Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Ислам елдері Газадағы бейбітшілік үшін бірікті

Ислам елдері Газадағы бейбітшілік үшін бірікті

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ыстамбұлда Ислам елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті.

Басқосуда Газа секторындағы гуманитарлық ахуал мен аймақта бейбітшілік орнату мәселелері талқыланды. 6 сағатқа созылған басқосуда дипломаттар қандай ортақ шешімге келді? 

Кездесуге Түркия, Сауд Арабиясы, Иордания, Пәкістан мен Индонезияның сыртқы істер министрлері және Қатар, БАӘ-нің ресми өкілдері қатысты. Жиын алдында дипломаттар қол алысып, бірге суретке түсті. Іле-шала кездесу басталды. Бірақ бұл жолы басқосу жабық форматта өтті.

6-7 сағатқа созылған кездесуден кейін күн тәртібінде қаралған мәселелерді Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан БАҚ өкілдері алдында ресми мәлімдеді. Сонымен министрлер Ақ үй басшысы Дональд Трамптың ұсынысы бойынша Газаға мониторингтік және тұрақтандыру миссиясын енгізу туралы пікір алмасты. Жедел түрде көмек жеткізіп, Түркия көшбасшылығымен гуманитарлық дәліз және көмек транзиті мүмкіндігін кеңейту мәселесін көтерді. Хакан Фиданның айтуынша, Түркия гуманитарлық дәліздің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге дайын. Ол үшін халықаралық ұйымдар және аймақ елдерімен бірлесе жұмыс істейді.

Хакан Фидан, Түркияның Сыртқы істер министрі:

- Түркия бейбітшілік орнату жолында өз үлесін қосуға дайын. Біз аймақтағы шиеленісті шешу үшін барлық тараптармен байланыс орнаттық. Біздің мақсатымыз – Газадағы  дағдарысты тоқтату және тұрақты бейбіт өмірге жол ашу. Түркия бейбітшілік орнату жолында өз үлесін қосуға, керек десеңіз құрбан болуға дайын. Сондықтан осы мәселеге қатысты дипломатиялық  байланыстарымыз бен күш-жігеріміз жалғаса береді.

Сондай-ақ Фидан халықаралық қауымдастықты Израильге қысым көрсетуге шақырды. Оның айтуынша, қақтығысты тоқтату режимі енгізілгеннен бері Израильдің шабуылынан Газада 250 палестиналық қаза тапты. Сондай-ақ Израиль гуманитарлық көмек жеткізу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамай отыр. Келісімге сәйкес, күн сайын 600 жүк көлігі мен 50 жанармай таситын көлік кіргізілуі тиіс, - дейді ол.

Хакан Фидан, Түркияның Сыртқы істер министрі:

- Тек атысты тоқтату жеткіліксіз. Біз Газаға нақты шешімдер мен тұрақты болашақ керек екенін түсінуіміз қажет. Қазір біз аса сындарлы кезеңге жеттік. Бүгінгі кездесуге қатысушы елдердің көзқарасы ортақ: біз Газа аймағында геноцидтің қайта жалғасуына жол бергіміз келмейді және атысты тоқтату режимін сақтау мен екі мемлекет арасында тұрақты бейбітшілік орнатуға бағытталған барлық қадамдарды толық қолдаймыз.

Кездесу соңында тараптар мұсылман елдерінің атынан арнайы жұмыс тобын құруға уағдаласты. Соған сәйкес Газа мәселесін БҰҰ және басқа халықаралық платформаларда үйлестіріп көтеру үшін ортақ дипломатиялық миссия құрылады.

Сөйтіп аймаққа гуманитарлық көмек ағыны артып, инфрақұрылымды қалпына келтіру жобасы жүзеге асырылады. Бірақ әскери-саяси келісімдер әзірге нақты бекітілген жоқ. Себебі Израиль тарапы бұл мәселе бойынша келісім бермеген.

Авторлары: Әсия Нұрлыбаева, Ж.Сүйіндіков

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 22:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары