Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада екі пәтерде есірткінің бірнеше түрін сақтаған азамат ұсталды

Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел қаза тапты

Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

Оралда 96 жастағы тыл еңбеккері 9 мамырға арналған төлемді ала алмай, тіркеусіз қалды

Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

Қайрат пен Қайсар ҚПЛ 2026 матчында жеңімпазды анықтай алмады

Старобельск колледжіне жасалған шабуыл: қаза болғандар саны артты

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

Ақ үй маңында атыс болып, күдікті қаза тапты

Желідегі видео: Өлген аюдың суретіне қатысты аудан әкімдігі түсініктеме берді

Сақ болыңыз : полиция айыппұл туралы SMS келсе, не істеу керектігін түсіндірді

Жетісуда ауылға кіріп кеткен аюдың қонжығы іздестіріліп жатыр

Қытайлық астронавт жалғыз өзі ғарышта бір жыл болады

Келісім ұзартылды: Барыс хоккей клубы америкалық Райли Уолшқа қанша ақша төлейді

Самирхон Абабакиров таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Кешенді реформалардың маңызы түсіндірілді

Кешенді реформалардың маңызы түсіндірілді

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Өңір халқымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралаған сенаторлар ауыл-аймақ тұрғындарымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатын талқылады. Мемлекет басшысы атап өткен ел дамуының басым бағыттарын түсіндірді.

Фото: ҚР Парламентінің Сенаты

Сенатор Бибигүл Жексенбай Президент сұхбатында белгіленген көлік саясатының негізгі бағыт­тарын сарапшылармен бірге талқылады. Бұған қоса «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ ұжымымен кездесу кезінде металлургия және механикалық құрастыру өндірісі, вагондарға арналған бірқатар бөлшекті дәнекерлеу, дайындау мен монтаждаудың технологиялық үдерісімен, сондай-ақ өндірісті жаңғырту барысымен танысты. Ол кәсіпорын қызметкерлерінің елдің көліктік-логистика әлеуетін дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Ал депутат Нұрлан Бекенов Ақмола облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртудың маңызын тұрғындармен бірге талқылады. Сонымен қатар сенатор Қосшы қаласында қалалық жаңа емхана, жедел басқару орта­лығы, қоғамдық мәдени-спорт кешені құрылысының барысымен танысты. Қосшы қаласының әкімі, қалалық мәслихаттың төрағасы және жергілікті атқарушы орган­дар­дың өкілдерімен кездесті. Онда Мемлекет басшысының қаладағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру жөніндегі тапсырмасын, сондай-ақ Премьер-министрдің тазарту құрылыстары мен кварталішілік су бұру желілері кешеніне орталық жеткізуші коллектордың құры­лысын қаржыландыру жөніндегі тапсырмасын орындауға байланыс­ты мәселелерге тоқталды.

Сенат депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысы Мемлекет басшысының биылғы сұхбатында белгіленген стратегиялық бағытқа толық сәйкес келетінін, сондай-ақ еліміздің энергетикалық, комму­нал­дық инфрақұрылымын жаң­ғыр­туға ерекше назар аударылға­нын айтады. Қазір Ақтауда «Ақтау халықаралық теңіз портының» солтүстік шекарасы ауданында су жинау арнасы салынып жатыр. Бұл нысан өңірдің энергетикалық, коммуналдық инфрақұрылымын сумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған. Сенаторлар осы жобаның техникалық жай-күйі мен оны іске асыру кезеңдері­мен танысты. Сондай-ақ «МАЭК» ЖШС-де болып, технология, тариф мәселелерімен, ЖЭО-1 және ЖЭО-2-ге түсетін су көле­мін ұлғайту жөніндегі жұмыс­тар­дың барысымен танысты. Айта кетсек, аталған нысандарға республикалық бюджеттен қаржы қарастырылған.

Ләззат Рысбекова мен Арман Өтеғұлов Батыс Қазақстан облысы­ның Ақжайық ауданында болды. Сенаторлар жұртшылықпен кездесуде Президенттің экономикалық тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз ететін ауылдарды қалыптастыру, кооперацияны кеңейту мен ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруға басты назар аударып отырғанын айтты. Тұрғындар болса ауылда мәдениет үйін салу туралы ұсынысын жеткізді.

Сенатор Ернұр Әйткенов Павлодар облысына барған сапарында «Ауыл аманаты» бағдар­ла­масының іске асырылу барысы мен мал бордақылау алаңы­ның жұ­мысымен танысты. Фер­мер­­лер­мен кездескен депутат Мемле­кет басшысының ауыл шаруа­шы­лығын мемлекеттік қолдау­дың тиімділігін арттыру, мал шаруа­шы­лығын дамыту мен фермер қожа­лықтарының кооперациясын ауылды тұрақты дамытудың негізгі факторы ретінде ерекше атап өткенін айтты.

Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев жұмыс сапарымен Алматы облысының Еңбек­шіқазақ, Талғар аудандарында болды. Онда агроөнеркәсіп кеше­ні мен логистика саласындағы кәсіп­орындардың қызметімен таныс­ты. Облыс тұрғындарымен кездесуде Президенттің жуырдағы «Қазақстан жаңа жаңғыру кезеңі­не аяқ басты» сұхбатында белгі­лен­ген міндеттерін атап өтті. Олардың айтуынша, елімізде ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында ауқымды жұмыс­тар жүргізіліп жатыр, алайда елге келіп жатқан инвестицияның тиім­ділігін арттыру қажет.

Ал сенаторлар Нұрлан Бекна­заров пен Айгүл Қапбарова Прези­дент белгілеген «Заң және тәр­тіп» қағидаты туралы әңгімеле­ді. Шымкент қала­лық про­кура­турасын­да болды. Қадағалау ор­ганының басшылығымен кездесу барысында құқық бұзушылық­тың алдын алу, есірткі қыл­мысы мен ки­бер­қылмысқа қарсы іс-қи­мыл бо­йынша жүргізіліп жат­қан жұ­мыстар сөз болды. Қазір­гі кезде прокуратура жаны­нан кибералаяқтықтың алдын алу жөніндегі колл-орталық жұ­мыс істеп тұр, тұрмыстық зор­лық-зомбылық бойынша 150 жәбір­ленушіге көмек көрсетілген.

Депутат Әсем Рахметова СҚО, Явленка ауылында болып, «Nomads-AI» шығармашылық орталығының қызметімен танысты. Сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын аралады. Тұрғындармен кездесуде Президент сұхбатындағы цифрлық жаңғырудың басымдық­тарына тоқталды.

Сенаторлар Руслан Рүстемов пен Наурызбай Байқадамов Қызыл­ордада Президент белгілеген әлеу­меттік-инфрақұрылымдық сая­сат­тың басымдықтарын талқы­лады. Қызылорда тұрғындары ин­же­­­нерлік, әлеуметтік инфрақұ­ры­лым­­ды дамыту, тұрғын үй-ком­м­унал­дық шаруашылығы, сондай-ақ заң­ды сақтау, азамат­тардың құ­­қық­тарын қорғауға қатысты мәсе­­лелерд­і көтерді. Сенаторлар қол­­даныс­тағы заңнама шеңберінде әр­бір өті­нішке түсініктеме беріп, ұсы­­ныстар құзыретті мемлекеттік ор­ган­­дарға жолданатынына уәде берді.

Ал Жанна Асанова мен Сергей Ершов Алматыдағы жол қауіп­сіздігі мәселелерін талқылады. Алматы қалалық полиция департа­ментінде депутаттар көше-жол желі­сінің тығыздығы, жол қозғалы­сын ұйымдастырудың жекелеген проблемалық мәселелерінен хабардар болды. «Алматы сияқты ірі мегаполистегі жол қауіпсіздігі мәселелері атүсті шешімдерді емес, барлық мүдделі мекемелердің жүйелі және үйлесімді тәсілін талап етеді», деп атап өтті Ж.Асанова.

Шәкәрім Бұқтұғұтов Риддер қаласында әлеуметтік саланы дамыту мәселелерін тұрғындары­мен бірге талқылады. Президент белгілеген мемлекеттік саясаттың басым­дық­тары бойынша жүзеге асып жат­қан жобалар қамтылды. Депутат, әсіресе, медициналық қызмет­тер­дің қолжетімділігі мен сапасы мәсе­лелеріне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, өңір тұрғындары қажетті медициналық қызметтерге теңдей қол жеткізуі қажет.

Сенатор Бекболат Орынбеков Жамбыл облысының Жамбыл, Байзақ, Тұрар Рысқұлов, Меркі, Шу аудандарында болды. Депутат жаңа Бюджет және Салық кодекс­терінің негізгі ережелері туралы баяндады. Аталған заң Мем­лекет басшысының сұхбатында белгілеген мақсаттармен астасып жатқанын атап өтті сенатор. 

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған қаржыға Тайынша ауруханасы жаңартылды

Экономика • Бүгін, 15:20

Қазақстан мен Хорватия серіктестігі нығаяды

Саясат • Бүгін, 15:05

Мұстафа Шоқайдың бұрын жарияланбаған фотосуреттері табылды

Жәдігер • Бүгін, 14:45

Израилдің батыс жағалауында 4G іске қосылды

Саясат • Бүгін, 14:00

Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысты

Футбол • Бүгін, 13:35

Президент сұхбаты: мемлекет саясаты қалай өзгерді?

Саясат • Бүгін, 13:11

АҚШ Конгресі Венесуэлаға қатысты әрекеті үшін Трампты айыптады

Әлем • Бүгін, 12:40

Юто Кубо Қаршыға Дәуітбектің көзін шұқып алды

Спорт • Бүгін, 12:15

Диспансерлік есепте тұрған 1787 жүргізушінің көлік басқаруына шектеу қойылды

Қоғам • Бүгін, 12:03

Автожолдардағы бүгінгі ахуал қандай?

Оқиға • Бүгін, 11:37

Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр

Футбол • Бүгін, 11:26

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жаңа техника жұмысты жетілдіреді

Аймақтар • Бүгін, 10:50

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:71
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қаңтар 2026 16:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада екі пәтерде есірткінің бірнеше түрін сақтаған азамат ұсталды

23 Мамыр 2026 08:53see109

Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел қаза тапты

23 Мамыр 2026 11:00see109

Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр

23 Мамыр 2026 13:55see108

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

24 Мамыр 2026 16:44see106

Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады

23 Мамыр 2026 18:58see106

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

24 Мамыр 2026 18:45see105

Оралда 96 жастағы тыл еңбеккері 9 мамырға арналған төлемді ала алмай, тіркеусіз қалды

23 Мамыр 2026 12:20see105

Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

24 Мамыр 2026 11:25see103

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

24 Мамыр 2026 19:34see102

Қайрат пен Қайсар ҚПЛ 2026 матчында жеңімпазды анықтай алмады

23 Мамыр 2026 20:47see102

Старобельск колледжіне жасалған шабуыл: қаза болғандар саны артты

23 Мамыр 2026 16:37see101

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

24 Мамыр 2026 20:11see98

Ақ үй маңында атыс болып, күдікті қаза тапты

24 Мамыр 2026 09:43see98

Желідегі видео: Өлген аюдың суретіне қатысты аудан әкімдігі түсініктеме берді

24 Мамыр 2026 16:05see98

Сақ болыңыз : полиция айыппұл туралы SMS келсе, не істеу керектігін түсіндірді

24 Мамыр 2026 17:21see94

Жетісуда ауылға кіріп кеткен аюдың қонжығы іздестіріліп жатыр

24 Мамыр 2026 19:11see94

Қытайлық астронавт жалғыз өзі ғарышта бір жыл болады

24 Мамыр 2026 10:30see93

Келісім ұзартылды: Барыс хоккей клубы америкалық Райли Уолшқа қанша ақша төлейді

23 Мамыр 2026 11:26see93

Самирхон Абабакиров таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

23 Мамыр 2026 12:46see92

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

24 Мамыр 2026 16:40see92
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары