Испания Аргентина: Әлем чемпионатының финалы тікелей эфирде көрсетіледі
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Фото: Depositphotos.com
Тікелей эфирді Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді. Студиялық бағдарлама 23:20-да, ал жабылу салтанаты мен финалдық матчтың трансляциясы 23:50-де басталады.
Испания бұл турнирде әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ. Плей-офф кезеңінде Австрияны (3:0), Португалияны (1:0), Бельгияны (2:1) және Францияны (2:0) жеңіп, финалға шықты.
Аргентина әлем чемпионатындағы 7 матчтың бәрінде жеңіске жетті. Команда Кабо-Вердені қосымша уақытта 3:2 есебімен ұтса, Египетке қарсы ойында 0:2 есебінен кейін камбэк жасап, 3:2 есебімен жеңді. Кейін Швейцарияны 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Футболдан әлем чемпионатының финалы: Трамп қатысады, Аргентина президенті ырымға сеніп үйінде қалады
Финалда турнирдің ең нәтижелі шабуылы мен ең сенімді қорғанысы кездеседі. Аргентина жеті матчта 19 гол соқса, Испания небәрі бір ғана гол жіберген. Испанияның жеңіліссіз сериясы 37 матчқа жетті.
Аргентина жеңіске жетсе, 1962 жылдан бері әлем чемпионатының титулын қорғаған алғашқы құрама болады. Бұған дейін мұндай жетістікке Бразилия 1958 және 1962 жылдары жеткен. Сонымен қатар аргентиналықтар әлем чемпионы атағын төртінші рет иеленеді.
Испания болса, 16 жылдан кейін алғаш рет финалға шықты. Команда бұған дейінгі жалғыз әлем чемпиондығын 2010 жылы жеңіп алған. Егер финалда жеңсе, испандар тарихындағы екінші әлем кубогын иеленеді.
Футболдан әлем чемпионатының жеңімпаздарына қанша сыйақы беріледі?
Әлем чемпионаттары тарихында Испания мен Аргентина бір-ақ рет кездескен. 1966 жылы топтық кезеңде Аргентина 2:1 есебімен жеңіске жеткен.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Шілде 2026 17:39 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















