрылтайдың Үкімет­пен өзара іс-әрекет тәртібі, депу­таттардың мәртебесі, құқықтары мен міндеттері, оның ішінде депу­таттық бірлестіктерді, парламент­тік көпшілік пен оппозицияны құру қызметі, сондай-ақ депу­таттық әдеп қағидалары бекітілді. Заң жобасына сәйкес, Құрыл­тайдың құрамы 145 депутаттан тұрады, пропорционалдық жүйе бойынша сайланады және олар­дың өкілдік мерзімі – 5 жыл бо­лады.

Заң жобасы бойынша Пар­ламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мә­жіліс­тен депутаттар Қайрат Бала­биев, Ермұрат Бапи, Марат Башимов және Сергей Пономарев, Сенаттан Айнұр Арғынбекова, Нұрлан Бекназаров, Серік Өтешов және Ғалиасқар Сарыбаев кірді. Комиссия төрағасы болып Марат Башимов сайланды. 

Заң жобасы депутаттардың мәртебесіне, өкілеттіктеріне, кепіл­діктері мен қоғам алдындағы жауапкершілігіне қатысты мәсе­лелерді жүйелі түрде реттейді.

«Жобада Құрылтайдың құзы­реті нақты белгіленген. Атап айтқанда, заң шығару қызметін жүзеге асыру, республикалық бюд­жеттің атқарылуы туралы есепті бекіту, сондай-ақ атқарушы билік­ке бақылау жүргізудің өзге де те­тік­тері қарастырылған. Заң жо­басы бірнеше аспектіні қамтиды. Олар жаңа бір палаталы заң шығарушы органның толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;  заң шығару процесінің жеделдігі мен тиімділігін арттыруға; мем­лекеттік институттарға деген аза­маттардың сенімін нығайтуға құқықтық негізді қалыптас­тыра­ды», – деді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сайлау тура­лы» Конституциялық заңға өз­геріс­тер мен толықтырулар енгі­зу туралы» Конституциялық заң жо­басы бірінші оқылымнан өтті. Құ­жатты депутаттарға Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлт­тық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды. Оның айтуынша, заң жобасы өткен сайлау науқандары барысында анықталған мәселелерді шешу, сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру үшін әзірленген.

– Құжатта әкім лауазымына кандидаттардың жинаған дауыс­тары тең болған жағдайда аумақ­тық сайлау комиссиясы бір айдың ішінде қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды. Со­ны­мен қатар кандидаттарды ұсыну процесі ретке келтірілді. Мәселен, бір тұлға бір мезгілде мәслихат депутаттығына және әкімдікке кандидат бола алмайды, сондай-ақ бірнеше сайлау округі бойынша да әкімдікке кандидат болуға ты­йым салынады, – деді Серік Жұ­ман­ғарин.

Ақпараттық алаңдардағы сай­лауалды үгіт мәселелеріне де ерек­ше назар аударылды. «Онлайн-платформаларды» пайдалану кезінде кандидаттарға үгіт мате­риал­дарын орналастыру үшін тең жағдайлар қамтамасыз етіледі. Егер үміткер белгілі бір саяси пар­тиядан ұсынылса, ол сол пар­тия­ның ресми интернет-ресурстарын және әлеуметтік желідегі аккаунт­тарын қосымша келісімшартсыз пайдалана алады. Яғни, кандидат партиялық платформаларда үгіт-насихат материалдарын жариялай алады.

Сонымен қатар заң жобасында кандидаттар мен саяси партия­ларға сайлау қорларынан тыс қаражат тартуға тыйым салынып, сенім білдірілген тұлғалар инсти­тутына қатысты мәселелер рет­телді, кандидаттарды қолдау үшін қол жинау тәртібі нақтыланды. Бұдан бөлек, сайлау комиссиялары мүшелеріне қойылатын талаптар күшейтіліп, олардың өкілеттік­терін уақытша тоқтата тұру тәртібі, жаңадан құрылған немесе қайта ұйымдастырылған әкімшілік-аумақтық бірліктердегі өкілеттік мерзімі айқындалды.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева қосымша баяндама барысында жұмыс тобына депутаттардан сай­лау өткізу кезіндегі рәсімдік мәсе­лелерді нақтылауға және сайлау жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар түзету келіп түскенін айтты. Олар сайлау комиссия­лары­ның жұмысына, заң талап­тары­ның бұзылуына жол бермеуге, сайлауалды үгіт жүргізу тәртібі мен орындарын нақтылауға, сондай-ақ сайлау кезінде азаматтардың жеке деректерін қорғауға және сайлау­шылардың өздері туралы мәлімет­термен танысу тәртібіне қатысты болды.

Түзетулердің тағы бір блогы конституциялық нормаларды іске асыруды көздейді. Олардың қата­рында бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуы, про­пор­цио­налды жүйеге көшуге бай­­­­ла­­нысты сайлау заңнамасын же­­тілдіру, жекелеген лауазымды тұлғаларды тағайындау және қыз­метінен босату мәселелері бойын­ша Президент пен Құрылтай ара­сын­дағы өкілеттіктерді қайта бөлу, сондай-ақ жалпыхалықтық рефе­рендум өткізуге және басқа да жайт­тарға қатысты мәселелер бар.

Заң жобасы бойынша Пар­ламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжі­ліс депутаттары Марат Башимов, Снежанна Имашева және Үнзила Шапақ, Сенаттан Сүйіндік Ал­дашев, Нұрлан Бекназаров, Мұрат Қадырбек және Советбек Меде­баев кірді. Комиссия төрағасы болып Нұрлан Бек­назаров сай­ланды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Мамыр 2026 05:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see166

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see149

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see149

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see147

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see147

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see146

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see145

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see144

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see144

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see143

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see143

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see143

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see143

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see141

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see140

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see140

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see140

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see139

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see139
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары