Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кешенді реформалардың дәйектілігі зерделенді

Кешенді реформалардың дәйектілігі зерделенді

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда қаланың сарапшылар қауымдастығының және ғылыми зерттеу институттарының өкілдерімен кездесті. Онда Мемлекет басшысының елді жаңғыртуға арналған күн тәртібі мен экономикалық, саяси және әлеуметтік саладағы бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ сенаторлар Абай ұлттық мектебінің құрылысымен және жабдықтау жұмыстарымен танысты. Сапар аясында өткен кездесулерде елімізде бочча параспортын дамыту келешегіне баса мән берілді.

М.Әшімбаев сарапшылармен кездесуде елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен ауқымды жаңғырту бағдарламасы іске асырылып жатқанын атап өтті. Палата спикері Президент жүктеген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік құрылымдар мен сараптау және талдау қауымдастығының күш-жігерін біріктіру қажет екенін де тілге тиек етті. Мұндай қадам Қазақстанның сапалы экономикалық өсуіне және Парла­мент қызметін жетілдіруге тың серпін береді.

«Елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларды қамтитын елеулі өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бір палаталы Парламентке көшу мәселесін қоғам мен сарапшылар талқылауына шы­ғарды. Сондай-ақ қазіргі таңда ке­шенді экономикалық реформалар да іске асырылуда. Соның аясында Салық және Бюджет кодекстері қабылданды. Сессия барысында Парламент Құрылыс және Цифрлық кодекстерді, сондай-ақ Банктер мен банк қызметі туралы заң­ды қарайды. Осы ретте қабылдайтын шешімдерді сарапшылармен бірлесіп, сапалы талдаулар арқылы пысықтаудың маңызы зор», деді Сенат төрағасы.

Сонымен қатар М.Әшімбаев сарап­шылардың бағалауы мен жүйелі талдау­сыз сапалы заңнамалық шешімдерге қол жеткізу мүмкін емес екенін айтты. Бұл ретте Taldau қауымдастығы, яғни – Сенат жанындағы сарапшылар клубының мүшелері мен Талдау мектебінің түлек­тері және сараптамалық-талдау саласын­дағы кадрлық әлеуетті нығайтуға арналған басқа да жобалар маңызды рөл атқаратыны анық.

«Реформаларды сәтті іске асыру жолында сарапшылар қауымдастығының рөлі айрықша мәнге ие. Осыған байланысты Сенат бірнеше жылдан бері кәсіби алаңдар қалыптастырып, бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Сарапшылар клубы, Талдау мектебі, Taldau Forum, Taldau Talks подкасы сияқты жобалар сарапшылар қауымдастығын нығайтуды көздейді. Бұл бағыттағы жұмысты әрі қарай да жалғастыра береміз. Соның аясында Taldau Lab, өңірлердегі Талдау мектептері сияқты бастамалар арқылы жаңа форматтар мен алаңдар құруды жоспарлап отырмыз», деді М.Әшімбаев.

Кездесуде Парламент пен анали­ти­калық қауымдастықтың ынтымақ­тастығын нығайту мәселелері де жан-жақты талқыланды. Соның барысында заңнамалық қызметті сараптамалық тұрғыдан қамтамасыз етуді жетілдіру және институттар мен басқа да бастамаларды түрлі бағыттар бойынша нығайту жұмыстарына баса мән берілді. Іс-шарада Taldau Lab талдамалық зертханасын құруға және Taldau Regions өңірлік бағытты дамытуға қатысты ұсыныстар да айтылды.

Сапар барысында Сенат төрағасы тұңғыш Абай ұлттық мектебінің құрылы­сымен және білім ордасын жабдықтау жұмыстарымен де танысты. Сондай-ақ ол Өңірлік бочча федерациясының ұжы­мымен кездесті. Онда елімізде аталған паралимпиадалық спорт түрін дамыту, соның ішінде инклюзия мәдениетін кино арқылы дәріптеу бағытындағы басымдықтар сөз болды. Бұған қоса Парламент депутаттары «Almaty Museum of Arts» заманауи өнер мұражайына арнайы барды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары