Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Карта неге бұғатталады?

Карта неге бұғатталады?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Карта не шот жабылып қалса, бұл «ақшаңыздан айырылдыңыз» деген сөз емес. Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінен (ҚНДРА) «Мұндайда не істеуге болады?» деп сұраған едік.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Дүкенде ақша аудармақ едіңіз, төлем өтпей қалды, картаңыз жұмыс істемей тұр. Мұндай жағдай көп адамның басынан өтеді. Осындай сәтте «банк неге бұғаттады?» деген сұрақ туындайды. Агенттіктің айтуынша, әдетте банк картасы немесе шоты бірнеше себепке байланыс­ты бұғатталады. Ең жиі кездесетіні – кредит немесе басқа міндеттемелер бойынша мерзімі өткен қарыздар, сот шешімдері, ірі немесе тым жиі ақша аударымдары, әсіресе шетелден келетін қаражат. Сонымен қатар ПИН-кодты бірнеше рет қате енгізу, картаның жарамдылық мерзімінің өтуі немесе банктің техникалық ақаулары да бұғаттауға себеп болуы мүмкін.

«Маңызды бір нәрсені түсіну керек, бұғаттау көбіне қауіпсіздік мақсатында жасалады. Яғни банк сізді жазалауға емес, қаражатты қорғау немесе мемлекеттік органдардың талаптарын орындауға қатысты әрекет етеді. Сондықтан ең бас­тысы – бұғаттаудың себебін анықтап, шектеуді қалай алуға болатынын білу», деп түсіндіреді ҚНДРА Әлеуметтік жобалар және қаржылық инклюзияны дамыту басқармасының басшысы Бэлла Чиканова.

Кей жағдайда бұғаттау мемлекеттің талабымен қойылады. Мысалы, сот шешімі шықса, сот орындаушысы қаулы жолдаса немесе алимент, салық, айыппұл бойынша берешек болса, банк мұндай талаптарды орындауға міндетті.

«Бұл жерде банк өз бетінше шешім қабылдамайды, ол ресми талапты орындайды. Сол себепті сіз ешқандай күмәнді әрекет жасамаған болсаңыз да картаңыз бұғатталуы мүмкін», дейді маман.

«Мұндай бұғаттау қашан алынады» деген сауалымызға Агенттік «міндеттеме орындалғанға дейін» деп жауап қатты. Яғни қарыз өтелсе немесе бұғаттау тура­лы шешім ресми түрде жойылса ғана шот қайта ашылады. Мысалы, сот орындаушысының ісі болса, берешек толық жабылған соң. Салыққа қатысты болса, төлем жасалып, Мемлекеттік кірістер комитеті растағаннан кейін.

Айтқандай, кейбіреу «жалақы картасын бұғаттай алмайды» деп ойлайды. Бұл – қате түсінік. Жалақы картасы да – кәдімгі банк картасы. Егер заңды негіз болса, ол да бұғатталады. Жалақының түсуі картаны автоматты түрде қорғамайды. Мемлекеттік органдардың талабы немесе банктің ішкі қауіпсіздік шаралары болса, операциялар уақытша тоқтатылуы мүмкін.

«Сонымен бірге бұғаттауға болмайтын, қорғалған шоттар бар екенін білу маңызды. Оған мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлем­­­дер­ге, алиментке арналған шоттар, мүгедектік бойынша төлемдер, бала тууға байланысты жәрдемақылар, білім беру жинақтау шоттары мен тұрғын үй жинақ шоттары жатады. Бұл шоттардағы қаражатқа тыйым салынбайды», дейді Б.Чиканова.

Бұғаттаудың жиі кездесетін себептері де бар. Мысалы, банк тарапынан алаяқтыққа күдік туғанда картаны уақытша жабуы мүмкін. Әдеттен тыс ірі сомалар, қысқа уақытта көп ауда­рым, әсіресе шетелдік операциялар, мұның бәрі қауіпсіздік жүйесін іске қосады. Бұл клиентті де, банкті де қорғау мақсатында жасалады. Кейінгі кезде «дропперлік» схемаларға ерекше назар аударылып отыр. Басқа біреудің ақшасын өз картаңыз арқылы өткізу, картаны үшінші тұлғаларға беру – қауіпті. Мұндай күдік туындаса, банк барлық шотты бірден бұғаттай алады. Бұл жерде қылмыстық жауапкершілікке дейін баруы мүмкін.

Тағы бір қарапайым, бірақ жиі болатын себеп – ПИН-кодты бірнеше рет қате енгізу. Кей банктерде 3 рет қате терсеңіз, карта автоматты түрде бұғатталады. Кейде банкомат картаны ұстап қалады. Мұндайда банк бөлімшесіне барып, жеке басыңызды растау керек немесе картаны қайта шығартасыз. Кейде ешқандай қарыз да, күдік те болмайды. Бұғаттау техникалық себептерге байланысты қойылуы мүмкін. Мысалы, жүйе жаңартылып жатыр, деректер сәйкес келмейді немесе жеке куәліктің мерзімі өтіп кеткен. Бұл – уақытша мәселе, банкке жүгінсеңіз, оңай шешіледі.

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 07:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары