Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Сенат екі маңызды заңды мақұлдады

Сенат екі маңызды заңды мақұлдады

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның кезекті отырысы өтіп, онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін депутаттар бастамашы болған бірқатар заң қаралды.

Геологиялық барлау ісін дамытады

Отырыста сенаторлар «Жер қой­науы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, ма­құл­дады. Заңда аз зерттелген аумақ­тарда геологиялық зерттеу жүргізу ерекшеліктері және басқа да маңызды рәсімдер белгіленген.

«Қаралған заң жобасына Мемле­кет басшы­сы­­ның жер қойнауын пайдалануды жетіл­діру жөнінде берген тапсырмаларын орын­дау үшін Парламенттің бір топ депу­таты бас­тамашы болды. Жаңа норма­лар еліміздегі көмірсутектерді геоло­гия­лық барлау ісін одан әрі дамытуды көз­­дейді. Осы мақсатпен мұндай аумақ­тар­да зерттеулер жүр­гізу үшін инвес­тор­ларды ынталан­­дыру шаралары қа­рас­тырылды. Соны­мен қатар уран өндіру саласында ұлт­тық мүдде­лер­­дің ескерілуін қамтама­сыз ететін нор­­малар бар. Жалпы, заң көмірсутек­тер мен уран өндірісі сияқты жетекші сала­­лар­дың тұрақты дамуына оң септі­гін тигізеді деп сенеміз», деді М.Әшімбаев.

Заңда жер қойнауын пайдаланушыларды мұнай өндіруді ұлғайтудың арнайы әдістерін қолдануға ынталандыру шаралары да қарастырылған. Алыпсатарлық мәмілелерді барынша азайту үшін келісімшарт қолданы­сының алғашқы үш жылы ішінде көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге тыйым салынады. Сондай-ақ заңда уран саласын дамыту бо­йынша бірқатар түзету бар. Мәсе­лен, уранды барлау жөніндегі опера­ция­ларды жүргізу мақсатымен мемлекет­тік жер қойнауы қорын басқару бағдарла­масында айқындалған уран кенденуі немесе уран кен орындары бар аумақтарда өтініш беруші ретінде уран саласындағы ұлттық компания ғана әрекет ете алады.

Қоғам сенімін арттырады

Сонымен қатар Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйым­дас­тыру мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.

«Заң әкімшілік әділет, заң шығару және заң көмегін ұйымдастыру сала­ларын­­дағы заңнаманы одан әрі жетіл­діруге арналған. Осыған байла­нысты жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Азаматтық процестік кодекс­тен және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске көшіру көзделіп отыр. Сондай-ақ әкімшілік рәсімдерді жүргізу тәртібі қайта қаралды. Норма шығару қызме­тін ғылыми сүйемелдеуге және азамат­тарға құқықтық көмек көрсетуге арнал­ған түзетулер де қарастырылған. Заң әкім­шілік әділет саласын кеңейтуге және қоғам­ның әкімшілік рәсімдерге деген сені­мін арттыруға оң ықпалын тигізеріне сенеміз», деді Сенат төрағасы.

Осы заң арқылы Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодексті, Азамат­тық процестік, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстерді, сондай-ақ басқа да заңдарды қоса алғанда, еліміздің бірқатар заңнамалық актісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Кәсіби стандарт­тарды және адвокаттар тәуелсіз­ді­гінің кепілдігін арттыру, құқық үстемдігі қағи­даттарына сәйкес олардың процестік құқықтарын қамтамасыз ету мақсатымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңға бірқатар түзету енгізу ұсынылды. Заңда адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиядан айыру тетігі нақтыланады. Артық рәсімдер және әділет органдары мен адвокаттар алқасының өкілеттіліктерінің қайталануы алынып тасталады. Бұл түзетулер мемлекеттік бақылау және адвока­тураның кәсіптік автономия­сы ара­сындағы теңгерімді сақтау, адвокат­тар­дың өзге де сот төрелігіне қатысушы­лармен бірге мемлекеттік құпияға қолжетімділігі тәртібін бір ретке келтіру, сондай-ақ әділет органдарына әкімшілік жүкте­мені азайту үшін ұсынылып отыр.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына өзгеріс керек

Заңдарды талқылау аяқталғаннан кейін сенаторлар өзекті мәселелерді көтеріп, депутаттық сауалдарын жолдады. Мәселен, Нұртөре Жүсіп Үкімет­ті «Дипломмен – ауылға!» бағдар­ла­масының кейбір ережелерін қайта қарауға шақырды. Сенатор бағдар­ла­ма­ға қатысушылардың міндет­темелерді орындамауы көзделген мақсатқа жеткізбейтінін, бюджет қаражатына айтарлықтай шығын әкелетінін атап өтті.

Сенатор атап өткендей, жастарды ауылдағы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнер­кәсіп салаларына тарту үшін құрылған бағдарлама жылдар бойы түлектерге көтерме жәрдемақы мен тұрғын үйге арналған жеңілдетілген несиелер ұсынып келеді. Бағдарлама іске асырылған кезеңде 114 мыңнан аса маман қолдау алған, ал 52 мыңға жуық адам тұрғын үй мәселесін шешкен. Алайда бағдарлама ауқымды болғанымен, маңызды проблема сақталып отыр: қатысушылардың бір бөлігі ауылдық жерде үш жыл жұмыс істеу жөніндегі міндеттемелерін орын­дамайды. Кейінгі үш жылдың өзінде 166 адам келісімшарт талаптарын бұз­ған, ал бюджет несиелерінің қайтарыл­мауы 784 млн теңгеден асып түскен.

«Мемлекет қаражат бөліп келеді, бірақ ауылдық жердегі кадр тапшы­лығын шешуде бағдарлама тиімді болды ма деген сұрақ бар. Бүгінде халықтың 37%-ы ауылда тұрады. Тек Солтүстік Қазақстан облысының өзінде 2025–2027 жылдар аралығында кадр қажеттілігі 3 043 адамды құрайды. 114 мың маман көтермеақы алғанымен, 52 мыңы ғана тұрғын үймен қам­тамасыз етілген. Ауылда мамандардың қан­шасы сонда тұрақтап қалды, нақты көрсеткіштер ашық емес. Ақшаны алады, қалтаға салады. Уақыт өтеді, ауылдан кетеді. Жәрдемақылар маманды тарту­ға көмектеседі, бірақ тұрақты қалуға жеткі­лікті мотивация бермейді», деді Н.Жүсіп.

Микроқаржы елді қарызға батырды

Геннадий Шиповских жастар арасында қарызға тәуелділіктің күрт көбеюіне алаңдаушылық білдірді. Сенатор мәселені шешу үшін жастарға микрокредит беру тәрті­бін қатаңдату және мектептерде қаржы­лық сауаттылық пәнін енгізу қажет деп есептейді.

Депутаттың айтуынша, көптеген жастың жеткілікті тәжірибесі жоқ, микроқаржы ұйымдарының агрессив­ті жарнамаларына оңай алданып қала­ды, қарыз алады. Содан кейін жоғары пайыз бен айыппұлға байланысты қарызға батады. Бұл енді жеке отбасылар тап болған жеке қаржы қиындық­тары емес, әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіретін үрдіске айналды. Сенатор салалық агенттік мұндай қарыз алушылар бойынша статистика жүргізбейтінін, бұл мәселенің ауқымын шынайы бағалауға кедергі келтіретінін атап көрсетті. Дегенмен азаматтардың өтініштері мен әлеуметтік желілерден алынған деректер жастар арасында борыштық жүктеменің өскенін аңғартады.

«Мұндай жағдайдың орын алуы­на несиенің тым жеңіл әрі жедел рәсімделуі, микроқаржылық ұйым­дардың жастарды нысанаға алған агрессивті жарнамасы және қаржылық сауаттың төмендігі – себеп. Сонымен қатар микрокредиттік ұйымдарды реттеудегі кемшіліктер де жағдайды ушықтырып тұр: жеке деректерді енгізу арқылы бірнеше минут ішінде несие рәсімдеу мүмкіндігі жастарды ойланып-толғанбастан қаржылық міндеттеме қабылдауға итермелейді», деп атап өтті Г.Шиповских.

Сенатор жастарға микронесие беру тәртібін қатаңдатуды, оларды 18 жастан бастап тексерусіз ресімдеу тәжірибесін тоқтатуды ұсынады. Ол жас шегін 21 жасқа дейін көтеріп, жас қарыз алушылардың қаржылық жағдайына міндетті баға енгізуді қажет деп санайды.

Күмәнді «крандар» күрт көбейді

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев бала­лар­ға арналған ойын автомат­тары­­­ның қызметін заңмен реттеу қажет еке­нін айтты. Ол кейінгі уақытта «кран» түріндегі ойын автоматтарының күрт көбейіп, мектептердің, үйірмелердің, спорт секцияларының маңында және балалар өздері кіретін дүкендердің ішінде жаппай орнатылып жат­қа­нын атап өтті. Бұл балаларды негі­з­гі аудиторияға айналдырып, оларды ойын механикасына ерте араластыру қаупін тудырады.

Депутаттың айтуынша, балалар бұл аппараттарға мектептегі түскі асқа немесе күнделікті қажеттіліктерге берілген ақшаларын жұмсайды. Қауіп­­тің айқын болуына қарамастан, атал­ған автоматтар «Ойын бизнесі туралы» заңның реттеу аясына кірмей­ді, техникалық стандарттармен белгі­ленбеген және жас шектеулері жоқ.

«Кейінгі жылдары «Кран» немесе «Ұстап ал» – «Хватай-ка» деп аталатын автоматтардың кеңеюі алаңдаушылық тудырып отыр. Мұндай аппараттар ақшалай ұтыс қарастырылмағандықтан, құмар ойындары санатына жатпайды. Заң оның жұмыс механикасы, ұтыс алгоритмі, жас шектеулері немесе орналастыру талаптарына қатысты нормаларды қамтымайды. Санитарлық нормалар, сауда ережелері, техникалық регламенттері мен басқа да талаптар белгіленбеген», деді Ғ.Сарыбаев.

Ғалиасқар Сарыбаев бұл автомат­тарға жеке құқықтық мәртебе беруді, міндетті сертификаттау мен меха­ни­калық тексеруді енгізуді, жас шектеу­лерін белгілеуді, оларды балалар меке­мелері маңында орналастыруға тыйым салуды, сондай-ақ реттеу, салық салу мен сый­лықтардың сапасын бақылау бойынша мемлекеттік органдардың құзыреттерін бекітуді ұсынды.

Сондай-ақ отырыста депутат Ольга Булавкина «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қаражаттың пайдаланылуын тиімді бақылау мәселесін көтерсе, Жанна Асанова отандық фармацевтика саласын дамыту ісіндегі жүйелі түйткілдерге тоқталып, оларды ең­серу жолдарын ұсынды. Ал депутат Бибігүл Жексенбай ауыл шаруашы­лығы өнімдерінің халықаралық сапа стандарттарын енгізуді, жемшөпке арналған нормативтерді бекітуді, мемлекеттік стандарттарда заттардың рұқсат етілген ең жоғары деңгейін нақтылауды ұсынды. Бұл сауалға жануарлардан алынатын отандық өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе себеп болған. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 03:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see163

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see151

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see151

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see149

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see147

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see143

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see137

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see133

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see128

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see124

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see123

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see122

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары