Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 81 жыл толды

Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 81 жыл толды

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Осыдан тура 81 жыл бұрын төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы аяқталып, Германияның капитуляциясы туралы акт рәсімделді.

Қазақстандықтардың ерлігі ұмытылмайды

Ұлы Отан соғысы кезінде қан майданға қазақ жерінен 1,5 миллионға тарта адам аттанған. Қолына қару алған әрбір екінші отандасымыз Жеңіс үшін жанын пида етті. 600 мыңнан астамы отанына оралған жоқ.

Қазақстанда барлығы 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және қарулы күштер мен әскер түрлерінің әр саладағы жеке полктері мен батальондары жасақталды. Олар Мәскеу мен Ленинградты қорғап, Украина мен Беларусь, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.

Соғыста көрсеткен ерлігі үшін мыңдаған қазақстандық медаль және орденмен марапатталды. 500-ге жуығы Кеңес одағының батыры атағына ие болса, төртеуі екі рет батыр атанды. 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Ардагерлер бір жылда екі есеге азайды

2026 жылдың мамырдағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 57 ардагер қалды. Олардың орташа жасы – 101, ал ең үлкені 105 жасқа келген.

Өкінішке қарай, жыл сайын соғыс ардагерлерінің қатары сиреп келеді. Былтыр 8 мамырдағы жағдай бойынша ҰОС ардагерлерінің саны 105 адам болған.

Халық Қаһарманы атағы берілді

Биыл Ұлы Отан соғысының тағы бір ардагері - Кенжебай Мәденовке "Халық қаһарманы" атағы берілді. Ардагердің өзі 1974 жылы дүниеден өткен. Ал атақ оның туыстарына Ақордада салтанатты түрде табысталды.

Бұған дейін осы марапат Бауыржан Момышұлының туыстарына тапсырылған болатын.

"Халық қаһарманы" атағын Орал қаласында тұратын Иван Гапич те алған. Биыл ол 103 жасқа келді. Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында Иван Степанович ұзақ өмір сүру құпиясын айтып берген.

Жеңіс күніне арналған төлемдер: Қазақстан көш бастап тұр

Қазақстанда Жеңіс күніне орай 32,9 мың адамға біржолғы төлем берілді. Олардың ішінде ардагерлер, тыл еңбеккерлері, қаза болған және жарақат алғандардың жесірлері бар. Барлығына 3,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Мәселен, ҰОС ардагерінің әрбіреуіне 5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем аударылды. Ал оның сомасы Өзбекстан, Беларусь пен Ресеймен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болып тұр.

Өзбекстанда 30 млн сом (шамамен 1,1 млн теңге);

Беларусьта 5 мың беларусь рублі (орташа есеппен 715-825 мың теңге);

Ресейде 10 мың рубльден (шамамен 61 мың тенгеден) бөлек аймақтық төлемдер қарастырылған. Мәселен, Мәскеу мен Мәскеу облысында 70 мың рубльге (орташа есеппен 430 мың тенгеге) дейін беріледі.

Батырларға тағзым

Биыл дәстүр бойынша Алматыда "Мәңгілік даңқ" шеруі өтеді. Іс-шара өтетін жер – Гоголь көшесіндегі орталық мәдениет және демалыс саябағы. Сол жерде "Жеңіс лентасы" және Қазақстанның мемлекеттік тулары таратылады.

Қатысам деушілер сағат 8.30-дан бастап жинала берсе болады. Ал сағат 10.00-де шеру 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағынан басталады.

"Мәңгілік алау жанында бүкіл адамзатты ХХ ғасырда фашизмнен құтқарған әкелеріміздің, аталарымыздың, аналарымыздың, әжелеріміздің ерлігіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қоямыз", - дейді Ауғанстан соғыс ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктері үйлестіру кеңесінің басшысы Мұрат Әбдішкүров.

Шерудің мақсаты – балалар мен болашақ ұрпақ үшін халықтың тарихи-батырлық мұрасын сақтау.

Мамырда неше күн демаламыз

Осы айда бірнеше маңызды мейрам бар. Олар:

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

9 мамыр – Жеңіс күні;

27 мамыр – Құрбан айт.

Биыл Жеңіс күні сенбіге түсіп тұр. Сондықтан дүйсенбі, 11 мамырда қосымша демалыс беріледі.

Жалпы, мамыр айында бес күндік жұмыс аптасымен істейтін қазақстандықтар сенбі-жексенбі мен мереке күндерін қоса алғанда 14 күн демалады. Ал алты күн жұмыс аптасында барлығы 9 күн демалыс болады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:236
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Мамыр 2026 09:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see134

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see131

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see128

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see128

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see128

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see127

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see126

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see125

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see124

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see124

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see124

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see124

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see124

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see123

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see122

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see122

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see122

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see121

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see121

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары