Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазында кемелер үшін балама бағыттар енгізді

Иран Ормуз бұғазында кемелер үшін балама бағыттар енгізді

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Kpler, Lloyd’s List Intelligence және Signal Ocean кеме қатынасы қызметтерінің мәліметінше, соңғы тәулік ішінде Ормуз бұғазы арқылы тек бір мұнай танкері мен бес жүк тасымалдайтын кеме өткен, деп хабарлады бейсенбіде Reuters.

Бұл ретте 28 ақпанда қақтығыс басталғанға дейін бұғаз арқылы күніне орта есеппен 140-қа жуық кеме өтетін. Осылайша, АҚШ пен Иран арасында атысты тоқтату туралы келісімнен кейін де трафик минималды болып қалып отыр.

БАӘ-нің ADNOC мемлекеттік мұнай компаниясының басшысы Сұлтан әл-Джабер бейсенбі күні бұғаз жабық күйінде қалып отырғанын және оған кіру Иран бақылайтын шарттарға бағынатынын мәлімдеді.

— Бұл кеме қатынасы еркіндігі емес, қысым жасау құралы, — деп атап өтті ол.

Осы арада ТАСС агенттігінің жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасап хабарлағанындай, Тегеран кеме өткізуді күніне 15 кемеден аспайтындай шектеуді, сол арқылы кеме қатынасын бақылауды тиімді түрде сақтап қалуды көздеп отыр.

НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте бейсенбі күні одақтастарына АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы күндері бұғаздағы кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу үшін нақты міндеттемелер күтетінін хабарлады, деп жазады Reuters.

Ені шамамен 34 шақырымды құрайтын Ормуз бұғазы Парсы шығанағын Үнді мұхитымен байланыстырып, мұнайдың әлемдік жеткізілімінің шамамен бестен бір бөлігін қамтамасыз етіп отыр. Ақпан айының соңынан бері оның іс жүзінде жабылуы әлемдік энергетикалық бағалардың өсуінің негізгі факторы болды.

Осы арада Иранның ISNA агенттігінің хабарлауынша, Иранның Ислам революция сақшылары корпусы транзиттік кемелерге теңіз миналарынан аулақ болуға көмектесуге арналған Ормуз бұғазындағы балама кеме қатынасы жолдарының картасын жариялады.

ИРСК Әскери-теңіз күштері картада «қауіпті аймақ» ретінде белгіленген әскери-теңіз миналарынан аулақ болу үшін кемелер өз жолдарын Иран жағымен үйлестіруі керек деп мәлімдеді. Бұрын танкерлер бұғаздың оңтүстік бөлігіндегі Оман жағалауына жақын жерде транзитпен жүретін, бірақ қазір оларға солтүстік бағытта — Иран жағалауына жақын жерде жүруге кеңес берілді.

Енді Ормуз бұғазынан өтуді жоспарлап отырған барлық кеме миналарға тап болмау үшін Тегеран ұсынған екі балама бағытты ұстануы керек.

Осыған дейін Иран Израильдің Ливанға жасаған соққыларынан соң Ормуз бұғазын қайта жапқанын хабарлаған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 20:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see146

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see140

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see139

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see138

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see136

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see133

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see132

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see129

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see128

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see125

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see125

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see123

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see123

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see120

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see119

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see119

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see117

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see116

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see116

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары