Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Картаны кассаға айналдырғандар мобильді аударымдарды бақылауға себеп болып отыр

Картаны кассаға айналдырғандар мобильді аударымдарды бақылауға себеп болып отыр

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Коллажды жасаған – Гүлмария ӘШІМХАНҚЫЗЫ ,«EQ»

Кейінгі жылдары қаржы айналымы көз алдымызда өзгерді. Бұрын әмияннан ақша шығарып есеп айырыссақ, қазір көбіне телефондағы батырманы басумен шектелеміз. Дүкендегі азық-түлік те, такси ақысы да, интернет-дүкеннен алынған тауар да, коммуналдық төлем де банк қосымшасы арқылы өтеді. Жоғарыда Ұлттық банктің дерегі келтірген көрсет­кіш­тер халықтың ақшасы жаппай цифр­лық кеңістікке көшкенін аңғартады. Сон­дық­тан мемлекет те назарын қолма-қол ақшаға емес, электрондық төлемдерге аудар­уға мәжбүр болды. Өйткені бүгінде шағын саудадан бастап, қызмет көрсету сала­сына дейінгі қаржы айналымының елеулі бөлігі мобильді аударымдар арқылы жүреді.

Ал жоғарыда айтқан мәсе­ле­нің қызу талқылануына себеп болған жайт – алғашқы ескерту хабарламаларының тарай бас­тауы. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың мәліметінше, Мемлекеттік кірістер комитеті банктерден келген мәліметтерді өңдеп, салыстыру жұмысын жүргізген. Соның нәтижесінде күмән туғызған операциялар анықталып, азаматтарға хабарламалар жіберіле бастады. Алғашқы кезеңде мұндай хабар­ламалар жеке тұлғалар мен резидент емес азаматтарға жолданса, кәсіпкерлерге «Салық төлеушінің кабинеті» ақпарат­тық жүйесімен жіберіліп жатыр.

Алайда осы тұста қоғамдағы қағыс есту мен шалыс ойлау бас­талды. Көпшілік хабарлама келсе, ертеңіне айыппұл салынады деп үрейлене түсті.

«Бұл бірден айыппұл салынды деген сөз емес. Егер азамат өз шотына түскен қаражаттың та­уар немесе қызмет үшін алынған табыс екенін мойындаса, онда салық есебін тапсырып, тиісті төлемдерді төлей алады немесе ресми түрде кәсіпкер ретінде тіркеледі. Ал егер келіспесе, ақша аударымының себебін түсіндіріп, оның кәсіпкерлік қыз­метке қатысы жоқ екенін дәлел­деуге құқылы. Ал күн­де­лікті тұрмыстық шығын­дар, мысалы, тамаққа төлеу, біреуге ақша аудару сияқты қарапайым опера­циялар бұл бақылауға кір­мейді», деді Қаржы вице-министрі Е.Біржанов.

Мобильді аударымдарға қатыс­­ты ең көп тараған мифтің бірі – салық органдары азамат­тар­дың барлық шотын көріп отыр деген әңгіме. Мем­лекет­тік кірістер коми­те­тінің Өнді­ріс­тік емес төлемдер мен жеке тұлғаларды әкімші­лен­діру департаментіне қарасты Жеке тұлғалардың кірістерін әкімші­лендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова бұл түсініктің шындыққа жанас­пайтынын айтады. Оның сөзінше, мобильді аударым­дар­ды бақылау барысында аза­мат­тардың банк шоттарын­да­ғы ақша қозғалысы көрінбейді. Ақпарат заңда белгіленген талаптар орындалған жағдайда ғана беріледі.

«Депозитке 100 млн теңге салынса, бұл салық органдарында күдік туғыза ма? Жоқ, туғызбайды. Біріншіден, біз азаматтардың депозиттік және банктік шоттарына қол жеткізе алмаймыз. Қазір салық органдары кез келген адамның шотын көре алады деген жалған ақпарат көп таралып жүр. Бізде мұндай мүм­кіндік жоқ. Тек ресми салық­тық тексеру тағайындалған кезде ғана ақша қозғалысы туралы мәлімет ала аламыз. Ал мобильді аударымдарды мони­торингілеу барысында азамат­тардың шоттарындағы қаражат қозғалысын көрмейміз. Мобильді аударымдарды бақы­лау бірнеше кезеңнен тұрады. Бас­тапқы кезеңде азамат­тарға еш­қандай санкция қолданыл­май­ды. Бірінші кезең – салық төлеушіні ақпараттандыру. Азаматқа жіберілетін хабарла­ма­ның ақпараттық сипаты бар, оған жауап беру міндетті емес. Кейін негіз туындаған жағдайда камералдық бақылау жүргізіледі. Егер сәйкессіздік анық­талса, салық төлеушіге хабар­лама жолданып, оны орын­дауға 30 жұмыс күні уақыт бері­леді», дейді Д.Құсайынова.

Ең бастысы, барлық аударым бақылауға түспейді. Бұл жерде бірнеше талап қатар орындалуы керек. Азаматтың жеке шотына үш ай қатарынан ақша түсуі қажет. Қаражат кемінде жүз түрлі адамнан келуге тиіс. Үш айдағы түсім көлемі 12 ең төменгі жалақыдан, яғни қазіргі есеппен 1 млн 20 мың теңгеден асуға тиіс. Тек осы талаптардың бәрі бір мезгілде орындалған жағдайда ғана ақпарат мемлекеттік кірістер органдарына жолданады.

Анасының еміне ақша жинаған отбасы да, досынан қарызын қайтарып алған азамат та, әріптестерімен сый­лық­қа ақша жинаған ұжым да бұл бақылауға ілікпейді. Бір реттік ірі аударымдардың өзі автоматты түрде күдік тудырмайды. Бұл тұста салық сарап­шысы Жәнібек Тұрағұлов қоғам­дағы тағы бір жаңсақ пікірге тоқталды.

«Көпшілік ірі сомадағы отбасылық аударымдар автоматты түрде салық органдарының назарын аударады деп ойлайды. Алайда бақылау өлшемі мүлде басқа. Егер ақша бір ғана адамнан түссе, оның көлемі қанша болса да, тіпті күн сайын аударылса да, бұл кәсіп­керлік қызмет ретінде қарас­ты­рылмайды. Мемлекеттік кіріс­тер комитеті бұл мәселені нақты түсіндірді. Мысалы, күйеуі ай сайын бүкіл табысын жұбайы­ның шотына аударады делік. Сома 1 млн 20 мың теңгеден де, тіпті 10 млн теңгеден де асып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда жұбайы бақы­лау өлшеміне ілік­пейді. Өйткені мұнда негізгі мәселе ақша көле­мінде емес, оның қанша адамнан түскенінде. Салық органдарының назарына қатарынан үш ай бойы 100 және одан да көп әртүрлі адамнан қаражат түсіп, оның жалпы көлемі 1 млн 20 мың теңгеден асқан жағдай ғана ілігуі мүмкін. Дәл осындай бел­гілердің жиынтығы тіркел­меген кәсіпкерлік қызметтің ықтимал белгісі ретінде қарас­ты­­ры­ла­ды. Сондықтан азаматтар қарапайым отбасылық аударым­дарды кәсіпкерлік табыспен шатастырмауы, бұл мәселеде Мемлекеттік кіріс­тер комитетінің ресми түсіндірмелеріне сүйенуі қажет», деді Ж.Тұрағұлов.

Сарапшы сөзінің астарында маңызды мәселе бар. Мемлекет қарапайым отбасы­лық аударымдарды емес, жеке картаны кассаға айналдырып алғандарды қарастырады. Кейінгі жыл­дары көптеген шағын кә­сіпкер төлем қабылдауда тер­ми­налдың орнына жеке кар­та­сын пайдаланды. Бұл оңай әрі ыңғайлы тәсіл еді. Алайда мұндай тәжірибе табыс­ты жасы­руға мүмкіндік берді. Соның салдарынан салық төлеп отырған кәсіпкер мен бейресми жұмыс іс­тейтін адамның арасында әділет­сіз жағдай қалыптасты.

Сол себепті бүгінгі бақылау жүйесінің негізгі нысанасы – туысына ақша жіберген азамат емес, бизнес жүргізіп отырып кәсіпкер ретінде тіркелмеген тұлға. Заң да осыны көздейді. Қазір тіркелмей кәсіпкерлік қызмет­пен айналысқан адамға 64 875 теңге айыппұл қарасты­рыл­ған. Бір жыл ішінде қайталанса, бұл сома 129 750 теңгеге дейін өседі.

Мобильді аударымдарға қа­тысты бақылаудың күшеюі тек салықтық әкімшілендіруге ғана байланысты емес. Бұл өзгеріс­тер­дің артында төлем мәде­ние­тін өзгертуге бағыт­тал­ған үлкен үрдіс жатыр. Дегенмен көпшілік біле бермейтін бір жайт бар. Сатып алушыға QR-кодпен төлеу де, картамен есеп айырысу да тегін көрінеді. Алайда мұндай операциялардың барлығы бел­гілі бір шығынды талап етеді. Ұлттық банктің мәліметінше, қолма-қол ақшасыз төлем қа­был­дайтын кәсіпкерлер эквайринг қызметі үшін банкке ко­мис­сия төлейді. Бұған қоса төлем жүйелерін сүйемелдеуге, операцияларды өңдеуге кететін шығындар тағы бар. Яғни сатып алушы байқамаса да, цифрлық төлем инфрақұрылымы өздігі­нен жұмыс істемейді.

Әсіресе бұл мәселе шағын биз­неске көбірек әсер етеді. Ірі сауда желілері комиссиялық шығын­дарды жалпы айналым есебі­нен өтей алады. Ал шағын дүкен, шаштараз, дәмхана немесе жеткізу қызметімен айналы­са­тын кәсіпкерге әрбір пайыз­дың маңызы бар. Кейбір кәсіпкер­лердің сатып алушыдан «картаға аудара салыңыз» деп сұрауының бір себебі де осы. Жеке карта арқы­лы қабылданған төлем ресми сауда операциясы ретінде тіркел­мейді. Соның салдарынан мем­ле­кет табыс көле­мін көрмейді, ал кәсіп­керлік қызмет көлеңкелі аймақ­та қалып қояды. Мобильді аударым­­дар­ды бақылау жүйесінің енгізілуі де осы мәселені реттеуге бағыт­талған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Маусым 2026 09:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары